Archive for Қазан 2013

Тайфун   4 comments

imageЖапонияға келгелі осындай тайфун алғаш рет сияқты. әлде бұрын Токиода емес кішірек қалаларда болғасын аса байқалмады
мекен?? Тайфундар негізі келе береді, аса мән берген емеспін
бұрындары, бірақ осы жолғыдай алдын ала метеорология агенттігі
конференция жасағаны алғаш рет сияқты. үйден шықпаңыздар, 45-65
км/с жылдамдықпен жылжиды. байқаңыздар деп, орта мектеп, жоғары
мектеп, тіпті универлерде сабақ тоқтады. Түні бойы жаңбыр жауып,
тоғыз жылдан бергі қатты жаңбыр болды, 250 мм жаңбыр жауған екен
бір түн ішінде, салыстырмалы түрде айтсақ Астана сияқты жерлердің
бір жылдық жаңбыр көлеміне сәйкес келеді. Тайфунның қорқынышы
ағаштар сынып, ұшып жүруі мүмкін. Одан басқа арасында құйын сияқты
жел соғып, машинаны аударып кетуі мүмкін. қазір Токио ішінде метро,
темір жолдар жартылай тоқтап тұр, жүріп тұрғандар ақырын ғана жүріп
жатыр. Жақын жердегі кейбір префектураларда тіпті жарықсыз қалған
екі мыңнан артық үйлер бар екен. Шинкансендер тоқтап тұр,
одан қалса ұшақтар да кешігіп жатыр, 400 ден артық ұшақтарды ұшырмай жатыр.

Advertisements

Posted Қазан 15, 2013 by 6gradus in Жаңалықтар

Tagged with , ,

Еріккенде   1 comment

20131006-181717.jpg

Осы жапондарда көшедегі қақпақтарының өзі әдемі келеді, әр
қаланың өз дизайны болады, сол қаланың белгісі болар зат
бейнеленеді. Мынау менің жаңадан көшіп келген қала Кодайраның
қақпағы. Токио метрополитені Кодайра қаласының символы шамасы бақша
болу керек. Жақын жерде көктемде сакура гүлдейтін жерлер бар, одан
бөлек көше бойында биік үйлердің қасында жүзім, алма, мандарин
бақшалары өсіп тұр, өткенде тіпті киви бақшасын көрдім, 5 қабатты
үйдің қасында біртүрлі контраст болып көрінеді екен:)) Пысы: Сосын
өткенде улап- шулап жүріп неттен тапсырыс беріп жүріп алған аяқ
киімім:) оны кейін бір жазармын.. сапасы орташа енді, әсіресе
өкшесі бірден желініп жатыр, айырбастау керек болып тұр, түрі
сүйкімді енді, сол үшін алдым кішкене балалардың аяқ киімі сияқты
болса да:))

Жапонияда қосымша құн салығы өседі   3 comments

білмим Абе премьердің бұл шешімі қаншалықты жапон
экономикасына, жапон халқына пайдасы болатынын?? негізі әлеуметтік
шараларға жұмсаймыз дейді. Себебі и так солт. шығ. қайта жөндеу
жұмыстары ол әлі жүріп жатыр, Токио олимпиадасына дайындыққа қаржы
керек… оЧым білмим енді ғана дағдарыстан шыққан экономика,енд енд
норма бола берген ед, ұзақ ойланып шешкен шара болды, түсіністікпен
қарайсыздар деп ойлаймын деп жалынғандай боп сөйледі бүгін:) БIрак
та, осы шанс, маңызды шансты пайдаланып қалайық дегеннен басқа дым
мықты аргумент естігендей болмадым интервьюдан кешкiciн. Пысы:
айтпақшы бұрынғы харизма Коидзуми премьердің ұлы, қайта құру дейма
сондай ағылшынша жаңалықтарға әлі шықпаған, қалай аударатынын да
білмим, қайта көтеру сияқты, оЧым экономиканы жандандыру
агенттігінің басшысы болып тағайындалды. Халықтың қарсылыған
тудыратын нәрсені енгізеді ғой:)) әәй білмим осымен саяси
популяритисі бітпесе:)

20131001-235730.jpg