Archive for Наурыз 2010

Түркменстан туралы Жапонияда   4 comments

Ой бүгін бір бағдарлама қарадым, Жапонияның саясатын түсінгісі келетін адам қарасын деген бағдарлама:)) болды

Вообщем қазіргі премьерден бастап тарихтағы әртүрлі премьерлерің жүргізген саясаты, реформалары, қазіргі Жаопнияға қалай әсер етті..

неше түрлі саяси скандалдар туралы, сосын қандай мәселемен айналысты? или не себептен кетті? арасында әйелмен скандалы үшін кеткен премьер де болған екен:). Өткен апта ғой бір шал депутат бүкіл жаңалықтарда жүрген, көшеде әйелмен сүйісіп тұрғанын папараццилер түсіріп алған ба бірдемке:))) ой андағы мен емес, и вааще никогда үйтіп көшеде әйелмен сүйіскен емеспін, біздің кездің адамдары ондай қылық көрсетпейді ғой деп оправдываться еткен депутат:). андағы бәрі фотошоп деп:))) хаха айдалаға кетіп қалдым

Мысалға қазіргі премьер Хатояма Юкионы теледидардан күні бойы жамандай береді. Воот премьер  шешесінен ақша алды, ал Одзава ана ақшаны қайдан алды (Демократиялық партияның басшысы дей ма қазақша аудармасын), вообщем демократиялық партия біткен партия деп күні бойы. Read the rest of this entry »

Advertisements

Posted Наурыз 31, 2010 by 6gradus in Жаңалықтар

Tagged with ,

Қытай туралы Жапонияда   5 comments

Әрине Қытайдың экономикалық дамуы туралы айтпасақ та бәріне белгілі. Әлемдегі екінші экономикаға айналған қытай енді бір 7-8 жылда біріншіге шығуды мақсат етуде.. Соңғы кезде жапон теледидарында осы экономика дамуынан қытайлық қоғамдағық өзгерістерге көп көңіл бөлуде. Ең басты себебі менше жапондық қоғамның, әсіресе бизнесмендердің назарын аударуға тырысуда..

Мысалға жылдан жылға Жапонияға саяхат етушіқ қытайлардың саны артуда, және тек қана артып қоймай, сапасы деген сөз дұрыс болмас, бірақ келетін қытайлықтар анау-мынау адамдар емес. Жалпы біздің қоғамда да солай ғой, Қытайдың имиджі арзан ел, арзан арзан және тағы да арзан:))), содан да болар Жапонияға келіп ақшаны шашқан қытайлықтарды көру жапондар үшін жаңалық болып жатыр.

Мысалға қазір Қытайдан Жапонияға келер турлар ішінде міндетті түрде шоппинг бар, оның ішінде жапондық техника сатып алады екен, ерекше сұранысқа ие күріш пысырғыш, бағасы да орташа 100$ емес, мысалға 300-400$ тұратын қымбат күріш пысырғышты алады екен қытайлар, өткенде бір журналисттің жүргізген интервьюсында бір автобус боп қытайлар келді, сондағылардың барлығы дерлік күріш пысырғыш ап жатты, кейбір әйелдер тіпті 3-4ден ап жатты, «оның бәрін қайтесіз?» деп журналист сұраса, «Бірі өзіме, бірі мамама, бірі сіңліме» деген сияқты,(ну былай қарасаң қытайлық стильде ғой бізде сияқты тек өзі емес туыстарды ойлап жүретін) сондағы ана әйел жаңағы дүкенде 1 жарым мың доллардай жұмсады. Бұл орташа есеппен.. Басқалары да солай шамамен, арасында кейбірлері енді вааще, Ролекс сағаттан 3 алған әйел болды, бизнес партнерлеріме сыйлық дейді. Немесе студент қызына Омеганың 10 мың доллардық сағатын алып беріп жатқан бір семья.. «Нуу қызым ұнатып тұрса неге алып бермеске» деген әкесі, немесе «ұнатқан затым болса аламын, ал ақшасы басты емес, сумма не иммет значения» деген жас әйелдер..

Бұл жерден қандай тенденция көруге болады? Read the rest of this entry »

Қызыл әскер миллионеры деректі фильм   2 comments

Жаңа осы бір деректі фильмды қарап біттім. Қатты ұнады.

Оқиға желісі Ұлы Отан соғысы кезеңінде басталады, сол кезде жұмыс істеген бір қылмыстық топ туралы. Бірақ жай бір қылмыстық топ емес 🙂 Еріксіз жымиясың да қарап отырып, былай қарасаң әрине қылмыскер,(ата- әжелерімізбен қатар кезеңде болған жағдай ғой, қаншалықты қиналғанын біздің басымызға бермесін) бірақ та, бірақ та, сонда да таң қалмасқа болмайтын деңгейдегі афера..

Орта деңгейдегі адамның алдын орап ойлайтын адамдардан құралған топтың іске асырған махинациялары, желінген қаншама қаржы , бірақ сонымен қатар былай қарасаң социалистік мемлекеттегі «бреши» дей ма қалай, жетіспейтін жақтарын толтырған әрекеттері. Атқарған істерінен  қоғамға пайда да келген тіпті қылмыстық істері болса да, әлеуметтік инфраструктураларды ретке келтіруге қосқан үлестері.. Read the rest of this entry »

Маочян жарады!   1 comment

Осы қыстық маусым бітердегі ең соңғы жарыс, Туриндегі әлем чемпионатында Асада Мао чемпион атанды. Тек Асада Мао емес Такахаши Дайсуке де алтын алды.

4 тік флипы керемет таза болмаса да, сәтті болды, ал басқа жағынан сөз жоқ болды.  Энергияға толы орындау, өте эмоцияға толы. Дайсуке красавчик!

Осы спортсменнің алға ұмтылысына таң болам әркез, сосын әрине талмай еңбек етуі, тіпті сол 4 тік элемент сәтті шыға қоймайды-ау десе де, ылғи бағдарламасына енгізуіне риза боламын. Ну осы жолы әрине Лайсачек пен Плющенко қатыспады, сондықтан нақ Дайсукенің жұлдызды сағаты болды, бірақ мен үшін Лайсачек бір керемет фигурист емес, бір кішкентай кезіміздегі ертегілерде Кащей бессмертныйдың қасында жүретін нөкерлеріне ұқсатамын:). Шамасы бойы ұзын, қабағы түксиген, онымен қоса мұздағы киімі қара болғасын:)))). Read the rest of this entry »

Жапонияның ең биік ғимараты   6 comments

Қазір Токиода Tokyo Sky Tree мұнарасы салынып жатыр, кейін әлемдегі биік ғимаратқа айналмақшы, 634 м көтеріледі.

Бүгін биіктігі 338 м жетіп, Жапонияның биік ғимараты болды. Осыған дейін Жапониядағы ең биік мұнара Токио мұнарасы 333 м (суретте оң жақта) Келесі жылы шілде айында Жапонияда аналогтық теледидар эрасы бітеді, барлығы digitalға көшеді. осы Tokyo Sky Tree Digital broadcastingke пайдаланылмақ.

қазірше крандар жұмыс істеп жатыр

Қалайсыңдар?   8 comments

Құдайға шүкір жаңа үйге көшіп біттім. Әйтеуір достарым көмектесті.

Бір жапондық құрбым атасынынң мини жүк машинасымен келді:)

жоғары этаждан қыздармен көршім тайваньдық Алекс көбіне, түсірген, сосын машинаға тиесіп..

Ал жаңа үй жаққа екі қытай достарым ЖинХуа мен Кона сосын тайлық Гао 3 машинамен әкелген заттарды жаңа квартираға тасыды. Сұмдық, кедей болсаң көшіп көр деп:)))). ужыс мұншама затым көп шығар деп ойламағам:). Онымен қоса Ауғанстанға қайтып бара жатқан бір ағаның семьясынан тоңазытқыш, кір жүғыш машина, күріш пысырғыш, жер үстел, үтік, ыдыс-аяқтар вообщым қаптатып заттар алдым:))).

суреттер кейінірек..

Шүкір

Posted Наурыз 29, 2010 by 6gradus in Күнделікті

Бақалшақтар(ракушка) музейі   9 comments

Айтпақшы бүгін Жапонияда да демалыс бірақ ненің құрметіне екенін білмим:))))

Окинава суреттерін әрі қарай ілейін..

Төртінші күні Окинава аралының солтүстігіндегі  Наго қаласындағы ананас паркіне бардық соның ішінде бақалшақтар музейі бар екен..

небір-небір бақалшақтар жиналған екен, коллекциясы қатты ұнады маған.. Read the rest of this entry »