Archive for Қазан 2010

Ути-пути:)   3 comments

Teddy Bear музейінде:)

Advertisements

Posted Қазан 31, 2010 by 6gradus in әншейін суреттер

супер носки:(   7 comments

Қыздар естеріңде ме алдында бір ілген едім ғой осы бір носкиімнің суретін:))).

Керемет ыңғайлы носки, қашан алғаным есте жоқ, но бір жылдай киген шығармын, аж тастамай кидім десе болады. Туфли, балетка бәрібір неше түрлінің ішінен киіп аламын. Дизайны да сүйкімді әрі жақсы жылу береді.

Әсіресе мына туфлиіммен көп киемін (оң жақ). Read the rest of this entry »

Marry me:)   16 comments

ҚЫЗДАР БҮГІН ҒАШЫҚ БОП ҚАЛДЫМ!! Предмет обожания КІМ?? дерсіздер Read the rest of this entry »

Posted Қазан 26, 2010 by 6gradus in Қыздарики!!

Қоқыс лақтыру   18 comments

Жапонияда кез келген уақытта қоқысты лақтыра алмайсың, баяғыдағы бір универ туралы постымда жазған едім ғой. Қазір ғой бұрынғыдай емес, квартираға шыққасын қоқысты уақытында лақтырып үлгермесең қалады келесіге дейін. Мынау менің бір апталық пластик қоқысым.

Жапондарда не көп, пластик қоқыс көп. Осы пластик қоқыс ішінде жүзім салған пластик, алма салған пластик, йогурттың ыдысы сияқты заттар. Айтпақшы йогурт ыдысын лақтырарда жуып лақтыру керек:).

Осындайдан тағы бір пакет тұр, өткен аптаның қоқысы:). Өткен сәрсенбі күні кеш тұрып, лақтырып үлгермегенмін. Аптасына бір ақ рет болғасын менде көбіне осылай қап қояды, екі аптаның пластик қоқысын жинап бірақ лақтырамын көбіне, арасында пысық болып кеткен кездері болмаса:). Пластик қоқыс енді көгеріп, не иісі шығатын емес, орын алады дегені болмаса, бір бұрышта тұрып, былай зияны жоқ болғасын сабаққа шығып бара жатқанда ұмтылып қалатыны бар. Үйге жақын жерде арнайы бір жерге қойып қоямыз, содан арнайы машина кеп ап кетеді.

Ана артында тұрған қызыл ыдысқа ас үй қоқысы, жанатын қоқысты жинаймын, иіс шықпас үшін осы бір бакты алғанмын. Оны сол дүйсенбі және бейсенбі күндері лақтыру керек. Ол енді иісі шығуы мүмкін болғасын уақытында лақтырылады.

Осындай жүйеге әбден үйреніп алған мен, осы жазда Алматыға барғанда жамааан болдым ғой. Үйдегі қоқысты бәрін былықтырып тастағанға жаман жүрегің ауырады екен тегі..

Пластиктерді бөліп лақтырып, оларды өңдеген қандай жақсы, әйтпесе пластик ол бір мәңгі материал ғой, шірімейд та, дәнеңе етпейді. Пластик бөтелке, полиэтилен пакет топыраққа сіңуіне 500 жыл кетеді. Қазір полиэтилен пакеттерді тасталмаған жері жоқ, теңіз акулаларының асқазанынан да шығып жатыр.. Сосын қайта өңделген пластик пен жаңа пластик өнімді шығаруға жұмсалатын энергияны есептегенде, қайта өңдеуде ауаға CO2- көмірқышқыл ғазы 90% ке аз шығады.

Адамдар өзімізге өзіміз жаумыз.

Қытайдағы анти-жапондық демонстрациялар   6 comments

Қазір Жапония мен Қытай арасындағы қарым-қатынас ушығып тұр. Ертайдың постынан нендей жағдайда екенін оқысаңыздар болады. Ал мен жапондар бұл туралы не деп жатыр соны жазбақпын.

Әңгәменің басты тақырыбы Қытайдығы анти-жапондық демонстрациялар.Жапонияға қарсы демонстрациялар артуда. Ал себебіне келгенде ең басты мәселе Қытайдағы оқу бағдарламасының әсері бар менше. Себебі 90-жылдан кейінгі енгізілген оқулықтарда екінші дуние жүзілік соғыс кезіндегі жапондардың басқыншылығы туралы тек қана жазып қана қоймай, видеомен де сипаттап берген жерлері де бар. Тіпті басқыншы жапон солдаттарының күнделіктерінен де үзінді келтірілген. Вообщем жапондардан жауыз ешкім жоқ дегенге келтірген. Осындай жауыздардан құтқарған партия, партия қазіргі Қытайды құрады, қалыптастырды, егер қазіргі Партия болмағанда Қытай құритын еді деген астыртын пропагандасы бар. Осылайша патриотизмді қалыптастырмақ ниетпен жасалған.

Бірақ бұл оқулықтар себептен гөрі түрткі болды, ал ана кеменің ұсталуы сылтау болды.  Былтырғы Қытайдағы Шыңжаңдағы ұлт аралық қақтығыстар, сосын Тибет ол бар, соңғы кезде Қытайда көтерілістер көп. Бұл оқиғалар Қытай қоғамындағы дағдарысын көрсетеді. Сол сияқты осы жолғы демонстрацияға шыққандар көбісі жастар. Универ бітірсе де дені дұрыс жұмысы жоқ көбісінің. Мындағы қытай құрбым айтады, «соған қатысып жүргендер өңкей еріккен біреулер, жұмысы жоқ далада жүрген біреулер ғой. Үйтіп қырып жоямыз деген демоға қатысқанша, жұмыс істемей ма одан да бос уақыты болса» -дейді.

Иә, шынымен соңғы жылдардағы Қытайдың экономикасы тоқтаусыз өрлеуде. Read the rest of this entry »

Ж-дорама Buzzer Beat немесе Тағдыр қосқандар   10 comments

2009 жылдың үздік сериалдарының бірі. Рейтингте 4-орынды алған бұл дораманың ерекшелігі махаббат, романтика толы. Соңғы жылдардағы жапон сериалдарындағы бір тенденция махаббат тақырыбындағы сериалдар аса жоғары рейтингке ие болмайды, демек жоғары орын алатындай тартымдылығы болғаны. Сосын бір қызығы 40-тан асқан әйелдер арасында атақты бопты. Өзім ол кезде Қазақстанда болғасын дәл сол кезде көре алмадым бірақ тіпті индонезиялық жігіт достарым өліп көрген еді, фейсбуктағы статустарында Наоки Рико деп жүретін:))). Сол кезден ақ любопытная болған сериал еді,қарағасын өзіме қатты ұнады, хотя мен романтикалық фильм, сериалдарды  ұнатпасам да, бұл сериалды көрсеңдер өкінбейсіңдер деймін.

Негізгі оқиға скрипачка Рико деген қыз бен баскетболшы Наоки деген жігіттің төңірегінде өрбиді.

Рико өте ашық, жайдары қыз. Жәй кәдімгі отбасынан шыққан. Скрипканы сүйеді бірақ тек музыкамен күн көру мүмкін емес ау деп қиналып жүрген қыз. Себебі бітірген консерваториясы екінші сорттағы деп айтса болады, атақты консерваторияның түлегі болмағасын да лайықты оркестрге жұмысқа орналасу өте қиын. Бірақ сондай қиындықтарға қарамастан ылғи да әртүрлі прослушкаларға барып, қайтсем де оркестрға кіргім келеді, музыканы мамандық еткім келеді деген арманын тастағысы келмей күнде тырысып бағуда. Read the rest of this entry »