Archive for Желтоқсан 2010

Жаңа жылдарыңызбен!   4 comments

Тағы бір каленьдарды тастаймыз:). Әйтеуір келер жылы жұртымыз аман болсын. Өзіміз деніміз сау, басымыз аман болайық. Тек қана алға!!!

Жаңа жылдық құттықтау дегенге сай мына видео супер екен, ну енді жапондық болмаса да керемет екен хахаххахахахаха, бірден айфоныма көшірдім:))))

Advertisements

Мынау не? жауабымен:)   13 comments

вообщем бұл жапондық стильдегі носки:)). кигенде мынадай болады. Read the rest of this entry »

Posted Желтоқсан 27, 2010 by 6gradus in Жапондар:))

Tagged with

Кагошима қаласы   4 comments

Сол баяғы суреттер сериясынан..

Баяғыда Кагошима қаласында түсірген суреттеріммен бөлісейін. Кагошима қаласы дегенмен жәй өзім тұрған аудан десе болады.

Кагошима қаласы Кюшю аралының ең оңтүстігінде орналасқан қала.

Осыған дейін Фукуокада, Кагошимада тұрып келдім, енді осы жолы Нагасакиде, картада тұрған 3 қаламды белгілеп қойдым:). Сол үшін де мен өзімді Kyushu girl деп атаймын:))). Айналып Кюшюден шықпай қойдым хаха. Хотя осы жолы Кюшюге емес, Иокохамаға жаққа барғым келген еді, бұйырғаны осы Нагасаки болды:).

Қазір уже Нагасакиге үйреніп те кеттім, бірақ ең үлкен махаббатым бәрібір Фукуока:)))). Қайткенмен де мегаполис қала, іздегеніңді табу оңай дегендей. Әлемнің тұруға лайықты қалаларының үздік 20-на да кіретін қала ғой. Алғаш Жапонияға келгенде тұрған қала болғасын да Фукуока маған ерекше шығар кім білсін..

Ал Кагошимада теңізге жақын тұрғанбыз, біраз жаяу жүргенде теңіз жағасына жетіп, Сакураджиманы көруге болатын. Бұл тірі жанартау. Үстінен әрқашан түтін шығып тұрады аз-аздап, сосын арасында атқылап халықты шошытатыны бар:). Read the rest of this entry »

жүзігім келді!!!! :))))   12 comments

сәлем қалайсыңдар?

Өткенде қыздарға гугл баззда түсімде алтын жүзік сатып алып жүргенім туралы жазып біраз любопытная қылған едім:)))

Негізі шынымен алтын жүзік сатып алғам, турасын айтқанда тапсырыс бергем инетте:). Соны ойлағасын түсімде де алтын жүзік деп түс көргем ғой хаха. Оным бүгін таңертең жетті.

Дәл қазір крисмас деп неше түрлі кампаниялар жүріп жатыр, дәл осы жүзікке 50%  жеңілдік болғасын ала салдым. Сонымен алған жүзігім мынау Read the rest of this entry »

Жапондар да нан жейді :)))   17 comments

Арнайы Ақзере үшін жазамын осы постты:). Өткендегі наруто туралы пост жазғанда, дүкен сөрелерінде нан деген атымен жоқ екен деп еді. Соның орнын толтырайын деп..

Негізі жапон дүкендерінде нанның бірталай түрі сатылады. Ол жағынан алғанда Кореяға қарағанда тәуір екен, сосын жапондарда тоқаш өнімдері өте көп, «керемет дәмді» деп тамсанып алатын үнемі бір кәріс құрбым:))). Жо шынымен тоқаштары неше түрлісі бар, сосын тәттісі де, немесе карри дәмімен, немесе ішіне жүгерімен, тунамен, кунжуты бар тағысын тағы кете береді, маған ұнайтыны ішінде сырмен сосын тунамен тоқаштар, үнемі универде аламыз бір қытай құрбым екеуміз.

Ал былайынша дүкен сөрелері мынадай болады.

шамамен 80 yen=1 $ екенін ескерсек, мына тоқаштардың бағасы шамамен 200  теңге.

бұл енді өңкей тәтті өнімдер.

Read the rest of this entry »

Токиодағы қызықтарым…   12 comments

Негізі бұл оқиғалар менің емес басқа бір қазақ баланың бастан кешкендері. Ол енді жұмыспен келген жігіт. Жапонша дым білмей келген ғой, тек осында кеп үйрене бастаған, әзір де жапоншасы онша емес, соған бола центр прикола болып тұрады ара тұра:). Өткенде біраз күлдірген еді мені:). Соны сіздергі бірінші жақтан айтып берейін.

Өткенде түскі ас уақыты, жұмыстастарым бір нәрсені қызу талқылап жатты, мен қастарына барып отырдым. Бәрін өзіне қаратып отырған жасы біразға кеп қалған бір жұмыстасым, не айтып жатқандарын тыңдап отырған мен жоқ, тамағымды ішіп, өз ойларыммен отырмын…Содан түскі астың аяғына қарай бір бастығым айтад, жаңағы жұмыстасымды көрсетіп, айтпақшы жаңа ガール gaaru (қыз, девушка) сатып алды ғой деп, мен түсінбей gaaru (қыз) ба?? деп сұрадым, ал ана жұмыстасым болса ия ия деп басын изеді.  Ол кісі өзі жасы біразға кеп қалған кісі, бала-шағасы да бар, ну білмим басымнан ол нәрсені ойлап үлгердім ба жоқ па, бірақ та, «жасы қаншада» деп сұрадым. Жұмыстасым сұрағымды ұқпағандай. Неее?? дегендей біраз бетіме қарап отырды да, ガール gaaru (қыз) емес カール kaar (машина) деп еді, елдің бәрі қыран топан болды:)))).

Қайдан білейін басыма келген информацияны талдап үлгермедім:). Сүйтіп «gaaru емес, қыздар сатылмайды» деп ол кісі біраз бұлқан-талқан болды, ал елдің бәрі маған біраз күлді. Осы жапондардың акценттері енді ужыс, ағылшынша каа мен гаару деп ана кісінің сөйлегені енді, вааще түсініксіз болды, қайдан білейін:).

Сосын тағы бір күні әлгі жігітпен сөйлесіп отырсақ айтады, келгелі жедел жәрдемде де, полицияда да болып көрдім дейді. Мен айтам келгенің бір жыл ішінде талай нәрсе бастан кешіпсің ғой деп:))). Қайдан жедел жәрдем мен полицияға барып жүрсің десем оқиғасы бірінен-бірі асқан күлкілі:)))). чаттағы әңгімені сол күйінде жаздым, тек енді қазақшасын біраз жөндегенім болмаса Read the rest of this entry »

Ананас паркі   6 comments

Ананас қалай өседі деп ойлап көріп па едіңіздер?

Мен бұрын ананасты пальмада өсетін шығар деп ойлайтынмын:). Осы жылы Наурыз айында Окинаваның Наго қаласындағы ананас паркіне барғанбыз. Паррке кіру бағасы 550 йен, шамамен 6$-дай болар.

Жапонияның оңтүстігі Окинавада ананас өсіруге болатындай климат бар, бірақ та керемет өндіріс жоқ, тек кәдесый ретінде ғана өсіреді десем болады. Себебі Жапонияда ананас өсіру қымбат, рентабельділігі жоқ болғандықтан супермаркеттерде сатылатындар филипиндік ананастар көбіне.

мынау сол парктің ішінде ананастың алқабы Read the rest of this entry »