мен племянницам архитекторға оқып жатыр КазГасада, сон жалпы Жапонияның архитекторлары туралы, жаңа ғимараттар суреті болса деген етін.. Сабаққа бара жатып бір постерге көзім түсті Architects Studio Japan деп тұр екен, Нагасакиде көрме жасап жатыр екен, барып көру керек деп ойладым, менің тұратын жерімнен алыс емес.. Сүйтсем өткен апта соңы есімнен шығып кетіпті, бір нәрсе ұмытқан сияқтымын, алай ойлап былай ойлап, универге қатысты ғана ойлап, ол жүмыстар дүйсенбі сейсенбі жасайм деп келістім ғой тюторыммен деп ойладым да қойғам, жексенбі түнде бірақ есіме түсті:)))
осы жолы да ұмыта жаздадым, кеше түнде ұйқтамағам, Окинавадан қонақ үй іздеп, содан ақыры таң атқасын бір жүмыс бар еді соны тындырайын деп ойладым, точнее жұмыс емес, алдында көз тексерттім, линза алам деп айтып ем ғой, сонда маған керек линза болмай қалған тек 3 күн тағатындай алдым да қалған бір айлық пакетті артынан ап кетуім керек болатын, ақыры сол линзаларды алуға баратындай уақыт болмай кетті, арасында арнайы сол линзаға баруға еріндім де, универден қарама-қарсы жақта:))). Ал бірақ Окинаваға барсам линза керек деп бүгін сол түске дейін ғана істейд деп ұйқтамастан бардым. Ары қарай ақыры ұйқтамайм деп ыстық бұлаққа барып алайын деп қажетті заттарды ол ап шықтым. Түнде ұйқтамағасын қайбір түр дейсіңдер:))) Ақыры ары қарай ыстық бұлаққа барам ғой деп бетіме дұрыс қарамадым да, клиникаға кіріп линзамды алам да шығам да кері қайтып ыстық бұлаққа барам деген ой ғой менікі:)
Содан линзаны алып енді ыстық бұлақа қарай велигімді бұрып жатқан ана Архитектурасы емісе түсті сіңлімнің:))). енді қайттым дейм, түрім деген быт-шыт, шашымды да ол өтірік – өтірік жинай салғам, басымда жаңбыр себелеп тұрғасын капюшон жемпірімнің! [капюшоннан ақыры көрінбейд деп:)))]. Енді қайттым? Көрмеге бару үшін үйге қайтып киініп шықсам ба? ой бірақ тауға өрмелеп түскен ужыc, или же мына түріммен ақ бара берейін ба ойлап:)))). Еще пакетте жүк боп моншаға керек заттарым бар:))) мыналарды қайтем деп, себебі менің идеалды жоспарым бойынша Линзаны алам, сосын ыстық бұлаққа барам, келіп жүктерімді жинап кешкісін Фукуокаға шығып кетуім керек еді.. (Себебі дүйсенбі Окинаваға ұшатыным сол Фукуокадан, арзанырақ билет тапқам).
Не істейм енді ақыры ары ойлап бері ойлап көрмеге зачуханная боп бара беретін болдым:))) Ана ыстық бұлаққа қажет заттарды великтің себетінде қалдыра салдым, оған ешкім тиісе қоймас деп..
Сосын тағы бір нюанс осы Апта соңы көрменің орны ауысқан маған жақын жерден, Нагасакидің басқа жерінде, тек машинамен барған қалашық ана алдындағы бастауыш мектеп орналасқан жер, примерно қай жерінде екенін картадан қарап алғам бір апта бұрын, әрі қарай гугл аман болсын деп бардым. Жергілікті поезд электричкамен бардым, маған таңсық вааще отырмайм ғой оған, көбіне трамавай:).
Ақыры ана қалашыққа жеттім ау, өзі жергілікті позедар 40 минутта біреусі ғана жүред екен! Вокзалдан шығып айфон гугл компасын қосып бағытты таптым, тауға қарай шығу керек екен!! ооой менің жатақханам жолда қалад:))) Әлі келем әлі келем керемет ұзарып кеткендей, жолдан бір универдің суреттерін түсірдім бе:))).
сол көрмеге кірсем анкета толтырыңызшы деп лана деп оны жаздым, воощым бұл көрмеге 4 архитектор келген екен. Өздерінің жұмыстарымен таныстырып, үй тұрғызуға ниеттері бар адамдар кеңес алуына болады, нуу былайша өз компанияларының жарнамасы ретінде ұйымдастырылған көрме екен. Өзі көрме жері кішкене ғана екен, мен барғанда әйтеуір бір-екі отбасы кеңесіп жатқан архитекторлармен, біреусі бірдеме деп тіл қатты да маған, ақыры сол ешкіммен сөйлеспейм деп келген Жанна:))) пришлось сөйлесуге хаха, до того заобщались:))) Мен енде архитектура жағын қайбір ұғад дейсің, қабырғада әртүрлі сызбалар, сосын сол эко жағынан сұрақтар қойдым, Жапониядағы терезедегі бір қабат әйнек туралы, орталық жылу жүйесі жоғы туралы:))). хахаха Қазақстан қай жерде екенин Икешита архитекторым білмейтін боп шықты, мен айтам осы Жапонияда географияны дұрыс оқытпайды ау деп:))). Басқа кісілер ол қай жақтансыз деп Қазақстан десем олар білмейтін боп шықты. Қай жерде деп сұрамаңдар мен сияқты позор боласыңдар деп ана кісі:)))). Ішіндегі тек бір жас архитектор білетін екен:). Чот қайдан білесіз деп сұрамаппын..
Сооол воощым түрім енді ужыс, көзім асты қарайған:). Үндемейм, ешкіммен сөйлеспейм деп барған қайдааа,ақырында елдің бәрмен сөйлесіп ана жердегі, ужыс түріммен Қазақтанды позорить етіп келдім деп Токиодағы құрбыммен артынан сөйлескенде:))))))))))))))))
Айтпақшы архитектураға қызығатын адам мына жерді қарасаңдар болад бұл мен сөйлескен адамның студиясы екен, жұмыстары қызық, мен айтам қызық екен деп, сыртынан қарасаң түк қызық емес, кейбірі түсі тіпті қою, бір ескі қойма сияқты деп:))) Бұл жапондардың ерекшелігі ғой дейді, себебі сыртқа көрсеткілері келмейді, [ана отчаянные домохозяйкидегі американдық үйлерден мүлдем бөлек сырты:))))))))))))))))))] Бірақ үйдің іші жарыққа толы, соңғы кездегі Жапониядағы тренд деп түсіндірді.
Жалпы компанияның сайты мынау , әдейі жұмыстарының суреттері деген жеріне линк бердім, қарап көрсеңдер болады. Үйлер бар, сосын клиникалар да бар, кейбірі реформ жасалған үйлер әртүрлі салада жұмыс істейді екен, ана мен сөйлескен кісі өткен жылы бірдеме атақ алған екен, жүрекке жайлы үй 2009, примерно сондай бірдемке, жас архитектордан басқалары бәрі әртүрлі мараппаттар алған кісілер екен..
сілтемелеріңізге бек рахмет