Archive for Желтоқсан 2009

БАЛА БАСТЫҚ- биылғы Жапониядағы хит   4 comments

Тойотаның жарнамасында  сегіз жастағы Като Сейичиро бала биылдан бастап көріне бастады.

Сүйкімді қылықтарымен халық арасында танымал боп кетті. Тіпті биыл кең таралған сөздердің ондығына Бала бастық cөзі кірді:).

қазір теледидарда жүріп жатқан жарнамасы 15шісі ғой дейм, ал ең басында басталғанда..

Бала болса да бастық, әлі бала болса да неге екені бастық, мектептен шыққасын Тойотаның дилер дүкеніне барады. Есепке күшті болса да, мамасына келгенде еркелейтін бала деп. Дүкенге келген мамасы мен апайы» аааа мынадай жерде бастық боп жүр екенсің ғой, байқа тәттінің бәрі бітіп қалатын болды», апайы -«бір өзім бәрін жейтін болдым»- дегенде, кешіріңіздер деп үйіне қайтып кететін жарнама.. Қарап отырып еріксіз күліп жібересің жарнамасына:))). Read the rest of this entry »

Advertisements

Жапон премьер-министрінде қанша ақша бар?   7 comments

Екі аптадай боп қалды осы тақырып жаңалықтарда топ-ньюс болғалы бері..

мәселенің бәрі премьер министрдің сайлау кампаниясы кезінде қолданылған фондтағы қаржының ішіндегі 120 мил йеннан артық ақшадан басталды. Жеке қолдаушылардан жиналған ақша деп жазылған нәрсе, бірақ тізімде бар кей адамдар ондай ақша берген емеспін деп, тіпті тізімдегі кей адамдар қайтыс болған адамдар болып шықты.

Жалпы қазіргі премьер атақты саясаткердер отбасынан шыққан.

Үлкен атасы Казуо Хатояма парламент спикері, онымен қоса атақты Васеда университетінің ректоры болған кісі. Атасы Ичиро Хатояма премьер министрі болған, әкесі Иичиро Хатояма сыртқы істер министрі болған кісі. Інісі екеуі отбасылық дәстүрді жалғастырушылар.

Ал жаңағы 120 мил йен ақша қайдан келді дегенде, ол қаржы премьердің анасынан келген боп шықты.

Премьер тек саясаткерлер емес, онымен қоса ауқатты отбасынан шыққан кісі. Ол байлық шешесінің отбасынан.

Анасы анау мынау емес атақты Бриджстоун компаниясының негізін құрушыларының үлкен қызы екен. Премьердің жеке өзінің қаржысы, жылжымайтын мүлік, құнды қағаздарын қосқанда 90 мил долларға баратын шығар деп өткен аптадағы жаңалықтағылар, анасының капиталы 800 мил долларға баратын шығар деп:)) нуу бірақ Бриджстоунның акцияларының қанша пайызын иемденетіні енді белгісіз… Осы жаңалықта талдамайтындары жоқ:))).

Тіпті осы биыл билікке келген демократиялық партиясының құрылуына идея тастаған анасы екен. «Егер басқалардың жолы, тәсілі ұнамаса өздерің партия құрмайсыңдар ма»- деп інісі Кунио Хатояма екеуіне айтқан екен. Read the rest of this entry »

Асада Мао, мәнерлеп сырғанау, Юзу тобы   8 comments

«Ең алғаш мәнерлеп сырғанаумен апайыммен мұз айдынына барғанда таныстым.

Мен бар күшімді сап тырыстым,  адамдарды қуанттым, бұл  мен үшін бақыт болды.

Көп адамдардың жанкүйер болуы, қолдау көрсетуі менің осылайша жетістіктерге жетуіме көмектеседі.» -жарнамадағы сөздер. Негізі сақтандыру компаниясының жарнамасы..

Асада Мао бүкіл жапондық героиня деп айтса болады. Read the rest of this entry »

Жапон императорының туған күні   15 comments

Бүгін Жапония бойынша демалыс

себебі қазіргі императордың туған күні, 76 жасқа толып жатыр. Сол үшін бүгін құттықтап келген адамдардың алдына шығып, рахметін айтып, елдерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, келер жыл жақсылықтар әкелсін деген тілектер айтты.

Негізі әлемдегі басқа ақсүйек отбасыларына қарағанда жапондық ақсүйектер отбасының этикеті қиындау, былайынша көп халықпен араласпайды. Көп халық алдында көрінетіні осы туған күн сосын жаңа жылдың екінші күнінде ғана, оның өзі бір  бес минут бола ма жоқ па? Императормен қатар екі ұлы әйелдерімен, крон принцқатысады осы шараға.

Саяси еш құқығы, күші жоқ болғанымен, былайынша жыл бойы әртүрлі шараларға қатысалды, бос болатындай күні жоқ деп айтса болады. Осы жылы император денсаулығы онша болмай графигі біраз жеңілдеу болды. Жапония ішіндегі әртүрлі шараларға қатысумен қатар шетелдік елшілер және басқа да қонақтарды қабылдайды. Read the rest of this entry »

Токиодамын!   11 comments

Ертең қайтамын Иншаллах..

қыдырыстап жүрмін:)

бәрі супер!

Айтпақшы ноутбук алдым

Яхууууу

Posted Желтоқсан 20, 2009 by 6gradus in Жаңалықтар

Tagged with , , ,

рамен жарнамасы:))))))))))))   Leave a comment

ең алғаш көргенде өлгем, уахахаха:)))))))))))

өткен апта басталған Нишшин компаниясының жарнамасы, өңкей сумошыларды жинап алып, онымен қоймай morning musume тобының әніне билеткізіп:))) Read the rest of this entry »

менің семинар бөлмем   10 comments

Химено профессордың семинарына қош келдіңіздер!

алдында біздің куратор профессор дың студенттері жиналатын бөлменің суреттерін ілемін деп едім ғой. Бір құнттамай кетіп едім. Астындағы тұрған бөтелкелер ана алдында тазалаған күнбағыстар бар еді ғой, сол сияқты былтырғы күнбағыстар дан жасалған жапон шарабы- шөучу. Химено проф-рдың кураторлығ ында 3-4 курстан 10 шақты студент, 2докторант,  бір мастер студент сосын арасында шетелдіктер- ден қытайлық Рю екеуміз бармыз. Read the rest of this entry »