Жақсы көретін адамымның жақсы көретін адамын жақсы көруге тырысамын….
Осы фильм менің компымда баяғыдан жатқан еді, қарауға аса құнт болмай жүрген, сосын атына қарасаң тегі бір романтика. Нариман Накацу деген бір коухай бала «сенпай осы фильмды қараңыз, жақсы фильм» деп баяғыда рекомендовать еткен еді негізі, содан көшіруін көшіріп қойып қарауды артқа қалдырып жүргем, коухайдың рекомендациясы бар, басты рольдегі Тамаки Хироши ұнайтын актер, сосын ақыры Доктор Хаустың бәрін бітірдім ғой деп қарадым:))))). Романтикалық фильмдерді ұнатпайтын мен қалай болар екен деп күмәнмен қарап едім, еді тамаша керемет деп айтпасам да жақсы әсер алдым десе болады.
Оқиға желісі универдің алғашқы курсына түскен Шидзуру мен Макото арасындағы әңгімесінен басталады. Үстіне аллергиядан жағып жүрген дәрісі сасиды деп өзінен өзі непо теме комплексы бар Макото елдермен аса араласы жоқ, бірақ хронический риниттен мұрным иіс сезбейді деген Шидзуру қыз екеуі дос боп кетеді:))). Шидзуру Макотоға ғашық, ал Макото болса курстағы басқа бір әдемі қызға ғашық дегендей былай қарасаң типичный әңгіме бірақ сценарийде интгригасы бар боп шықты
Көресің әлі фигурасы мынауски, әдемі қыз боп кеткен кезде, неге сол кезде Шидзурумен жүрмедім екен, неге сол кезде сүймедім екен деп әлі өкінесің деген моменттеріндегі Шидзурудың қылығы сондай сүйкімді:)))).
Жақсы көретін адамымның жақсы көретін адамын жақсы көруге тырысамын...осы фильмдегі ең есте қаларлық фраза болды. Жалпы фильмде достық бар, өнер бар.. Өнер болғанда фотосурет өнері, фильмде қолданған суреттері өте әсерлі, бір жарық, сәуле көрінеді. Фильмнің өзі де жақсылыққа толыдай, табиғат та күшті, peace peace деген көл..
Мен аса ұнатпайтын жанр шыны керек, бірақ интригасы үшін соңына дейін қарап шықтым:)
Осы фильмнен кейін Аой Миядзаки ұнап қалды, pure және күлімсірігені сүйкімді актриса.. ал Тамаки Хироши да сериалдардан көрініп жүрген атақты жас актер десе болады.
Сосын фильмнен жапондық универлердің атмосферасын көруге болады. Студенттер асханасы, кітапхана, лекция залдары, лекция кезінде ұйқы басқан студенттер:))) жапондық универлердің атмосферсы сол, кешігіп жүрген студенттер оларға мән бермей сабақты жалғастыра беретін мұғалімдер..
ағылшыншасы Heavenly forest, мегаторрентс кз те де бар екен. Мен сияқты торрентке шыдамы жетпейтіндерге инглиш сабспен http://www.mysoju.com немесе http://www.dramacrazy.net те болу керек
пысы
Айтпақшы бүгін күшті жаңалық естідім, Асия құрбыма мүлдем келмей қоя ма деген Жапониядан жауап келген екен, енді емтихан тапсыратын болды, өтіп кетсін деп бір дұға ете салыңдардаршы құрбым үшін ( Аллах риза болсын сіздерге).
О, дәл мен көретін сериал екен… :)))
Комп жөнделген соң, торренттен алармын 🙂 Рахмет!
Қайтарма үнқосу: Maneki neko « 6 градус әлемді өзгертеді
rahmet aytkanina. bugin karadim bul kinoni. unadi. jilap aldim.
osi japondik kinolardin kobisi jilatatin kino eken baykauimsha. osidan burin «koizora» jane «Ima, Ai ni Yukimasu» degen filmderdi karagam. ekeui de jilatatin kino.
ps.: Sizurudin kozderi Gauhardikine uksaydi eken. bir narsesimen uksaytin siyakti korindi magan.
Гаухарға ұқсатқан жерін иә көзәнәі формасы келетін сияқты:)))
Койзораны мен де қарағым кеп жүр бір уақыт болғанда қарамасам..
meninshe jalpi japondiktar man kazakhtardin koz formasi uksas keledi.
ps. elvira meni kimge tolko uksatpadn)))
Алдында көрдім осы фильмді, өте ұнады. Аяғында жылап та алдым. Басты рөлдегі актриса ұнап қалды – Aoi Miyazaki. Өзі менімен жасты екен ))
ұнаса болд:) Шынымен сүйкімді қыз
ал фильмдегі қыздың да мінезі қызық:)))