Нагасакиде уже көктем, бүгін жемпір киіп шыққанымды қайтейін пысынап өлдім, келесі апта уже сакура көруге бара беруге болатын шығар мына түрімен..
Бүгін соол барып квартираны көріп, сосын контрактқа қол қойдым. Келесі айдың 25 нен басталады келісімшарт, бірақ әйтеуір кілтті 24і күні алатын болдым. Себебі елдермен келіскенім сол болатын, маған көшірісуге көмектесетін адамдармен, оның үстіне 25 күні универ бітірушілерге дипломын официально тапсыратын күн. Бір жапон досым, сосын біздің профтың семинарынан бітіреді 2-3 студент. Баяғыда сөз беріп қойған едім, бітіру күніне барамын деп, ал бірақ ол жылда 25 наурыз екенін білмид екем, өзімше келісімшартқа 25 деп қойғам, қайта маклерлік компанияның адамдары 24 кілтті беретін болып келісті, сосын онымен қоса су мен электр жағы сол күнге қосатындай боп жасайтын болд, ал газ жағын өзім келісуім керек екен.. Вощым бүгін талай жұмыс бітті.
Онымен қоса офтальмологқа бардым, өткеннен бері әні-міні деп жүрген едім, кеше сол инеттен қарап тауып қойдым арнайы клиниканы. Себебі барам десем жанымызда универдің үлкен емханасы тұр, бірақ ондай емес арнайы офтальмологиялыққа барған дұрыс па деп ойладым..
Орналасуы жақсы екен клиниканың, дәл трамвай аялдамасының жанында, әйтпесе гуглдан іздеп жүргенің, қалай бұрылуым керек деп..
Клиниканың барлық қызметкерлері әйел адамдар екен бір қызығы.. Кешкі 5 те барған бір жарым сағат болдым.. По идее маған линзаға рецепт керек етін, сосын көзімнің түбін бір тексертейін деп ойладым..Алдында осында келерде Алматыдағы көз институнда бір тексерткенім бар еді.. Клиникада маған нені тексеру керек екенін әйтеуір түсіндірдім ау:))). Жапоншасын білмим сетчатканың, не ағылшыншасын да білмим.. «Алдында көзімнің түбін қарағанда біраз деформация бар, бірақ разрыв жоқ деп айтқан еді» деп едім, қарапайым жапоншамен, нені тексеруімді қалап отырғанымды ұғып қойды:))). Сосын көзілдірікке де рецепт деп, еще линзаға..
Мдааа Жапония дедім ғой:)))))))))))))
Құралдары дамыған енді,бәрі қатар- қатар тұр, біріне қарап көзім зрениесін өлшеді, тағы біріне қарап көздің давлениесін тексерді, тағы біріне қарап қарашықтың хммм чот бірдемкесін тексерді, даже забыла на что:))))))))))))) Мүның бәрі әрі кетсе 10-ақ минут уақыт алды.. Ну мұнысына енді аса таң қалмадым, как никак Japan ғой деп..
Содан көзілдірікке тексерейік деді, вот осы жерде реально таң қалдым:))))))))))))
Ана әріптер жазылған тақта бар ғой, жоғарыдан төменге кішірейіп кететін, сол тақта автоматты екен:))))).Дәрігер оны пультпен басқарады,қайсы деп, асты, үсті , оң жақ деген сайын әріптер кішірея береді. Ең соңында қызыл және жасыл дөңгелек шығады, ішіндегі қара жазулар бірдей көріне ма деп, дальтонизмді тексере ма чот түсінбедім онысын:)). Содан анау деп мынау деп, ой жоқ басым айналып кетеді деп.. Ананы киіп мынан тағып көріп бір кезде айтам, кажись уже басым ауырып қалды и айырмашылығын ұқпай қалдым деп:). Содан көздің мышцылары қатты напряженно боп тұр біраз босатайық деп, басқа бір аппаратқа отырғызды. Шығатын суреттерге қарап отыра тұрыңыз, егер басыңыз айналса айтасыз деп.. Содан кемелер мен пейзаждың суреттеріне қарап отырдым, бір жақындайды, бір алыстайды, біресе анық, біресе бұлыңғыр, сосын суреттер арасында өшеді, секунд сайын кажись, өшкен сайын ритммен көзімді жұмып отырдым. Шынымен көз демалып қалады екен..
Сосын көзілдірікке қайта тексеріп сосын линза киіп көріп, қай мейкерді қалайсыз деп, маған как то бәрібір, ақыры Acueve Moistты таңдап, бір күндік линзалар алатын болдым. Басты қатырып сол линзаны жуып, оны ыдысына салып жүргім жоқ, мейнтенанс жағы ол бір сосын гигиеналық жағынан алғанда бір киіп лақтырған дұрыс ғой. Сосын экономикалық жағынан маған сәл қымбат болса да бір киіп лақтыратын линзалар пайдалырақ себебі мен ол линзаны күнде тақпайм, аптасына бір екі ақ рет.. Сабаққа асыққанда врятле тағамын. Таңертең одан да он минут ұйқтаған артық деген адаммын ғой:)))).
Сетчатка тексерерде көзге дәрі құяды ғой, көз қарашығын үлкейтуге тегі мықты екен, бір ақ рет құйды онысы сол 15 мин әсер етті. Онымен қоса ұзақ сақталады екен эффектісі.. Тағы аппаратқа крест сияқты белгіден көзді алмай отыру керек екен, не тәсіл екен білмедім бірақ дамыған аппарат екен, ондай жасап көрмегем бұрын..
Сол ақыры бүгінгі қызметтеріне шамамен 30$ дай төледім, бұл қызмет ақысының 30%, ал 70%-ы сақтандыру арқылы жабылады..Келгелі Құдай сақтап дәрігерге бармаппын, содан 6 босқа сақтандыруға төледім бе деп, барып тексертейін дегенім пысықтығым ұстап:).
Оқып отырып, есіме түсіп кетті. Малай дүкенін аралап жүріп, көзәйнек алғанда сондай бір тексерістен өтіп, аузым ашылып қалған. 🙂
«Ана әріптер жазылған тақта бар ғой, жоғарыдан төменге кішірейіп кететін, сол тақта автоматты екен:))))).Дәрігер оны пультпен басқарады,»
Өй, ондайлар ҚЗда да бар ғой. Мысалы, Павлодардағы менің үнемі барып тұратын клиникамда да сол аппарат тұр. Кутузов-Толстой көшелерінің қиылысындағы оптикада да сол аппарат. Кароче, көп.
Сосын біресе анық, біресе бұлыңғыр болып тұратын кемелер мен пейзаждарды көрсететін аппарат та таныс. Контакт линзаларын алатын кезде, әдетте, сол аппаратқа отырғызады.
оо супер Павлодарда пайда болса:)
ал ана екінші аппарат контакт линзаға тексеретін аппараттан бөлек нәрсе..
вощым көзімнің қай жері қандай, бұдан былай не нәрсеге көңіл бөлу керек, таза картинасын алдым..
и линза тож бір ұнағаны көзді құрғатпайды екен, Jhonson2 дыкі ойлап отырмын Bauch&Laumbтың медалистын да көрсем ба деп екеуін кезек тағып қайсы дұрыс екенін сынау үшін..
страховка қалғанын қалай төлегені? соны түсінбей қалдым
хмм мысалға көзді тексеру қызметі 100$ түрады дейік, сақтандыру полисі бар адам соның 30% төлейді, ал қалғанын сақтандыру компаниясы жабады.. ну бұл менікі мемлекеттік сақтандыру компаниясынан
әртүрлі сақтандыру компанияларының әртүрлі программалары бар, мысалға рак ауруымен ауырып немесе әртүрлі деңгейдегі операцияларға қатысты жағдайда толық жабу деген сияқты..
аа түсінікті, рахмет
kvartira turaly, jakynda Japanda jylu juyesi jok degendi estip auzym ashylyp kaldy. Googledetip te karadym. Birak senimdi source sen goi :), surap jatkanym, ras pa sol? onda kalai uilerin kysta jylytady?
иә орталық жылу жүйесі жоқ Жапонияда:). Әр үй индвидуально, жаңа үйлерде полда жылыту жүйесі бар, ал былайша жылытқыш қояды қыста немесе кондиционермен шығады, мысалға мен кондицонермен шықтым қыстан:))).
Қайтарма үнқосу: Architectural studio Japan « 6 градус әлемді өзгертеді