Archive for Қаңтар 2011

Жанартау тірілді   16 comments

Кешелі бері Кюшю аралындағы бір жанартау тіріліп жарылып жатыр. Бізден оңтүстік жақта, Миязадзаки мен Кагошима префектураларының аралығында орналасқан Киришима тауы.

Жан-жаққа тас атқылап, оынмен қоса жаңартау күлі шашылып. Тек қана ол емес, жер сілкініп, жақын жерлер сұмдық боп жатыр. Бүгін 15.40та қатты атқылау болып, онымен қоса жер сілкініп, ол Нагасакиде де сезілген екен. Мен онысын сезбей қалдым енді:).Бұл жарылыс 52 жылдан бері екен.

Неше түрлі жаңалықтар, сайттар мен блогтардан жинаған суреттермен бөлісейін.

Read the rest of this entry »

Advertisements

Huis Ten Bush   11 comments

Жаңа жыл алдында қыздармен Нагасаки маңындағы Huis Ten Bush қалашығына барғанбыз. Токугава шёгундары билікке келген соң Жапония орта ғасырларда жабық ел саясатын үстанып, тек Голландиямен ғана сауда қарым-қатынасты Нагасакиде қабылдаған болатын. Сол үшін де бұл темапаркті Голландияға арнаған. Түнгі жарықтандыру,кешкі иллюминациясынан көріністер. Суреттер басса үлкейеді. (айтпақшы қолдынылған шамдар LED, үнемді шамдар )

Read the rest of this entry »

365 күн Mr Children   4 comments

Жапондық әнші топтардан ұнайтын топ, солистінің даусы керемет, әндері де.. Мынау лайв вервиясы. Осындай бір лайв концертке барып көргім келеді. Фукуокадағы Yahoo dome-ға барса деп армандап қояйын:). Ал мына видеода дыбыстың сапасы керемет лайв болса да

 

Жаңа жылдағы марафон   7 comments

Жыл сайын Жапонияда 2-3 қаңтарда эстафета-марафон өтеді. Енді бар ғой супер-мупер популар. Тіпті сол кездегі теледидар қараушылардан 25% -30% қарайды екен. Мен бұл жарысқа былтырдан бастап қызығып қалдым. Бұрындары ааа марафон деген сезіммен арналарды әрі-бері айналдырып отырғанда жәй ғана көз салушы едім. Бір жаңалықтарда жеңілген топ туралы көрсеткен еді. Былтыр ғой жарыс біткесін бір бала жамаан жылап еді, сондағысы аяғы тартылып қалды ма бірдеме боп қалды да дұрыс жүгіре алмай, сол үшін тобы алғаш 3-тікке іліне алмай қалған еді, бұл жарыста бір өзің емес, бүкіл топқа байланысты, жеңсең бүкіл топтың жеңгені, онша жүгірмесең бүкіл топтың артта қалғаны, ол қай универдің әңгімесі екені есімде жоқ, бірақ әйтеуір осы марафон үшін бір жыл бойғы дайындықтарын баяндаған еді. Әрбір жеңістің, не жеңілгенненнің артында қаншама еңбек, тер төккен адамдардың тұрғандығын көрсеткен, сол бағдарламадан кейін осы жарысқа қызығушылығым артты.

Негізі бұл марафон аты Хаконэ екиден. Бұл марафонға алдын- ала таңдаудан өткен 20 университеттің студенттері қатысады, тек ер балалар арасындағы жарыс. Бүкіл қашықтық 216 км, оны екі күнге бөлген, Токиодан Хаконэге, сосын қайтадан Токиоға қайтады, барлық жолды 10 этапқа бөліп, әрқайсына бір студент жүгіреді. Сонда барлығы 20 топтан 10 студенттен 200 бала қатысады.

Бұл жарыстың тарихы да терең, осымен 87 рет өтіп жатыр. Ең алғаш рет 1915ж өткізіліп, тек соғыс кезінде болмаған екен. Негізі екиден деген Read the rest of this entry »