Field work   9 comments

Ой бүгін шаршадым реально..Түсте бір баяндама жасадым, содан таңертеңнен сонымен айналыстым, содан түсте сабақ біткесін, біздің профессордың студенттері жиналып күнбағыстарды дәнінен тазарттық. Не қылған күнбағыс десеңіздер біздік профессор Нагасакиге жақын бір ауылда күнбағыс өсіреді. Көбіне сол 3 курстың студенттері барады апта сайын. Ол күнбағысты еккен кезде бәрі барады, кейін оны 3 курстар бақылайды көбіне. Сол өткенде біразын орып ап келіпті, ол күні жаңбыр болған еді сұмдық, одан бері сенбі жексенбі,уже көгере бастаған, кеше қасындағы бір мұғалім не андағы, уже саси бастады деп біздің профқа сөйлеген екен, сонымен бүгін түсте жиналдық Химено семинардың 7-8 студенті, мұғалімімнің аты Химено, солайша біз Химено семинардың студенттері боп саналамыз. Біздің Химено семинарда 4 курспен қосқанда шамамен 10 студент шығады. Көбісі жігіттер, қыздардан сол бір қыз бар 3 курс, сосын мастерлерден менің тюторым бар, сосын шетелдік екеуміз, бірақ қытайлық Рю көп келмит, сонда 3 қызбыз десе болады, қалғаны 7-8 жігіт.

Машинаға салып қойма жаққа алып бардық. Әй кеп баcтадық-ау, әлі бітпейді, әлі бітпейд:))) Жартысы су боп қалған, шемішкесі түспейді, солар көбіне қанды ішкен:). 2 сағаттан артық айналысып 5-те бітірдік. Былай жалықтырғанымен біздің семинардың студенттері жақсы бәрі, хаха тек бір Абеден басқа:)))) ой сол Абені көрген емеспін, осындай бірдеме істеу керек кезде, өмірі сол жоқ болады деп елдер, хахаха косячник біреу екен жүрген, түк пайда жоқ содан деп:))) Соол біздің семинардың мүшелері жиналса қызық негізі, арасында қалжыңбастары да бар, сосын шымшып сөйлегенде енді керемет:)) Біреуі қой жақсы мен кеттім деп кетіп бара жатса, ну ка керемет бір сылтау айтпайынша жібермейміз сені деп:))) 2-уі ертерек кетті парт тайм жұмысқа бару керек болғасын, орына тағы біреусі келді.

Кеше ғана осы семинарларға бөліну туралы әңгіме болған, тағы бір экономист мұғалім мен филд уорк жасамаймын деп, біріншіден уже қызығушылығым аз, кезінде көп жасағанмын деп, сосын ондай филд уорк жасау үшін біраз күш керек, елдермен сөйлесе білу керек, ол ауылдағы адамдармен келісу керек дегендей, жергілікті халықпен жұмыс істеген қиын, бірақ қазіргі студенттер сондайға қатты қызығады екен деп айтып жатқан. Содан біздің Химено семинар атақты екен, келем деушілер көп екен, өткенде сол 2 курстың студенттері кеп жүрген біздің проф-ға интервьюға. 4 адам алмақшы екен. Сон қайсын таңдарымды білмим деп біздің семинардағы 3 курстағы Бан-чянға сен таңдашы деп, маған қағаздарын көрсетті мұғалім деп, ааа ну да жауапкершілік сенің мойныңда болады ғой деп біздікілер күліп:) Ой сол не дерімд білми қиналып тұрған кезде аан Абе келді де, деп ед, қалғандары нуу даа сүйтіп как всегда очко жинап кеткен шығар Химено сенсейдың алдында деп елдің бәрі. Сол ақ ,сондай моментте келе қалады екен деп:)))Шото ана Абені көргім кеп кетті, қандай адам өзі деп:)))

Сонымен кімді алатын болды біздің мұғалім десем әзірше белгісіз деп маған. Тағы біреусі іліп әкетті, сүйкімді қыздар бар ма?? деп, аа айтпақшы ана құлпынай етікті ші?? дейд, хахахаа ой әңгімелеріне ілесе алмай ол не қылған құлпынай етікті қыз? құлпынай етік ол не деп?? Кәдімгідей құлпынай етік дейді, білмим,  етікте өңкей құлпынайдың суреті бар ғой дейм шамасы, аж жігіттердің есінде қалғанында қарағанда:)))))) Суреттерін қарадың ба, кырасавчик жігіттер болса, мұғалімге ал деп айт деп жігіттер күліп (Химено сенсейде красавчик жігіттер жиналған деп айтатын болсын елдер деп:))), айтпақшы универ мейрамы күні біздің факультеттен шығатын мистер әлі белгісіз екен, арамыздағы бір жігітке сен шықсаңшы деп, дааа уж байсалдылық жағынан деп қарастырса біздің Мак елдің алдын орып әкетеді, өте сырьозный жігіт қой деп прикол ұстап (шынымен өте байсалды жігіт).

Одан бір кезде давайте басқа семинарлармен жарысамыз дедік пе:))) хаха шығармайтындары жоқ:)))ой ана Ооно мен Хосака сенсейдің семинарларын жеңіп кетеміз деп, қой ол Ооно сенсейдегі ана бір жігіттер былай спортивный жігіттер сияқты ғой деп, онда Хосака сенсей деп, үүүй ол Хосака сенсейде өңкей қыздар емес па деп, ии жоқ бар арасында 2-3 деп:))) хаха, Сүйтіп арасында ооой тазалаудан жалықтым, шаршадым, ішім пысты деп шағымдана отырып, осындай қума әңгімелермен әйтіп бүйтіп бітірдік те, қойма жақта жерге жайып кеттік. Ой қол деген кір-кір, тырнақтың астына жиналды, Қазақстанда жасамаған нәрседі мында келіп жасаған болдым..

Енді ол күнбағыстан, жапондық шарап-шёчю жасайды. Негізі бұл шараны жасаудың басты мақсаты студенттерде табиғатпен байланыс орнату, қоршаған ортаға зияны аз технолгиялар жағын ойластыру, кейіндері күнбағыстан биоэтанол сияқты жанармай жасау..

p.s

келесі жылы қойма жақта күнбағыс қаптап өсетін шығар:)))

9 responses to “Field work

Subscribe to comments with RSS.

  1. сол шарапты тек жапондар ғана жасай ма?

  2. Олар да шемішке шағады ма? 😉

  3. ia senderdin FIELD WORKtarin buringi SSSR kezindegi jumis siyakti goi, studentterdi jinap aparip kartoshka, juzim tergizetin sol siyakti goi senderdin sharualarin:))) bul stegen narselerin ushin senderge ne boladi? bagalarindi koteredi ma? ili jai tabigatpen tanisasindar ma:)

  4. Қайтарма үнқосу: менің семинар бөлмем « 6 градус әлемді өзгертеді

  5. Қайтарма үнқосу: Юкиноура-field work жері « 6 градус әлемді өзгертеді

  6. Қайтарма үнқосу: Сарымсақ отырғыздық « 6 градус әлемді өзгертеді

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: