Archive for Қаңтар 2010

Жылдық синглы сатылымы жоғары апашка:)   Leave a comment

Акимото Джюнко 2009 жылғы синглдар сатылымы бойынша  Орикон чартта 4 орынды алды.

1.Arashi-Believe
2.Arashi-Ashitano kioku/Crazy Moon Kimi wa muteki
3. Arashi -My girl
4. Akimoto Junko- Ai no mamade
5. Arashi- Everything

Арашимен араласып арасында Акимото Джюнко,  63тегі апашка маладес:) Read the rest of this entry »

Advertisements

Токио Шибуя және Хачико:)   5 comments

Токиодағы жастар ауданы Шибуя, 20-30 жас аралығындағы жастар жиналатын жер десе болад, атмосферасы ұнайд осы ауданның. Адам көп быжынаған, әсіресе Шибуя метор станциясының алдындағы жол айрығы.. жолдан өтейін деп жиналып қалған адамдар.

Read the rest of this entry »

яхууу мастерге түстім!!   17 comments

Құттықтап қойсаңдар болады:).

Бүгін емтиханның нәтижесі белгілі болды. Мастерге түстім. Жаңа деканатқа барып оқуға түстің деген құжатты алдым.

Таңертең 10-да ілу керек болатын нәтижелерді. Мен ертерек тұрам деп өзімше сағатты қойғам, бірақ өшіріп тастап, қаз тұрам деп жатып сол беті ұйқтап кетіппін:)). Содан сабаққа бірақ келдім, ал нәтижені білгем жоқ, мұғалімім айтар Read the rest of this entry »

One LOve-Arashi   2 comments

Мацуджюн түскен Хана Йори Данго Boys Befor Flowers сериалы 2 маусым жүрді, сосын соңғысы Хана Йори Данго Файнал болып фильм боп шықты. Масштабы үлкен фильм болды, Гонгконг, Лас Вегас содан кейін Жапонияның Ишигаки аралында түсірілгені бар, Азия бойынша үлкен хит болды.

мына сурет фильмнен емес айтпақшы:). мынау кәдімгідей парад көшедегі, арнайы Мацуджюн мен Маочян үшін:)

фильмдегі киімді киіп шыққан сәттен сурет, фильмның презентациясы ма бірдемке ұымытып та қаппын. но халық кәдімгідей жиналған:). Read the rest of this entry »

Абай Құнанбайұлының соткасының номері   8 comments

Менің бір інім бар, ағамның ұлы 5 жаста Ануар деген..

Ой бір жынды бала, тапқырлығы асқан:)))

Өткенде ғой нағашы ата апасыныныкіне қонаққа барған екен, бір аптадай болған, себебі басқа немерелері жиналған, содан қызықтап, өзіне ұнапты әйтеуір. Бірақ бір ұнатпағаны таңғы ас екен. Апасы таңертең үш немересіне каша жасап берген, жақсылап жасап, содан үш немересіне бөліп беріп, өзі қастарында отарған ғой жеп болғандарын күтіп, сүйтсе біздікі өзінше боп жемейд дейд. Сон қасындағы ағаларына  «ой мына каша жаман» деп, «үй неге олай айтасың» ? десе. ,  » Апа бізге салып берді де, өзі түк татқан да жоқ, егер жақсы болса  апаның өзі де жемей ма» деп апасын қатырған екен:)). Апасы сасқаннан үүүй:)) деп, барып кастрюляның түбінде қалғанын жеген екен:))) Read the rest of this entry »

кейде пысықтығым ұстағанда..   12 comments

Ана Балдырғанға уже бір ай болды әні міні деп жүргеніме, қолдан сырға жасағам, соның суретін ілемін деп:)).

Фотигім жоқ дедім, айфонның фотигі онша емес деген себептер де айттым:))). тағып түсіретіндей адам керек дедім.Одан кейін соны түсіруге ерініп жүрмін дедім:)).

воощым мынау менің туындым деп қояйыншы өзімше (мен үшін кәдімгідей жетістік!!, сыншыларға алдын-ала:)) Read the rest of this entry »

Араши No.1   17 comments

Арасында Жапонияның танымал артисттерін таныстырып отырайын, онымен қоса Жазира мен Айжаннұрлардың сұрауы да бар. Өткенде ана жаңа жылдық құттықтауда қойған видеоның алдыңғы жылғы версияларында осы Арашилар түскен екен. Балдырған мен Баян ға айтып айтып уже олар Арашиді біраз танып қалды:))

Дәл қазір Жапонияда ең атақты топ кімдер десе Араши деп айтса еш қате болмайды. Jonny’s entertainment продюсерлік орталығының 5 жігіттен құралған тобы.( Jonny’s entertainment атақты бойбэндтерді шығаратын продюсерлік орталық. Жапондар осы жерден шыққан топтарды жяйниз дейді, құраушысы Джяйни Китагава деген кісі де ерекше әдеттерімен аңыз боп кеткен адам).

Қазақшаға аударсақ-Дауыл тобы. 2009 жылы альбом сатылымы бойынша № 1, DVD сатылуы бойынша № 1 және №2 орынды алды. Тек синглдарының сатылуы бойынша 1-2-3 және №5 орынды да бір өздері алатындай керемет танымал топ. Соңғы All the best 1999-2009 альбомы 1 жарым миллиондай дана сатылған. Believe, Ashita no Kioku синглдары алғашқы аптаның өзінде 500 мың данадан артық сатылған екен.Топтың мүшелері Мацумото Джюн (халық арасында Мацужюн), Ооно Сатоши, Айба Масаки, Ниномия Казунари (Нино), Сакурай Шё.

Жігіттер тобы болғасын тек қыздар арасында танымал болады ғой көбіне, ал Арашидің бір ерекшелігі бесіктегі баладан бастап 60-тағы апалар да , тіпті ер адамдар да жақсы көреді.

1 айдан кейін басталатын қыстық олимпиадаға баратын жапондық спортшылар тобының жанкүйерлік әні, тема сонгты да осы Араши айтатын болды.

Read the rest of this entry »