Archive for Маусым 2010

Flowers/Tsubaki жарнамасы   4 comments

Соңғы кездегі жарнамалардан осы жарнаманы қатты жақсы көремін. Цубаки-камелия шампунының жарнамасы. Жақында кинотеатрларда көрсете бастаған Flowers филмімен біріккен. Осы фильмдегі актрисалар почти барлығы өте атақты актрисалар. Мацуджюн түсетін Гокусэн дормасындағы Накама Юкие де түседі. Менің ең жақсы көретін актрисам да түседі, мына жарнаманың аяғында қызыл пальтомен есіктен аттағаны:)). Барлығы алты актриса болса, осы жарнаманың да 6 түрі бар.

Ал  фильм қызық болу керек. Flowers-гүлдер деп, әр замандағы жапон әйелдерінің тағдырын көрсететін фильм болу керек. Қарамағасын айта алмайм. Бірақ та ішіндегі біреуі қалыңдықтың кимоносын киіп жүгіріп жүрені, адамды люботный боп қалдырад екен:)).  20 ғасыр басындағы runaway bride сияқты:).

И сосын тағы бір нәрсе жарнамадағы әнді айтатын топ Dreams Come True тобы да жақсы көремін.

Advertisements

Аспаздық   4 comments

Эльвира вордпресске көшкеніне қуаныштымын:)

мынау жаңа адресі. Қонысың құтты болсын, бізді жаңа рецепттермен қуантады деп күтеміз:)

Рэйнның аварды құтты болсын!:)

Posted Маусым 7, 2010 by 6gradus in Тағамдар

суши және тб   4 comments

Өткенде ыстық бұлаққа барғасын, сол жерде тамақтандық. Вообщем динер план/байкинг ,қалаған затыңды жейсің. Бағасы 2500 теңгедей. Тізіліп тұрған неше түрлі тағамдардан өзің  қалаған тағамыңды өзің қалағанша салып аласың. Жапондық тағамдардан бастап,  спагеттиге дейін.  Сосын әртүрлі десерттер және сусындар да бар екен. Сондағы неше түрлі заттарды жинап алған тарелка. Read the rest of this entry »

Posted Маусым 7, 2010 by 6gradus in Тағамдар

Жапонияда жаңа премьер!   4 comments

Уже екі аптадай дым уақыт болмай, одан қалса соңғы 2-3 ауырып жағдайым болмай теледидар қарамай кеткем. Сүйтіп кеше жаңалықтар қарасам Хатояма Юкио премьер-министр қызметінен кетіп жатыр екен! Мен теледидар қарамай кеткен уақытта не боп кеткен өзі деп қоям:)))) Бар жоғы 8 ай бұрын билік басындағы партия ауысып, Хатояма Юкио билік басына келген еді. Әй бірақ, оңбай сүрінді. Басында премьердің саяси салым ақшасының скандалы болды, ол ақша шіріген бай шешесінен келді дегесін ол мәселе басылғандай болды. Одан кейін партиядағы екінші, тіпті көлеңкеде бірінші адам:)))Одзава Ичироның сатып алған жері тіркелмеген боп шықты, тіптә ол жерді сатып алған ақша қайдан келгені түсініксіз боп кеткесін, билік басындағы партияға жұдырық үстіне соққы болды.  Партияның рейтингі 30 пайызға түсіп қалды. Одан қалса, Окинавадағы американдық әскери база-Футенманың шешілуі де ақыр аяғы сиырқұйымшақтанып кетті. Окинаваға премьер соңғы айда бірнеше рет барды, барған сайын демонстрация жасаған Окинава халқы қарсы алғанда, «НЕ БЕТІҢМЕН КЕЛДІҢ, КЕТ» деп айқайлаған халық. 5 минуттық сөз сөйлегенде, 7 рет кешірім сұраған премьердің көрінісі, шынымен жалко. Ол Футенма базасын көшіреміз деген жердегі халық ол көтеріліп, оой әйтеуір демократия бар ел болғасын ғой, әйтпесе көшіреміз бітті ғой, жергілікті халқы қарсы ма жоқ па.. Американың сөзін ол қалдырғысы келмид, Окинава жұртының сөзін ол жерге тастағысы келмей, екі оттың арасында қалды. Read the rest of this entry »

Posted Маусым 4, 2010 by 6gradus in Санатталмаған