Archive for Қараша 2010

Мысықтар мен қарғалар   3 comments

өткенде бір жігіт Фэйсбугына ілген екен, ой өлдім ғой:))))))))). Бірден айфоныма көшіріп алдым.

Ана қарғаларға не жоқ десеңші. Жек көрем қарғаларды, айтпақшы өткенде Токиодағы бір құрбым балконға көрпе іле қояайын деп шықса, төбесін қарға шұқып кетіпті, УЖЫЫС. Қайта қатты емес енді, докторға бару қажет болмады, бірақ кейде қатты шұқитын кездері де болад екен. Ал видеоға қайта оралсам, атауын «мысықтар триллері» депті. Шынымен керемет жасалған енді, ұзындығы 3 жарым минуттай. Музыкасы енді супер!!! Read the rest of this entry »

Көшедегі қоқыспен күресу   2 comments

Алматыдағы көшелер қоқыстан көрінбейді, әсіресе арықтарға қоқыс лақтыратындарға қаным қайнайды. Арыққа лақтырған нәрсе жүретін жерде. жалпы жер бетіне көрінбейтіндіктен солай мәдениеттірек деп ойлай ма екен??? Ол бейшара арықтар сосын жаңбыр жауғанда бітеледі кеп, суды жалдап жүргеніміз өмірі.

Жазуға себепкер болған Бальзаминканың Ауысып отырыңызшы деген посты. Онда ол Үндістанда автобуста оң жақта еркектер, сол жақта әйелдер отыратын әдеттері бар екен. Нуу енді кімге қалай? Бальзаминка оны ескі формацияның адамдары ұстанатын әдет, біреудің комплексі маған қандай қатысы жоқ деп, сол жаққа отыр десе де, түсінбегендей отырып аламын депті:))). Өз басым маған бұл әдеттері қатты ұнады. Сол постқа комментарийге Ақзере былай депті: Read the rest of this entry »

Токио-Хараджюку (Harajuku girls:))   8 comments

Токионың Хараджюку ауданы бұрындары аса атағы жоқ еді, соңғы кезде неформал жастар жиналатын аудан болғасын шетелдік туристер арасында атағы артты. Ал былайынша жасы 20-21ге дейінгі жастар-мен жасөспірімдердің киімдері сатылады бұл ауданда. Сосын осындағы бір көпірде жынды-жынды киінген жастарды көруге болады.

Бұл суреттерді өзім түсіргем былтыр Токиоға барғанда.

Таак әңгімеге қайта оралсақ, мына суреттің сол жағына қарасаңдар чемодан, сумкалар тұр ғой. Осы көпірге тіпті басқа қаладан да келеді екен. Бір бағдарламадан көргем әйтеуір арнайы кешкі автобусқа отырып келдім Токиоға деп біреуі интервью берген. Әсіресе демалыс күндері жиналып, бір- біріне жаңа киімдерін көрсетіп, мақтанып, өздері сияқтыларды көріп риза боп қайтатын сияқты:). Соған бола келеміз Токиоға деееп интервью бергенде енді таң қалғам:)))).

Read the rest of this entry »

Биологиялық көптүрлілік туралы конвенция   7 comments

Көп болды өзі серьезный пост жазбаппын:). Бұл постқа себепкер болған мына бір қалам. Менің екінші адвайзер профессорым конференциядан кәдесый ретінде алып келген етін. (Сувенирдың қазақшасының кәдесый екенін біліп жүріңдер:))))).

Өткен айдың аяғында Жапонияның Нагоя қаласында халықаралық конференция өтті. Менің мұғалімі сол конференцияға жауапты адам болды, ұйымдастыру жағынан біраз жұмыс істеді. Ол кісінің мамандығы қоршаған ортаны экономикалық жағынан бағалау болғасын бұл конференцияға бірден-бір қатысты адам мамандығы жағынан. Read the rest of this entry »

Айфонға қолғап   5 comments

мынадай супер зат сатып алдым:). Осы айфон болғаны бір шетінен қолайлы бір шетінен қолайсыз деген жақтары бар. Әсіресе күн салқында жаман.

Осындай бір нәрсе болса деп ойлап жүруші едім, жапондар қояды ма:))))) бірақ енді біздің қысқа жарамайды әрине біздегі сол қарашаға жарап қалатын дүние, ал жапон қысына жақсы.

кигенде мынадай болады. Бір кереметі саусақтарға дәл тұрады.

Сосын тіпті сумкадан тиын іздегенге де қолайлы деп қойған екен сыртқы қабында, қооой деп сенбей, алғасын тексеріп көрсем шынымен қолайлы екен.

Түстері неше түрлісі бар екен, қарасы, сұры, көк, розовый тб. Мен сұрын алдым. Бас бармақ пен сұқ саусақтың ұшымен тачскринді басуға болатындай жасалған.

мына фонға қойғаным енді саусақтың ұшы дәл тұрғанын көрсеткім келген, ал айфонды ұстағанадағысын түсіруге келмейд, себебі айфон бос емес қой, осы суретке түсіріп тұрмын:))))

Posted Қараша 21, 2010 by 6gradus in Күнделікті

Tagged with ,

Жапонияда күз   3 comments

Қызық бір сайтқа кез болдым кеше кездейсоқ. 360 градустағы суреттер.

Жан жағыңның бәрін онымен қоймай аспанды да асқ астын да көруге болады.

мына суретке қараңыздаршы Жапониядағы Сайтама жақтағы бір парк. Күздік көріністі  360 градіс көрсеткен, ашық аспанды ол көруге болады, аяқ астындағы жапырақтарды да көруге болады. Суретті ақырындап айналдырып отыру керек. Интернет ақырын болса қиындау болар біраз, бірақ сұмдық қызық екен. Сары, қызыл жапырақтар.. Сол жақтағы навигатормен басқарылады

Неше түрлі елдің әртүрлі нүктеде тұрып түсірілген суреттерді көруге болады, әттең ҚЗнан ондай сурет әзірше жоқ екен.

Құрбан айт құтты болсын   4 comments

Барша мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын.

Аллаһ Тағаланың ризашылығы үшін шалған құрбандарыңыз, амал, ниеттеріңіз қабыл болсын.

Қасиетті парыздардың бірін орындау үшін пайғамбарымыздың отанына бет алған мұсылмандардың ниеттері қабыл болғай.

Posted Қараша 16, 2010 by 6gradus in Күнделікті

Natural style   13 comments

Соңғы кезде Natural style (табиғи) стильге қызығып жүрмын. Қай дүкеннен болмаса да осы стильдегі киімдердің бутигін табуға болады. Көбіне лён сияқты, табиғи материалдарды қолданады, немесе тоқылған да болуы мүмкін, не мақтадан трикотаж. Түстері енді пастельный тонда келеді, көбіне сұр, бежевый не ақ, қою түстерден қоңыр не көк, хаки де болады, бірақ күңгірт түстегі тондарды қолданады.Шамамен мынадай: Read the rest of this entry »

Posted Қараша 16, 2010 by 6gradus in Қыздарики!!

бәріне жапон суы кінәлі ме??   16 comments

Айжаннұрдың постын оқып бір армансыз күліп алдым:).

Шашын мүлдем қысқа қылып Ирина Хакамада сияқты ғып қысқартып тастадым депті:). Мен де солай жасағым кеп жүр бірақ батылым жетпес:) Да и жараспайд та маған ондай шаш. Әйтпесе Хакамада тұрмақ , мен де мүлдем тақырлап тастағым келіп жүр:).  Шын айтам вааще ап тастап бандана, орамал тағып жүруді де ойладым, сосын маска жасап, ең басынан қайта өсірер ма еді деп армандап қоямын:)))). Химиотерапиядан шыққан адам құсап елдерді шошытпайын дедім хаха.

Гемоглобиным біраз нормадан төмен болуының да әсері бар сияқты. Себебі байқауымша мында бір жапон қыз өткенде шашым жаман түседі деп шағымданып, мен айтам екеуміздің мәселеміз ұқсас екен деп, себебі екеуміз де құрамында темірі бар бірдей препарат ішіп жүргенбіз:)).

Негізі осы бәленің бәрі алғаш Жапонияға келген кезде басталды. Ол кезде аса мән бермедім, кейін ақыры түсуін тоқтатпады. Осы былтырлары Алматыда жүргенде де жаман болатын.

Бірақ осы жолы Жапонияға Read the rest of this entry »

Насакиден көріністер Хигашияма   2 comments

Нагасакидің суреттерімен бөлісейін, біреулер қонаққа келгенде әйтеуір аралатып, өзім де жаңа тұстарын ашып қаламын:).

Жапон тарихымен таныс болсаңыздар

Нагасаки әрқашанда продвинутый қала болғаны белгілі. Әсіресе Токугава шёгундары (сёгун) билік еткен кезеңде Жапония әлеммен қатынасын үзіп, жабық ел саясатын ұстанды, ол кезеңде тек қана Голландиямен және көршілес Тайваньмен ғана қатынас жүргізді. Сол шетелдіктер осы Нагасакиге келетін. Оның өзі жылыны бір-екі рет келетін кемелермен ғана шектелді.  Бірақ соның өзінде батыс ғылымының Жапонияға енуі осы Нагасакиден басталды, әсіресе медицина ғылымы.

Кейін 1853 жылы американдық Перридің қара кемесі (әскери кеме) баса көктеп жапон шекарасына кіргеннен кейін Жапония амалсыз басқа елдермен қатынасын бастауына тура келді. Бұрыннан порттық қала боп келген Нагасаки дамуға жаңа бастау алды. Бірталай шетелдіктер Нагасаки немесе Иокохама сияқты қалаларға келіп бизнес жүргізді. Қазір де Нагасакиде сол кісіер тұрған үйлер сақталған. Бұл ауданды Хигашияма яғни шығыс таулары дейді. Read the rest of this entry »

Posted Қараша 13, 2010 by 6gradus in әншейін суреттер