Archive for Қыркүйек 2013

Хандзава Наоки-жапон дорамасы   Leave a comment

Хандзава Наоки деген дорама қазір Жапонияда өлгеен хит болып жатыр екен. аж 35% ке жеткен рейтингі. Сұмдық популярити оЧым!

Барлық жас арасында таралған. Сосын ер адамдар көп көреді екен.
няшный дорама емес, басты кейіпкер сол Хандзава, банкир, несие бөлімінің бастығы туралы дорама. Банктағы заңсыз операциялар және тб. ер адамның өмірі, ер адамдар достығы туралы.
Кейіпкерлері керемет енді, әсіресе негатифф кейіпкерлері дейді көргендер! Актерлердің ойыны керемет!
Дорамадағы фразалар халық арасында таралып кеткен. Кек алуға қатысты сөздері:) негізі ондай керім сөздер емес сияқты. Менше пыросто актер айтқаны, эмоциясына байланысты сияқты. Мықты актер.
Осы дораманың популяритисінен, тіпті осы дорама атынан шыққан тәттілерге өлген кезекке тұрған адамдар.
Сұмдық тренд дорама. Жалко ертең соңғы эпизод екен, неттен қарайм кейін. оЧым қыз, жігіт деп бөлінбей қарасаңдар болады:)

20130922-001752.jpg

Advertisements

Сеулге саяхаттарым   4 comments

1237024_10152226989229988_542634770_n

Осы жолы Алматыға қайтып келе жатып, Сеулге соқтым. Осымен екінші рет. Алдында көктемде барғанмын. Шыны керек 10 жыл әрі-бері жүріп, неге бір де бір рет Кореяға бармағанмын деп ойлаймын?  Білмим не болса да тормоз боппын, талай нәрседен құр қалғандай сезімдемін:)))) Бұрындары арнайы бармақ болғанмын,  Фукуокадан катермен Пусанға барып қайту 200 доллар ғана болды, бірақ та арнайы виза жасату керек ондайда, сол үшін басымды қатырғым келмеген, ҚЗда болсаң виза алу үшін міндетті түрде шақырту керек бір білсем, ал Жапонияда жүрсең онда виза алу оңай,  30 доллардай төлеп ала бересің. Егер де тұрақты жапон визасы болған жағдайда деп түсіндім өз басым.

Мен енді ондай виза-мизаға басымды қатырып жүргенім жоқ, тек ҚЗға барар жолда соғып кететін болған соң, транзит болып есептелетіндіктен , визасыз кіріп жүрмін. Мыс: Read the rest of this entry »

Posted Қыркүйек 10, 2013 by 6gradus in әншейін суреттер

Вампир-прокурор   8 comments

Осы жылы қаптатып кәріс дорамасын қарадым дедім ғой. Соның ішіндегі бір ерекшесі Вампир прокурор.

vampire1

Мен кәріс дорамасын көрместен бұрын сүйенетін драмабинсым тағы да керемет рецензия жазған екен осы дорама туралы.

«Ақылды, әрі секси , экшн криминал дорама, паронормальды дегеннен гөрі заң, процессуалды қайшылықтарды, қылмыстарды қозғаған дорама десе болады. ИИИИИИИ қалай ғана Вампир мырзаны тартымды деп айтпайсың!! Бірқалыпты заңға қатысты процесстермен  қатар тылсым күштермен ұштасқан жері, сізді сәл-сәл, тағы да, тағы да, енді не болады деген ойда қалдырады».

Хехе шынымен, бар ғой басты кейіпкер сондай тартымды шыққан.  Асып, тасыған эмоциясы жоқ,  бірақ  вампир кейпіне енген кезі енді супер!!   оЧымЭдвардқа ғашық болған қыздарды түсінгендеймін:))))))))) хехе екі персонаж  дым ұқсамайт пыросто вампир болғасын паралель жүргізіп отырмын.

vampire5

Арнайы топтың мүшелері де күЧт. Әрқайсы өзінше приколдары бар:)) Негізі  әзілге тола дорама десе болады. Әзіл дегеннен гөрі сарказмге көп келеді:)

Жалпы оқиға желісін айтар болсам,Прокурор Тае кәнігі  әділ, ақылды, мықты прокурор етін, бірақ бір күні қылмыскерді қуамын деп, автоаварияға түсіп, ақырында бір вампир тістеп алғасын, вампирге айналып кетеді. Ең басында бұл жері түсініксіз әрине, қайдан қалай пайда болған вампир екені.  Прокурор бұдан былайғы өмірінде өзінің вампирге айналу себебін іздей бастайды. Неге мен? Сосын тағы бір қызығы, келе-келе түсініксіз қылмыстар көбейіп жатқасын, өзінің жалғыз вампир емес екенін түсінеді. Read the rest of this entry »

Ой осы Токиода мені кім таниды дисің:))) (с)   1 comment

Осы жазбаны басында статус қып жаздым ФБқа, сосын онда қимай қап осында жазып, толықтырдым:)))
Өткенде көшерде заттарды апарып тастап, тұрған үйге қайтып келем деп жиналып жатырмын ғой. Себебі ҚЗға осыған дейін тұрған үйден кеттім,тек затарымды тасып тастадым жол жүрерден екі күн бұрын. Сонда ғой, үстімде сол үй киіммен жүргем, заттарды жинап быт-шыт бизи боп жүрген адаммын ғой, заттарды апаруға қазақ тілінен сабақ алған бір студентім мини жүк машинамен келді, бірақ енді қайтарда электричкамен қайтатын болған соң үй киімін ауыстыру шығу керек бірақ мен тек үстімдегі көйлекті ғана ауыстырдым да, бұтымда сол жеңіл капри, не деп айтад очым үйде жүрген нәрсемен кете бердім ауыстыруға ерініп:))) Еще қасымда қыздарға айтып қоям, ой осы Токиода мені кім танид деп ахаххаха. Алматыда енді нанға да ана түрмен шықпас педім кім білсін:)))) жо енді, жақындағы дүкенге баруға боянатын адам емеспін, бірақ сонда да, ОЙ ОСЫ ТОКИОДА КІМ ҚАРАП ЖАТЫР ДЕЙСІҢ деп кете барғаным:))))
Дәл осы туралы әлеуметтану сабағында оқығанмын, Dark side of Social Capital, былай ғой мысалы біздің елде, туыстық, достық қатынас бекім, көршілермен татумыз дегендей. Ну енді квартирантқа тола үй болмаса, былайынша тіпті Алматыда көршілерімізді танимыз. Очым ондайды әлеуметтік капитал деп қарастырады,яғни адамдардың қарым қатынасын капитал дейміз, ол да бір байлық қой. Бірақ оның да қараңғы тұстары бар, неге? Себебібірдеме істегенде, ой анау не дейді, ойбай жұрт не дейді деп ойлайтын жағдай көп біздің қоғамда, яғни адам кейде өзі жасағысы келмесе де барлығы жасайтын дәстүрді жасау керек, мысалға айтсақ тойға көп ақша шашып жатамыз:)))) Ал менің қылығым соның бір көрінісі ғой, Алматыда болсам, кім біледі кімді кездестіріп қалатынымды, «ойбуу Токиодан келген түрі осы ма»- деп айтпас үшін, енді керім сыланбасам да, бірақ та кәнігісінше киініп шығу керек боп жатады, тіпті үйдегілердің өзі, осы сенің сары шалбарың деп жатады:)) Қыстың аяғында сары шалбар киіп барсам, апайым апарып тастаған, жаз шығардың деп.. Тиым көп бізде оЧым:) Ал мында енді ондай тыйым жоқ, қалай боянам, не кием:) бірақ та есесіне ешкімнің сенде шаруасы да жоқ, жақындық та жоқ:) енді ауылдық жерлерінде бұларда да біздей ғой, бірақ мен аулында тұрып көрмедім:)

Innocent man немесе Nice guy   5 comments

Дәл кеше көріп біткен дорама, бірден рецензия жаза қояйыншы деп, әйтпесе кейін әсері жоғалып кететіні бар. Жақсы әсер қалдырды сериал.
vlcsnap-2013-08-14-00h30m09s255
Жалпы алғанда сериал атмосферасы ауырлау, ну қалай бір жүк тұрғандай әсермен көресің, шығармашылық топтың ойлағандары іске асқан, тек әрине басынан өзі адам өлімінен, точнее өлтіруден басталған соң, қайдан мейірбан, арайлы дорама болсын:)
Кәріс дорамаларына қатысты менің сүйікті рецензентім дәл айтқан.»Кейіпкерлері джынды болғанда экстермалды джындылар, бірақ та бекем мінезді және өте өте мега тартымды. Ішкі әлемдері қараңғылығылымен қатар, өте терең ойлы, толғандырғыш, біресе мұз, біресе от болған кейіпкерлі дорама. Негізі қатты көп күтпей, жәй ғана дораманың темпіне еріп қарағандарыңыз дұрыс» деп рецензия жазған екен. Ох қалай осы елдер 5-6 сөйлемммен дораманың атмосферасын да, кейіпкерлерін де орны-орнымен рецензілеп тастайд аа???:!))) мықты сыйлайм осы рецензентті!
Дорама желісі енді былай жанр классикасы десе болады, махаббат, сену, алдану, өкіну, одан асқан соң кек алу. Оқиға бойынша Мару (жігіт) сүйіктісін қорғаймын деп, ол қыздың қылмысын мойнына алады, түрмеден шықса ол сүйіктісі өз-өмірі өзінде, шаттық думан дерсің, мұны ойлап, күткен адам жоқ оЧым. Ол аз болғандай, одан әрі жала жаппақ болғанда бұл жігіт экс-сүйіктісінен кек алу үшін, оның өгей қызымен жақындасуды ойластырады. Ауыр оқиғадан басталғанымен, ішінде кәріс дорамаларына сай кейбір клишелерден ада болмаса да, әсерлі дорама болып шыққан.

Мен ылғи прикол ұстайтын Read the rest of this entry »

Posted Қыркүйек 5, 2013 by 6gradus in Дорамалар

Tagged with , , ,