Archive for Қазан 2009
Сәлем қалайсыңдар?
оой мен бүгін бір стресстен құтылып отырмын. Мастер корсқа қатысты жоспарды өткіздім профессорыма, ол кісі оны оқып, соған қарай рецензия, рекомендация жазып әрі қарай жіберу керек. Ана алдында айтқанымдай стипендиямның мерзімін создыру үшін жасалып жатқан процесс.
Бүгінгі өткізген жоспарым бойынша Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғауға қатысты білім беру жүйесін дамыту, жалпы экологиялық түсінікті қалыптастыру саясаты бойынша зерттеу жасағым келеді деп жібердім. Ой білмим шыны керек қай бағытта жылжитыным пока что что соны жазып жібердім.. Бірақ мүмкін кейін экологиялық экономика саласына ауысуым да мүмкін.
Қазір егер осы экологиялық түсінікті қалыптастыру, білім беру жүйесіне қатысты жазатын болсам басқа профессорға ауысу керек болады. Ол кісі енді БҰҰ-ның қоршаған ортаға қатысты қоғамдық түсінік қалыптастыру туралы бағдарламасын қазір Нагасакидің бір кішірек қаласында енгізуге қатысты зерттеулер жасап жатыр екен, ондай болатын болса енді көбірек практикалық мысалдар жағына да көңіл бөлу керек болады..

Жапония жанартауы көп ел ғой, соның бір жақсы жағы ыстық бұлақ та көп. Read the rest of this entry »
Өзім қатты жақсы көретін жапондық тағам собаның суреті және универдің асханасынан сурет ілейін..
Менің түскі асымның суреті. Соба, сосын суға пысқан асқабақ және пайн не ананас Read the rest of this entry »
Кеше достарыммен киноға бардым. Екі кәріс қыз бен жапон жігіт 4-міз.
Осы фильмдегі актриса Inoue Mao маған ұнайды, содан мелодрамаларды аса ұнатпасам да барайықшы барайықшы деп мен бастағам. Әйтеуір мангадан алынған әңгіме екенін ғана ұқтым.
Жалпы соңғы жылдары Жапониядағы бір тренд, манга болады, кейін содан аниме түсіреді, одан ол әйгілі болса одан дорама (сериал) шығады, егер ол да дамыған сериал болып кетсе кейін одан фильм жасайды.
Меніңше соңғы жылдары өте атақты болғаны Хана Иори Данго сериалы, бірінші тайвандықтар түсірді, одан кейін жапондар 2 сезонын жасады, кейін тіпті фильмін түсірді, енді сұмдық хит болды бүкіл Шығыс Азияға, биыл кәрістер де өз версиясын шығарды. Тааак басты әңгімеден ұзап кеттім:))
Cонмен алғашқы махаббатымды саған бердім:)
Read the rest of this entry »
Кампустың ішінен бірен-саран суреттер
Нагасаки таулы жер екені мына суреттен де көрінеді, жол жоғары дөңге қарай өрмелеп кетті:)

Read the rest of this entry »
жапон қыздарының стильдері ұнааайды маған
жоқ ана экстремалды Харажюкудың қыздары емес, жалпы көшеде көретін қыздарды айтамын, қарапайым , кейде қызық, кейде каваии (сүйкімді) стильдері ұнайды.. соған байқайм өзімде ақырындап өзгере бастадым:)
бір екі мысал Read the rest of this entry »
Айтпақшы мобайл алдым ғой!!!
енді мында керемет хабарласатын адамдар аз, бірақ керек кезде таба алмайтының жаман.. Тел номеріңді берші дегенде өткен ғасырдың адамындай менде әлі мобайл жоқ деп тұрған өзі біртүрлі екен:))) Read the rest of this entry »
сол баяғы велигім, суретін ілші дегендерге:)))
әкетіп бара жатқан түгі жоқ кәдәмгі велик, бағасы арзан болды әйтеуір:)

айтпақшы бүгін великсіз келдім универге Read the rest of this entry »
Жатақханамның бірталай биік жерде орналасқаны үшін керек па жоқ па деп бірталай ойландым, сосын ее алмай ақ қоям деп те ойлағам, сосын өткенде lounge room қытайлық қыздармен сөйлесіп отырып, біреуі велик алғанын айтты, сон тағы бірі алуға барамын деп, оой ұзақ айтып қайтем ақыр-аяғы велик алушылар қатарына мен де қосылып кеттім:)))))
Кейбірімен уақытымыз сәйкес келмейтін болғасын, бір қытай қыз екеуміз баратын боп келістік, жаяу барасыңдар деді білгіштер, негізі автобус бар, бірақ қайсы баратынын ешкім білмейтін боп шықты, сонымен таңертең қолға қарта алып-ап шықтық екеуміз жолға, Read the rest of this entry »
Бір іс тындырған кезде сіздерде де сондай сезім болатын шығар деп ойлайм. Келгелі анау деп мынау деп, бір құнттамай, бірақ ақыры сабақ бастағалы өте-мөте керек нәрсе, электронды сөздік !!, кеше соны лабтағы бір жігіт көмектесіп инетпен тапсырыс берген едік, оларда бітіп кеткен боп шығып, тағы бірнеше жерден мэйлмен сұрап, ақыры Хирошимадағы бір компаниядан біреу табылды, сонымен бағанадан мэйлмен сұрап, одан бар болғасын телефон соғып тапсырыс бердім, жексенбі күні келу керек, яхууууу!!!! Read the rest of this entry »