Archive for Сәуір 2011

Мики Андо чемпион!!!   4 comments

Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатында мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасынан бірінші орынды Андо Мики алып, әлем чемпионы атағын екінші рет жеңіп алды (алғашқысы 2007ж).

2010-2011  жылдық маусымның шымылдыған жабатын әлем чемпионаты бір ай бұрын өтуі керек еді. Жапониядағы апаттан соң әлем чемпионаты Мәскеуге ауысқаны естеріңізде болар.

Менің ең сүйікті фигуристім Андо Мики биыл жақсы өнер көрсетіп, біраз алтын жинап шықты.  Read the rest of this entry »

Advertisements

жалғасы…   20 comments

Аэропортқа бара жатырмыз. Бауырым бір кезде айтады «Бопты, қаз сен осыдан Сеулге ұшасың ғой, ал одан әрі қарай самолетте бір өзің ұшатын шығарсың 😀  деп біраз жынды қылды.

Рейсқа регистрация жасап едім, багажым кетті, ал қол жүгім ұнамай оларға, ну енді ноутбук бар, тағы басқа заттар бар ^_^ , белгіленген нормадан көбі көп енді оны мойындайм, қол жүкке норма 5-8 кг болса, менің рюкзагым 15 кг болды осы жолы 😀  бірақ сол рюкзагымды бұдан да ауыр ғып тиеп алып, ыспокойно жүз өтіп жүрген адам едім, осы жолы не болғанын тегі сонша тексеріп.. 😡

Содан ақыры алдым да басымды қатырмаңдар деп, біраз заттарды Анарға қалдырып кеттім.  Анардың Фукуокадан Нагасакиге дейін келетін автобусқа билеті бар, сосын Фукуокаға жеткенде ақша ауыстырам деп аэропортта уақыт кетіріп, әуре боп жүрмесін деп, маған соғу үшін,  телефон автоматына арналған ұсақ ақшалар бар, сосын менің адресім мен телефоным жапонша, ағылшынша жазылған қағаз бар, сосын жаңағы заттар бар, племянницама «қазір Анардың рейсін күтіп алып бересіңдер» деп, әлгі заттарды тапсырдым, дәл осы жерде блогкэмп деген минирюкзактың пайдасы болды \(^ ^)/ И вааще регистрациядан өтіп алып, сыртта уақыт өткізген жақсы екен,  баурым бар, ағам бар біраз әңгімелесіп отырдық. Содан мен түнгі 10  жарымда кеденнен өтіп, ішке қарай кеттім. Анардың самолеті Атыраудан сол уақытта Алматы эропортына қонып жатты 🙂 Read the rest of this entry »

Көптен жазбап едім..   19 comments

Айып етпессіздер халайық. Көптен осы блогыма уақыт таба алмай жүрмін. Уақыт пайда болғасын уже қалай жазарымды ұмытқандай болып қалыппын.

Басынан бастап жазайын не болса да 🙂

Жапонияға келгеніме 3 аптадай болып қалды. Келер кезде ой талаай әңгіме болды ғой 🙂

Менің үйдегілерім нормально қабылдады әйтеуір. Шамасы менің реакциямды көргесін солай болған шығар. Ал бірақ есесіне жан-жақтағылар мазаны алды шыны керек.  Ойбай сенің қарындасың/сіңлің/балдызың/апайың Жапонияда еді ғой деп. Сосын цунамиден кейін талай мэйл алдым.» Амансың ба»-деген . «Мен Қазақстандамын» десем ууф деп достарым, таныстарым:).

Біздің адамдар рейтинг қуған теледидарды көріп алып, ооой несін айтайын, біраз нервыны құртты.

Шын айтсам, менің үйдегілерім басқа нәрсені уайымдады 😀 Read the rest of this entry »

Posted Сәуір 22, 2011 by 6gradus in Күнделікті