Дәл кеше көріп біткен дорама, бірден рецензия жаза қояйыншы деп, әйтпесе кейін әсері жоғалып кететіні бар. Жақсы әсер қалдырды сериал.
Жалпы алғанда сериал атмосферасы ауырлау, ну қалай бір жүк тұрғандай әсермен көресің, шығармашылық топтың ойлағандары іске асқан, тек әрине басынан өзі адам өлімінен, точнее өлтіруден басталған соң, қайдан мейірбан, арайлы дорама болсын:)
Кәріс дорамаларына қатысты менің сүйікті рецензентім дәл айтқан.»Кейіпкерлері джынды болғанда экстермалды джындылар, бірақ та бекем мінезді және өте өте мега тартымды. Ішкі әлемдері қараңғылығылымен қатар, өте терең ойлы, толғандырғыш, біресе мұз, біресе от болған кейіпкерлі дорама. Негізі қатты көп күтпей, жәй ғана дораманың темпіне еріп қарағандарыңыз дұрыс» деп рецензия жазған екен. Ох қалай осы елдер 5-6 сөйлемммен дораманың атмосферасын да, кейіпкерлерін де орны-орнымен рецензілеп тастайд аа???:!))) мықты сыйлайм осы рецензентті!
Дорама желісі енді былай жанр классикасы десе болады, махаббат, сену, алдану, өкіну, одан асқан соң кек алу. Оқиға бойынша Мару (жігіт) сүйіктісін қорғаймын деп, ол қыздың қылмысын мойнына алады, түрмеден шықса ол сүйіктісі өз-өмірі өзінде, шаттық думан дерсің, мұны ойлап, күткен адам жоқ оЧым. Ол аз болғандай, одан әрі жала жаппақ болғанда бұл жігіт экс-сүйіктісінен кек алу үшін, оның өгей қызымен жақындасуды ойластырады. Ауыр оқиғадан басталғанымен, ішінде кәріс дорамаларына сай кейбір клишелерден ада болмаса да, әсерлі дорама болып шыққан.
Мен ылғи прикол ұстайтын кәріс сериалдарының клишесі бар ғой, міндетті түрде біреу өлім аузындағы аурумен ауырып қалуы керек деген. Бірақ мына сериалда шын айтсам білмедім қалай реакция жасауды, хмм қалай десем екен?? Режиссер мырза, ауру кейіпкерді біреумен шектеп қойса болмай ма?? Әлде құрығанда әрбір отбасында бір ауру адам деп лимит қойыңызшы:))) Жо, басында вроде прикол деп, оқиға өрбіген сайын уже білмейді екенсің не ойларыңды да:)))) Ана Эрнст Сеттон Томсон Рассказы о животных әңгімесіндегі қай бұрыштан Бинго ит шыға келер екен деп, жан-жағына жалтақтап, жайылудан қалған сиыр сияқты болдым ғой:))) Ойебу енді қайсы ауырып қалады екен деп отырғаның ахахахааха. Кешіріңдер бұл жер енді асыра сілтеушілік, бірақ та дораманы көргесін жазыңдарЧ аа осы жеріне қатысты пікірлеріңді, өтініш:))))))))))))
Асыра сілтеу демекші дәл осы сериалдағыдай, көгерген көз, жырылған ерін, сырылған аяқ, қанаған танау, жарылған бас, тағы тізе берейін бе????:)))) басқа дорамада осыншама көп көрмеген шығармын:))) Режисері «ой әкесін аяйсың ба» дегендей, қаптатып берген енді не дерсіңдер :)) Режисердің бе әлде сценаристтің бе, еңбегі зая кетпесін деп мен де ерінбей жалықпай коллаж да жасадым:)))))))))))))))))))))
Диалогтары жақсы жасалған сериал, кейде тартыс, кейде ұрыс, кейде жұбату ну былайынша соооозыыыылған емес, орынды сияқты. Мен Альянстың аудармасымен қарай салдым, ағылшынша сабс іздемедім де. Сосын стильдері ұнады. Әйтпесе көп сериалда қыздардың киімдері мүлдем ұнамай жатады.
Бұл дорамадағы ееееең үлкен плюс ол саундтрэктері, мелодиялары керемет, осы жылда жиырма дорама қарадым десем, соның ішінде 1не 2 ші орында, әндері емес, қосымша мелодияларын бағалаймын өз басым. Мындан алсаңдар болады.
Барлық актерлерге риза болдым, бірінші кезекте осы актрисаға,өмірі бір стерваларды ойнайды өзі:)))) мына сериалда да бір жынды қатынды ойнайды. Жо, шын бар ғой одан басқа эпитет жоқ:)))))))
Өзі бірінен-бірі өткен кейіпкерлер бәріндe өзіндік ақиқат, өзіндік принциптері бар. Сондықтан жағымсыз кейіпкерлерінің өзі тартымды сияқты. Байдың баласы, кедейдің баласы деген көп дорамаларда кездесетін біртипті кейіпкерлер емес. Сол үшін де дорама аяғындағы сценарийдегі кей олқылықтарды кешіруге болады.
Ал мына жігіт енді:)))ойлап қоям, бір дорамадағы бір жібі түзу жігіт, оның өзі гей болды ма деп адамды уайымдатты да:)))))) Осы бір диалог маңызды. Қыздың үстіндегі сюртугы ұнамады:))))
Ал ең басты рольдегі актер мамаааа қалай сәтті таңдалған!!! Атауына сәйкес, аж дорама басталар титрлерінен-ақ, осы рольге мықты келетіні белгілі. Бас кейіпкер қыз бен жігіт екеуі өте үйлесімді көрінді.
Ақзередей аттарын тізбей ақ қояйыншы:))) себебі бәрібір жаттамайм осы кәрістердің атын, арасында бірді-екілі болмаса:)) Негізі осы актерді бұрын Сюнгкюван скандалы дорамасында байқағам, онда екінші пландағы рольды ойнаған, ол жерде де джынды тартымды кейіпкер етін, бірақ ол дорамада оның джынды персонажы емес, тіпті мен үшін сүйікті Ю Чун ойнаған бірінші пландағы жігіт емес, үшінші «қарақшы» кейіпкерге ғашық болған едім:)))))) оЧым ол енді ол, бұдан былай осы актердің басқа дорамаларын қарап көрсем деген ойда қалдым. Иә иә, мойындайм менде сондай жаман әдет бар енді, актерге, актрисаға бола дорама қарайтын, немесе керісінше актриса, актер ұнамайды деп қарамайтын кездерім бар:)))
Ал енді сериалда ең ұнаған сәті туралы, бар ғой маньяк десеңдер де, аяқтарын қатар алатын сәті. Неге? Білмим пыросто осындай ұсақ-түйекке мән бергіш маньяк шығармын:))
Бірақ кейде мысалы астыңғыдай клише моменттерге қарағанда, осындай бір сәтті кадрлер дорамаға ренк беретін сияқты. Менше ең романтик сәт:)) Қай серияда айтпайм:)))
Құрсыыын, тапқан ең романтик сәті осы екен деп түңіліп, қарамай қойсаңдар тағы:)
Жетіп артылады, романтика сүйгіштерге ұнайтын сериал шын айтам, менің маньячный коменттеріме мән бермесеңдер болады:)))
Айтпақшы осындай сәттер қосу арқылы режиссер барынша каваии қылғысы келді әрине, бірақ Токиода өмір сүретін маған кері әсер тудырды.
Себебі осы сәті метроны еске салады. Мойныңа кеп танымайтын біреудің басы соғыла берсе:))))) Сорри барлық романтиканы күлге ұшырдым ба:) Тағы бір шанс сұрайм:))
Жапонияны мыыықты ПиаРлаған дорама, солт. шығысқа барғым кеп кетті. Нұргүл күт менііі, барам саған:)))) Жапония сәттері сериалдың орта тұсында болса да, жалпы дорама бойынша түсірілімдер сол Жапониядағы мейрамнан басталған екен. Қызық иә?! Дораманаың маньяктары жазған комменттерден оқығам ол туралы:))))))) Көріңдер, сосын Жапонияға қызығып, маған конаққа келіңдер:)
Мынадай табиғат қосылған жерлеріне әрқашан жақсы көремін ғой.
Ал мынау Кореяның қай бұрышында түсірілді екен? Қай сарай немесе бақ, храмның бұрышы екен? Барамын бұйырса бір күні тауып:) керемет әдемі, идилллия жер сияқты. Дораманы көрсеңдер, өте сәтті моменттері көп сияқты. Кейбір сәттері, көріністері ұзаққа есте қалады. Осында барсам деген арман сыйлайтын сериал:) Ана алдында рецензия жазған Әйел иісі дорамасында да сондай сәттер бар еді.
Ең көңлімді қозғаған сәт!
Ыыыыыыыыыыы:( дәл өзімде осындай жағдай басымнан өткен, есіктен шыға алмай, бір қадам аттауға батпаған..
Дәл осылай есік алдында телміріп тұрдым демесем де, ойша осылай есік алдында бірнеше сағат тұрған бір кез болып еді.. Әлі де бар сияқты өкініш табы, кейіндері көзқарасыма өзгеріс енгізген де шығар?? Дәл сол есік алдында тұрғандай… Бұл жері енді, әр адам қабылдауы бөлек қой, пыросто маған..
Айтпақшы бұл дорамада юмор аз, былайғы лав стори, комеди клише сериал емес.. Бір қалжыңы өтті енді:))) Қыз: Махаббат үшін тақтан бас тартқан патша, патшайым, ханзадалардан құрығанда 10 мысал келтір. Жігіт болса неше түрлі патша, патшайымдарды тізіп, тіпті Шректегі Фионаны да қосып жіберіп, ең аяғында Гу Джюн Пё демесі бар ма:)))))) Түсінбегендерге F4.Boys over flowers
Мамаааа дейтін сәттері.. Шыны керек мұндай көрініс күтпеген едім:) себебі адамның фантазиясында уже басқада ойлар өрбіп жатқан етін:) Адам киім-миіммен ваннаға түсіп кету үшін, ана жаңа жылдық Ипполиттей мас немесе мына қыздың жағдайындай деңгейде болу керек шығар:(
Жалпы дораманың ой қозғағысы келгені, менің түсінгенім: Сүйгенің үшін не істер едің?? Сүйгеніңе қол жеткізу үшін не істер едің? Немесе сүйген адамыңның бақыты үшін не істер едің? Жалпы өмірлік мақсаттарға жету үшін не істер едің? Бәрін істер едім деген адамға, бәрін дегеннің лимиті бар ма?
Осы кеше ғана бір жерден Ева Браунның афоризмін оқыған едім, «Егер ол (Гитлер) бір жақта қолында автоматпен қарсыдағы барлық адамзатты атқылай бастаса мен қасында оқтап тұрар едім» деген, мүмкін сәл басқадай сөздер болар, бірақ басты мағынасы осы.
Менің ең ең сүйікті фильмдерімнің бірі Мистик Риверде де осы тақырып қозғалады. Отбасы, сенім, кек.. Сол үшін де осы дорама ұнаған шығар.
Сосын ондай глобально болмаса да, Сеулда не әлі осындай жерлер бар ма O_o???деген ой қалды менде. Әлі де лашықта тұратын жерлер бар ма сонда?? бірақ әрине бүкіл халқы бай бақуатты ел жоқ қой қазір.
Пысы: Дыым қатысы жоқ нәрсе негізі:)))) Бірақ бас кейіпкердің аты Ма Ру болғаны қызық болды, сериал бойынша ютубтағы көрермені 10-30 млннан асатын супер мупер мегапопулар мысық Мару(жапоншадан аударғанда домалақ) естен кетпей қойды ыхахаха.
сонша эмоция, сонша ой, ух күліп, жылап, мұңға батып, романтикаға түсіп, онан асып)))) Ох Жанна осылай сен ғана жаза алатын шығарсың)))))) күчтшы шыққан дорамның өзі жан/жақты болып тұр ғо… көремін міндетті түрде) сосын бар ғо қазір сантрктері мықты болуын да қадағалайды екенмін))) дорам таңдағанда, бірінші юбтюбқа кіріп, саунтрек тыңдап шығам + сосын іштей баға беремін, ажь кейбірін мюзкына бола көрем десемде болғандай))))
сосын сен айтқандай бір кейіркер ұнады ма? сонын басқа да дорамдарын киноларын көруге асығам)))
мен ондай қатты маньяк емес екем:)))))) алдын ала тыңдамайм енді:))) Пыросто саундтрэктері өте маңызды сол сериалға үлкен плюс әкеледі:) и жандандырады:)) Мына дораманың саунтрэктерін айфонға көшіріп уже жарты ай тыңдап жүрмін:) мына рецензияны бұрын бастап жазып бүгін ғана аяқтадым:)
Дааа, керемет жазыпсың. Аж жүгіріп скачатьттағым келіп кетті. Басты рольдегі актер маған да Сангюнгванда ұнаған еді. Бұны тыыым созылыңқы, жыляуық дорама деп менсінбей жүрсем)). Көремін! :))
EL arna қазір көрсетіп жатыр екен 🙂 кеше байқамай көріп қалдым, енді аяққы сериалдарын күтем, себебі 13 сериядан кейн инет арқылы көре алмай қалдым(((, ел арнаның бір жақсысы, трендтегі дорамдарды бертіндігі ага))))))) прям прям шик дорам) мен үшін дәл қазір))))
ұнағанына қуандым:))))