Archive for Қараша 2009

I LOVE FUKUOKA   7 comments

Сәлем қалайсыңдар?

Қазір Фукуокамын, сүйікті қалама қыдырып келгем..

Read the rest of this entry »

Advertisements

жарықтан ластану (light pollution)   3 comments

алғаш тақырыпты оқығанда қандай ойлар келді сіздерге?

Өзім алғашқыда бұл қандай ластану сонда деп таң қалдым атын оқығанда, мысалға табиғатқа тигізетін әртүрлі әсерлерден туындаған ластанудың түр-түрін біліп келдік. Адамның экономикалық әрекеті көбейген сайын, адам барынша табиғат ресурстарын пайдаланып келді. Ал табиғаттың жаңару процесінің ұзақтыған ескермеді, осылайша қазір біздің демалып жүрген ауамыз, ішіп жүрген суымыздың сапасы күмәнді болатындай жағдайға жеттік. Тіпті ол су химиялық құрамы H2O таза болған өзінде де қаншалықты денсаулыққа пайдалы екендігі күмән тудырады. Зиянды әрекет, қалдықтардан туындаған ластанудың түрлерін былай да естіп, кітаптан оқып, тіпті көзбен де көріп жүрген біздің адамға, жарықпен ластау, не болмаса жарықтың зиянды әсері дегенді сіздерге қалай маған түсініксіз болды. Содан португалдық зерттеушілер Тереза Алвес пен Диана Алмейданың біріккен орташа көлемдегі мына бір еңбегін оқығасын түсінген болдым. Read the rest of this entry »

Жапонияға келгенім жақсы болды №1   6 comments

хаха серия-серия ғып жазайын деген ойым бар содан №1 деп қойдым:)). Макенің комменттінен туындаған ой негізі.

Алғаш келген кезім, ол кезде әлі велик алмағам, кешкісін бір жақтан қайтарда трамвайға отырдым, адам көп екен. Содан ашық жатқан сумкамның (ішінде зат көп етін) аузын жаба бастадым. Содан бір кезде ой сап ете қалды, ии сен қазір Жапониядасың ғой деген, еее деп расслабилась, Read the rest of this entry »

Құрбан айт қабыл болсын   1 comment

Айттарыңыз қабыл болсын ағайын!

Шалған құрбандарыңыз қабыл болсын!

Сыртта жүрген мен биыл құрбан шалуға қатыспадым.  Кешегі жағдайларға байланысты бүгін Фукуокаға шыға алмадым. Ертең таңертең Иншаллах. Содан бүгін осы Нагасакидегі мұсылмандармен бірге айт намазына қатыстым. Өткенде Кениялық бір мұсылман келіншекпен танысқан едім, содан бүгін барсам әйелдерден ол жалғыз екен, артынан Бангладештік әйелдер қосылды.

Құтпа, айт намазы, дүға сосын кішігірім дастархан жайдық. Әркім өзі аздаған дәмдер ап келген екен. Мен Рахаттың кәмпиттерін ап барғам.

Содан қайтып универдегі шаруларыммен шетелдік студенттер орталығында жүрсем, Индонезиялық бір мұсылман әйел келді, амандасып, айтпен құттықтасып, аа сен ҚЗ-нан ғой, естідім бүгін күйеуімнен, маған шоколад әкеп берді деп айтып жатыр:). солааай настр жаман емес.

Қазір профессорымды күтіп отырмын, бір құжаттар өткізуім керек еді..

пысы Асхат суреттер жоқ менде фотик жоқ. и сосын тегі бір қызық суреттер болмас та еді. Иншаллах Фукуока мешітінен ілермін..

пауза Фукуяма Масахару:)   7 comments

Дос болып қала алмаймыз.. Бұрынғыдай, ғашықтар да бола алмайтынымызды  білемін ғой

бірақ та жүрегімнің түбіндегі мәңгілік махаббат деп атайыншы

супер жарнама, әні үшін осы Фукуяманың даусы үшін ұнайды:). Read the rest of this entry »

Экологиялық заң сабағы   1 comment

Бүгін менде бір баяндама болды, экологиялық заң бойынша, кеше сол күні бойы түк идея келмеген, қалай бастасам деп ойлап-ойлап, содан түнде отырып жаздым, оның өзі сағат түнгі 11-де бастаған шығармын:). Содан түнгі 3-ке қарай біттім де, ал енді принтерден шығара қойайын десем шықпайды ғой, мынаған не болд деп, принтерді өшіріп, жағып, туу деп жүрмін әрі-бері, содан бір кезде қайта догадалась, принтермен компты қосатын шнур жерде жатыр екен, елдер оны лаптопқа қосқан ғой алдында:))). Содан 4-ке қарай жеттім үйге.. Әйтеуір жазғаныма орай өте жақсы бір баяндама боп шықты, өзім риза болдым хаха. Бүгін мен 2-3 минут кешігіп кірсем, мұғалімім Жанна сен кредит жинамайды екенсің ғой, саған баға қоймайд екем ғой дейд, кешірші мен білмеппін, сәні әуре ғып, баяндама жаса деп жүрсем дееп..мұғалімім.. Ой осы кісіге риза болам, сондай кішіпейіл адам. Өзі 20 жылдай қоршаған ортаны қорғау министрлігінде қызмет еткен кісі, сабағы өте қызық, нағыз ортасында жұмыс істегені үшін менше, әсіресе әртүрлі қоршаған ортаға тиген әсерден ауырған адамдардың қозғаған соттарына қатысты айтары көп, бірнеше сотта мемлекет те кінәлі боп табылған кездері, зардап шеккендермен кездесіп, үкімет атынан кешірім сұрау деген сияқты, неше түрлі нәрселерді көріп, неше түрлі шараларға үкімет атынан, қоршаған ортаны қорғау министрлігі атынан барған кісі.. (біздікілер болса кешірім сұрамай қалсын:))). Бір сот 50 жыл бойы жалғасып келеді, кажись әлі бітпеді ғой дейм.  Read the rest of this entry »

тағы бір бизи күн..   10 comments

Кеше профессорым ”——-” барып көресің бе дегесін жарайд дегем. Содан соңғы сабаққа барған жоқпын, бір қума сабақ бар, 40 пайызын түсінсем түсіндім, әйтпесе онысын да ұқпайтын бір жынды сабақ :))). Мастерге түсетін болсам точно алмайм сол сабақты:))

Сүйтіп сабақтарым біткесін ызғытып великпен келе жатсам ана жынды сабақтан беретін мүғалімім алдымнан шықты, ол кісі де великпен (жалпы біздің факультеттің мұғалімдерінің көбісінің велик мінгендерін көремін, как никак экология факультеті болғандықтан шығар хаха:)) содан тоқтап сабаққа бара алмайтынымды айттым..

Содан семинар румға қарай келсем біздің семинардың балалары мені сыртта күтіп жүр екен, заттарымды тастап семинар румға, машинаға отырдым. Қайда бара жатыр десеңіздер? Read the rest of this entry »