Archive for Қыркүйек 2010

Өз үйім өлең төсегім деп Нагасакиде..   5 comments

Сәлем қалайсыңдар? Бір айдан бері жазбап едім. ҚЗ-ға барып инеттен қалдым ғой тегі, үйдегі монитор сынғалы..

Жапонияға қайтып келгеніме 4 күн болды, әзер дегенде есімді бүгін жинаған сияқтымын. Эльвира қонаққа келіп кетті, ҚЗ-нан келген бойда досым келгесін бе бір Жапонияда жүрген сияқты емес болды:). Келгеніңе рахмет Эля!

Өзі ҚЗда анда да, мында да барып тура бір уақыт тез өтіп кетті, бір ай дым жетпей қалды:(. Келесіде қымбат болса да екі айға бару керек па екен деген ой келді. Оны да көрерміз енді жағдайға қарай.. Негізі дәл Азиадаға барғым келеді, бірақ  ол кезге дейін сабақ біте қоймайтын болып тұр:(.

Бір ай бойы не істегенімді былай ойлап қарасам, Астанадағы екі қызды айтпағанда кездесем деген адамдардың бәрімен кездескен сияқтымын. Сосын Жұлдыз саған деп апарған веерді таки бермей кеттіппін ғой:(.

Енді жазып тұрамын ғой бұйыртса:)

Advertisements

Posted Қыркүйек 29, 2010 by 6gradus in Күнделікті

Tagged with , ,