Сарымсақ отырғыздық   13 comments

Жексенбі күні біздің профессордың студенттері боп жиналып, сарымсақ (чеснок емес, ЛУК) отырғызуға бардық.

Мынау суреттегі біздің алқап, біраз жоғары жақта тағы бірі бар осындай. Ол бұған қарағанда кішірек.

Негізі алдында бір бас қосу болған кезде арпа егетін боп келіскенбіз. Содан «арпа басшыны» таңдап,  ол жігіт пен профессор екеуі сол арпа өсіретін адамнан техникасы туралы, жалпы арпа туралы сұрап келетін болған.

Содан өткен апта профессордың мэйлінде сарымсақ егетін болдық деп жазыпты.АА? арпа қайда қалды деп таңданғам.

Сүйтсе арпаны егетін уақыт уже өтіп кеткен екен.

Содан қазіргі кезде егуге болатын заттар ішінен осы сарымсақты таңдапты. Мүмкін аса күтім қажет етпейді деді ма екен?? Білмедім енді ол жағын.

Қыста отырғызуға болар зат көп ақ, бірақ бізге аса күтімді қажет етпейтін зат керек болды. Себебі қырыққабат отырғызсақ, оның күтімі енді ужыс, біздің студенттерден барса сол аптасына бір-ақ рет, тіпті екі аптада бір рет баратын шығар. Сол үшін оңай зат керек:).

Биыл біздің алқаптағы шемішке вааще дені дұрыс өспеді. Әйтпесе былтыр деген керемет жинап едік күнбағысты , ол бейшараны жинап әкеліп қойғасын жаңбырға су болып, қаншамасы босқа шіріп те кетті, әй бірақ шығымы күшті болып еді.

Биылғы көктедегі рапс ол, аса болмады. Астыңғы алқапта жақсы-ақ гүлдеді, гүлдеп біткесін бұршақ сияқты болады екен дәндері. Біз әне-міне деп жиналып барғанға шейін, ол кәдімгідей пысып, қураған, содан сәл қолымызды тигізсек, судырап дәндері жерге шашылады-ау кеп. Содан аса көп жинай алмадық. Әйтпесе ол рапстан май сығып алатынбыз. Мен оларды егу жұмыстарына қатыспадым. Тек рапсты жинауға барғанда ғана барғам. Одан кейін отырғызған күнбағыс ол дені дұрыс өспеді. Биыл Жапонияда жаз деген ерекше ыстық болды ғой. Соның кесірінен күнбағысқа су жетпепті. Әйтпесе бойы деген кісідей боп өсетін нәрсе тізеден ғана боп қалды..

Сол үшін профессор, осы қысқы маусымға сай нәрсе егейік деп ұсыныс жасаған. Содан, өткен аптаның дүйсенбісінен бастап елдерің қайта-қайта алқапқа барып, дайындық жүргізді. Дайындық деген сол ана күнбағыстың қалдықтарын құрту. Сосын жерді жыртып, тыңайтқышпен араластырып шығу. Одан кейін түзу ғып, сарымсақты отырғызар орын дайындаған. Елдер сол дүйсенбіден барып жүрді, ал менде күнде сабақ болғасын, уақыты сәйкес келмеді.

Содан жұма күні профессордан бәрімізге мэйл келген, жақсы бір сарымсаққа тапсырыс берген едім ол келді, оны ұзатпай отырғызу керек. Ал мен Осакаға командировкаға кетіп барам, өздерің бірдеме ғып отырғызыңдар осы демалыстарда, әйтпесе тапсырыспен келген нәрсе құрып кетеді депті. Содан жексенбі, сосын дүйсенбі күндері баратын боп келістік. Басқа да семинардың студенттерінен көмек сұрадық.

Жексенбі 8 адам бардық. Дүйсенбі 17 адам барды. Себебі уақыт алатын жұмыс қой, әрбір түпті бөлек-бөлек отырғызу керек. Көп қолмен жасап тез бітірмесе болмайды.

Сарымсақ көп суды ұнатпайды ғой дейм, сол үшін отырғызар орын үстін целлофанмен жауып шықты. Ол да бір нервыны ауыртатын жүмыс екен, уақыт алып. Сосын бір қызығы ана қара целлофан арнайы сарымсақтыкі екен. Егуге қажет аралықта тесіктері бар екен. Біз тек сол тесіктерді үлкейтіп, отырғыздық. Басында ой дым жылжымайды, содан бір кезде бір жігіт бірінші таяқ қадап, шұңқыр дайындап ішіне сарымсақты салып ұстап тұрып екі жағынан топырақпен бітеу керек деп. Одан кейін біраз жұмысымыз өнді.

Барған 8 студент ішінен біреусі басқа профессордың студенті, кажись біздің семинар румға күйеу бала:). Вроде біздің профессордың студенті болған бір қыздың жігіті. Өзі осы жолы 3 қыз барғанбыз, сондағы біреусі «ой ол популар жігіт, красавчик қой»-дейді. Мен әлгі жігітке қарап, «аа солай ма не??» деген түр жасадым шамасы:))). Сыртынан айтып тұрмыз ғой. Менің «бұл не жігіт?» деген сұрағыма жауабы ғой:)). «Не красавчик емес па не» дейді? Нуу енді былай нормально, бірақ соншама красавчик дейтіндей жігіт емес вроде деп ішімнен ойладым да қойдым. Шото жапондардың осындай стандарттарын қанша жыл болса да, әлі де ұқпай қаламын:))).

Содан кейін, екі топқа бөлініп жұмысты бастап кеттік. Бір топ егетін орынды дұрыстап, қалған жерлерге целлофан төсеуге кірісті. Менімен жаңағы қыз бар, сосын красавчик деген бізге күйеу бала жігіт ол бар, сосын Казуя деген біздің семинар румның 3 курстан студентімен бізде 4-міз.

Артынан вроде түсінген болдым, ол қыздардың неге оны красавчик деп жүргені:))). Харизмасы мықты адам екен, сөйлеу мәнері, істеген ісі де, құр сөйлей бермей, сарымсақты бізден көп еккен шығар:)))). Ну, соған қарағанда аккуратный адам шығар деп ойладым. Юморы да жаман емес. Талантливый человек талантливый во всем дегендей, сабақты да жақсы оқитын шығар. Онысын білмедім, бірақ басы істейтін жігіт екені көрініп тұр сөздерінен.

Ой, оның қасында біздің Казуя деген бір клоун сияқты:))). Бірақ ол бір ерекше әңгіме енді:))). Метросексуал  бір жүрген. Сырт келбетін жаман күтеді. Ол сияқты шашын күтетін адам жоқ, даже қыздар олай прическасына мән бермейтін шығар:))) Басында аса ұнатпағам. Жоқ, ұнатпағам емес, қызық боп көрінетін, бүгіннен  кейін оған деген көзқарасым өзгерді:))). Бір кішкене бала сияқты, қылықтары тәтті боп көрінді:))).

Содан жұмысты бастадық, бірақ басында жұмыс жылжымай, сосын кешегі жаңбырдан соң целлофан үстіне су жиналып, қолымыз да су боп, біраз тоңдық. Қайта күн түнеріп тұрғасын қырыққабат киініп барғаным дұрыс болған екен, ызғарлы жел деген соқты-ау кеп басында.

Одан кейін әңгіме де қызды. Ценр прикола Казуя болды. Қасымдағы қыз айтад Казуяға «Сен не өткенде жиналған кезде, қыздарға тиіскенсің ба?» деп. Не деп тиісіпті десек. «Сүйгім келеді деп қыздарға жабысып қоймай қойған» вроде дейді. Казуя аа?? дейді. Біз ана «красавчик»  екеуміз күлкіден өлдік. «Сенің сондай хоббиің бар меді» деп.

«И қой и, мен ешқандай қызға ондай әңгіме айтпадым, өзі бар жоғы сол екі қыз болған, мен оларға даже жолаған да жоқпын. Кенгоның (біздің семинар румның 4 курсы) қасында болдым сол кеш бойы. Прикол ұстап Кенгоны сүйгенім бар. Ол енді есімде»-дейді. Мен айтам «Мүмкін ар жағы есіңде жоқ шығар» -деймін. «Жоооқ есімді жоғалтатындай ішпедім» -деп ол ақталып бағуда. Ана «красавчик» екеуміз Казуяны әбден жынды қылдық. Сакенің күші деген сол ғой, өзің байқамағансың ғой деп. «И мен ондай ішпедім, сосын прям сүйгім келеді дейтіндей, керемет сүйкімді қыздар болса бір сәрі ғой. Дым да әдемі қыздар емес» -деп Казуя ақталып. Мен айтам «не бывает некрасивых женщин, бывает мало водки»-деп. «Жо, жо ол қыздар видимо дұрыс түсінбеген, мен даже олардың қасында жақындамадым да»- деп Казуя ақталады. Содан кейін біз соны айтып отырған қыздан сұрап, бұл қайдан шыққан сөз деп:))). Мүмін ана қыздардың бірі біздің Казуяға ғашық пекен деп:))). Казуя болса «Әдемі қыздар болса бір сәрі ғой, енді елдің бәрі менің вкусым анадай қыздар деп ойлайтын болды ғой»- деп уайымдап:))). Болды енді, екінші курстар арасындағы репутацияң бұзылды деп мен күлемін. Ой талай жерге апарып Казуяны әбден жынды қылдық:))). Содан арасында түскі асты ішіп болғасын, Казуя айтады «Вададан (біздің семинар рум 3-курс) сұрасаңдар болады, мен оларға жоламаппын шынымен» дейді. Красавчик екеуміз жарылып күлдік. Екеуміз бір ауыздан «Жоламаппын шынымен??, сонда не мүмкін шынымен сондай әңгіме айттым деп ойлап қалып пең» дейміз. «И қайдан білейін, бәрің жан-жақтан жабылып айтқасын, мүмкін шынымен сондай нәрсе айттым ба екен деп, уже өзімнен күдіктене бастаған едім» дейді жыларман боп:))) хахаха.

Одан кейін әлгі красавчикке ертең де кел деп уговариать еттік.  «Сен келіп, сарымсақты қалай отырғызу керек деп, мини лекция оқып шықсаң, жұмыс тез жүреді, тем более ертең қыздар көп келеді, мен айтсам ондай весы болмайд айтқанымнан» деп Казуя айтад хахаха. Ну да 2-курстың қыздарының арасында уже сенің репутацияң күдікті ғой, сол үшін айтқаныңды құптайм дейм:))). «Тем более ертең Казуя тағы өзінің біртүрлі тәсілін елге үйретіп жүріп, құртар бәрін»- деймін. Ол Казуя жынды сарымсақтың тамыры ойлағандай топыраққа бірден кіре қоймағасын, таяқпен итеріп қадап жүрген. Ее андағымен тамырын құртасың ғой десек.»Жоқ мен ақырын ғана, сосын «бұлар» да менің бар махаббатпен отырғызып жатқанымды түсінеді менше, жақсылап өсіңдер жарай ма» деп сарымсақтарға әңгіме айтқанын көріп, оой жаман күлдім:))). Сосын артынан айттым, «егер де арасында дұрыс өспей қалған түптер болса, кейін кімнен көретінімізді білесіңдер ғой» деп Казуяға қарайм:))).Иә, иә, дәл солай, осы бар ғой бүкіл тамырын құртып жатқан шығар, кім білсін деп қалған екеуі. «Жоқ айттым ғой, мен бар махаббатыммен отырғызып жатырмын» деп ол Казуя да қоймайды:))

Сүйтіп Казуяны центр прикола ғып жүріп, біраз уақыт тез өтіп кетті. Сүйтіп, жексенбіде екі жолақты отырғызып қайттық:).

13 responses to “Сарымсақ отырғыздық

Subscribe to comments with RSS.

  1. мууахахахахахахахаха:):):):) жынды репортаж.

  2. түрлерін анық(крупный планда) салшы плз ұлдарыңның түрін))) көріп КЗ-ға катит не катит деп тастайық :))))

    аяқтарында боти))))) шынмен қызық пост екен)))))

  3. Ой өлтіресің сен қыз, прям сенің қасыңда пияз отырғызып жүргендей әсер алдым ғо 🙂 )))))))))))). Рақмет.

  4. Мәәссаған…маған ұнады!

  5. Шынымен, бәріміз сыртта бақылап тұрғандай әсер алдық ))) Сонда суретте иіліп отырған Красавчик жігіт пе? Анау таяқпен жүрген Казуя?

  6. хахаха, классно! өте ұнады! күліп алдым. Казуямен танысқым келіп кетті – қызық біреуге ұқсайды. А жалпы, студенттік өмірін өте қызық өтіп жатқанға ұқсайды. обзавидовалась! =)

  7. iilip otyrgan Kazuya eken dep kaldim ))))))

    endi kelesi joli ne egedi ekensinder…*^_^*

  8. Қызықты екен! ))) бір ғана сурақ: Сарымсақты не ұшін отырғызады??? сондай студенттерге арналған жұмыс па алде?

    • жо, жұмыс емес. Жәй волонтерлік нәрсе. Студенттерге практика ретінде біздің профессордың ойлап тапқаны десе болады. Табиғатпен тікелей араласу үшін деп түсіндірсем қалай түсінікті бола ма? Экология факультеті болғасын.
      Бірақ кейін сарымсақтан түскен пайданы сол өзіміздің семинар румға, өзіміздің студенттерге жұмасалады.

  9. ммм тусиникти рахмет!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: