Archive for Шілде 2010

99 арал   6 comments

Нагасакиден  бір жарым сағаттық жердегі қала Сасебоға барғанбыз өткенде.

(суретті үлкейту үшін басыңыздар)

Мына жер, Kujukishima (99 арал) ұлттық паркінің көрінісі. Осы жер ана Том Круз түсетін әйгілі Соңғы самурай фильмінің алғашқы эпизодтарында көрінетін жер депті. Осы біз барған жерден түсірген деп жазылған екен. Чот ол фильмды көрінгеніммен бұл жері есімде қалмапты өкінішке орай.

Бірақ шынымен өте әдемі көрініс екен. Дәл біз барған кезде тұман боп ужыс, одан кейін ақырындап арылған түрі мынау. Read the rest of this entry »

Advertisements

жоғары палатаға сайлау   5 comments

Бір ай боп қалды қала іші шу-шу боп кетіп еді. Сайлау алдында әртүрлі депудаттардың сайлау кампаниясы жүреді:). Машинамен сосын репродуктормен айқайлап, кейде сауда орталықтарына келіп, әйтеуір біраз шу болады.

Билік басындағы демократиялық партия өз позициясын сақтап қалу үшін ең аз дегенде 50 орын керек деп, барынша тырысып бақты. Өзі осы партия билік басына келгенімен осы жылдың басынан скандалдан кейін скандал болып рейтингі түскеннен түсіп, ақыр аяғында Хатояма Юкио премьер-министр қызметінен кетті. Бірақ парламентте санын сақтап қалу үшін қажетті орнын сақтай алмай қалды. Бұдан әрі не істер екен?

Ал алғаш рет билік сыртында қалған Либералды демократиялық партия (ЛДПР) билікке келу үшін әйтеуір жаңа билікті сынаумен әлек. Бірақ бұл партияға да оңай болмады. Бірталай аты бар депудаттар басқа партиядарды құрап, бүл партиядан кетті. Қазіргі жапон саяси әлемінің жағдайы мәз емес. Осы жолғы жаңа партиялар ішінде көп дауыс жинаған партия Миннано тоу, қазақша аударсақ Көпшіліктің партиясы популяритисі жоғары болды. Read the rest of this entry »

Posted Шілде 11, 2010 by 6gradus in Жапондар:))