Мына бір жарнаманы жақсы көремін:).
Ана алдындағы постта жазып кеткен Миядзаки Аой түсетін жарнама. Сүйкімді жарнама, еріксіз күлімсірейтін жанр:).
Осы бір жарнаманың өзінен жапондық салт-дәстүрді, сенім-нанымды көруге болады:).
Сақтандыру компаниясының жарнамасындағы персонаждар Мияздаки Аой -дан басқа үйрек пен мысық:).
Aflac деген сақтандыру түрінің символы, brand mark- Maneki neko+duck, манеки мысықпен үйректің құрамасы:)
Мына суреттегісі брэндмарктың кристмас версиясы:)))
Сосын осы жарнамаға қатысты тағы бір қызық нәрсе осы жарнаманың мелодиясы Жапония бойынша рингтондарды даунлод жасау ранкингы бойынша 2009 жылы 9 орынды алып, тіпті Арашидің Believe-нен көп даунлод жасалған екен:)) Жарнаманың сөздері: мысықпенен үйрек бірігіп барлығына бақыт тілейді..
Осы жарнамадағы ең көңіл бөлетін нәрсе maneki neko.Ол жалпы не қылған мысық десеңіздер. Жапонияда көп кездеседі, кей үйлердің кіре берісінде, көп дүкендердің кіре берісінде тұратын керамикалық фигура.
Манеки неко-Манеки мысық яғни шақыратын мысық.
Мына мысықтың қолы, или алдыңғы аяғын байқасаңыздар оң қолын көтеріп, саусақтарын бүгіп тұр.Демек жапондарша шақырып тұрған мысық.
Жапондықтардың адамды шақыру жесты біздегіден бөлек.
Бізде қолды біраз көтеріп қолды білектен ішкі бағытқа қарай айналдырамыз, не алыстағы адамды қолды шынтағынан ішке қарай айналдырамыз. Бұл біздегі жест түрі.
Ал жапондар шақырған кезде қолды сәл көтеріп,төмен қаратып, саусақтарды өзіне қарай қимылдатады. Бірақ бұл енді жақын достарға болмаса, аса жасауға болмайд, грубовато боп көрінед. Ана біз кішкене баланы шақырамыз ғой сол сияқты деп айтса болад, бірақ соның бір қолмен және төмен қараған версиясы. Ну ана баланың көңлін аудартындай саусақтарды бөлек бөлек қимылдатылмайды:))).
Бұл мысық нені шақырып тұр дегенде, әртүрлі варианттары бар енді, көбіне сол қолын көтерген мысық ақша шақырады, ал оң қолын көтерген мысық good luck, клиенттер тағы басқа жақсылықтар әкеледі деген түсінік бар, бірақ әр жерде әрқалай, кейбірі керісінше айтад,кейде тіпті екі қолын көтерген мысықты да көруге болады. Вообщым Жапонияның әртүрлі дүкен, кей ресторан, кафелерге барған кезде осы манеки неконың түр-түрін, формасы, үлкендігімен кездестіруге болады:)Шамасы осыдан да good luck символы ретінде сақтандыру компаниясының бірлескен брэндмарк ретінде манеки неко алынған:).
Пікір қалдыру