Вампир-прокурор   8 comments

Осы жылы қаптатып кәріс дорамасын қарадым дедім ғой. Соның ішіндегі бір ерекшесі Вампир прокурор.

vampire1

Мен кәріс дорамасын көрместен бұрын сүйенетін драмабинсым тағы да керемет рецензия жазған екен осы дорама туралы.

«Ақылды, әрі секси , экшн криминал дорама, паронормальды дегеннен гөрі заң, процессуалды қайшылықтарды, қылмыстарды қозғаған дорама десе болады. ИИИИИИИ қалай ғана Вампир мырзаны тартымды деп айтпайсың!! Бірқалыпты заңға қатысты процесстермен  қатар тылсым күштермен ұштасқан жері, сізді сәл-сәл, тағы да, тағы да, енді не болады деген ойда қалдырады».

Хехе шынымен, бар ғой басты кейіпкер сондай тартымды шыққан.  Асып, тасыған эмоциясы жоқ,  бірақ  вампир кейпіне енген кезі енді супер!!   оЧымЭдвардқа ғашық болған қыздарды түсінгендеймін:))))))))) хехе екі персонаж  дым ұқсамайт пыросто вампир болғасын паралель жүргізіп отырмын.

vampire5

Арнайы топтың мүшелері де күЧт. Әрқайсы өзінше приколдары бар:)) Негізі  әзілге тола дорама десе болады. Әзіл дегеннен гөрі сарказмге көп келеді:)

Жалпы оқиға желісін айтар болсам,Прокурор Тае кәнігі  әділ, ақылды, мықты прокурор етін, бірақ бір күні қылмыскерді қуамын деп, автоаварияға түсіп, ақырында бір вампир тістеп алғасын, вампирге айналып кетеді. Ең басында бұл жері түсініксіз әрине, қайдан қалай пайда болған вампир екені.  Прокурор бұдан былайғы өмірінде өзінің вампирге айналу себебін іздей бастайды. Неге мен? Сосын тағы бір қызығы, келе-келе түсініксіз қылмыстар көбейіп жатқасын, өзінің жалғыз вампир емес екенін түсінеді. Онымен қатар сол қылмыстарды басқалардың күмәнін тудырмау үшін зерттеуге көшеді. Бұл ісінде ол жалғыз емес, оған көмектесер достары да бар.

vampire4

Айпақшы біз үйренген кәріс дорамасы аумағынан шығып кеткенін алғашқы титрларынан ақ байқайсың:))

Адам қанын ішіп, бірақ  сондааааай риясыз күлкімен күлген вампир:)))))))))))))))

Қазақша білмим даже ағылшынға айтқанда сол «gap» осы дораманың тартымдылыған арттырған сияқты:)

Ол вампир болғасын адам қанын ішу тиіс, бірақ  та тірі адамның қанын ішпес үшін қара нарықтан қан сатып алып ішуге мәжбүр болады.

хехе шыны керек сондай сәттері бір шетінен қызық та көрінеді. Бір шырын не шарап ішкендей ішіп отырады да, сондай кезде  ішіңнен адам қаны деп ойлағанда тітіркеніп қаласың:)))))
ну енді  білесің ғой бұл шын емес, ол дорама ғана екенін білсең де, бәрібір де, бррр дейсің, сондай сенімді шыққан.
Тіпті шын өмірде жан-жағыңда вампирлер бар шығар деп те ойлайсың  кей сәттерінде:))))
Vampire-Prosecutor9

СЕБЕБІ БҰЛ ДОРАМАДАҒЫ ВАМПИРЛЕР ЖАНР КЛАССИКАСЫ ДЕЙ МА, БІЗГЕ ГОЛЛИВУД ФИЛЬМДЕРІНЕН ҮЙРЕНШІКТІ  БОЛЫП ҚАЛҒАН ВАМПИРЛЕРДЕЙ ЕМЕС.  БҰЛАР КҮННЕН ҚОРЫҚПАЙДЫ. СОСЫН ВАМПИРГЕ АЙНАЛДЫҢ БА, ЕНДІ  МӘҢГІЛІК ӨМІР СҮРЕСІҢ  ДЕГЕН ҚАЛЫПТАСЫП ҚАЛҒАН ҚАҒИДА ДА БҰЛ ДОРАМАДА ӨТПЕЙ ҚАЛҒАН:)))  ВАМПИРГЕ АЙНАЛУ ӘДІСТЕРІ ДЕ «КЛАССИКАЛЫҚ» ВАМПИРЛЕРДЕН БӨЛЕК:)))  

Несімен ерекше екенін қққққ айтпайым, дым қызық болмай қалады 🙂  Әрине ұқсас жерлері де бар, оның бәрін тізіп өтпесем де болады. Дорама сонысымен де қызықты, себебі бір шетінен қылмыстарды зерттеп, тергейді, сонымен қатар вампирлердің қараңғы әлемі, тарихы туралы баяндап, ақырындап құпиялар сейіле түседі.

Кәдімгі кәріс сериалдары категориясына мүлдем жатқызбас едім, тура бар ғой американдық сериалдарға ұқсаттым,олардың  ішінде әсіресе Декстерге:)))
Сосын айтып едім ғой вампирге айналған тұсы сондай джынды деп:))  Осы бір ерекшелігін қылмыскерді табуға жұмсағанына қарап, американдық сериал Listener-ды еске салады.  Ондағы кейіпкер жанындағы адамның  ойын оқи алатын қабілеті бар емес па! Ал бұл вампир қалай қолдананатынын айтпай-ақ  қойсам да болады, Дораманың ерекше тартымды сәттері не болса да:)))

Екінші маусымы да бар бұл дораманың , екі маусымын бірден қарап шықтым.  Бір маусымы ұзақ  емес,  әрқайсында 12  сериядан ғой дим.  Құдды бір жинақы жапон дорамасы дерсің 🙂 Ал енді екінші маусымы туралы, сүйікті  драмабинсым былай депті.

» Екінші маусымда бұрынғы топ қайта қайтып келеді, бұрынғыдан да көп динамика мен юмор. Сонымен қатар топқа тағы бір жанға жақын мүше қосылды. Бірақ та, бірақ та алғашқы маусымның  дәмін жоғалтқандай.  Сол Вампир ғой, бірақ та бұрынғыдай өлгееен тартымды емес» депті.

Толық  қосыламын,  екінші маусымда бірдемесі жетіспей қалғандай, бас кейіпкерді супер секси қыламыз деп асыра сілтеп жібергендей ма??  Әлде көзін айналдыра қарамен бояп,  Big Bang-тың T.O.P.-сына келгеніме:))

ТОРды жек көрмим бірден айтайын, тағы бір фанаттары кеп маған  хат жазып жүрсеңдер:)) ТОР саған не жазды деп:))

vampire6 Білмим бірдемесі маған да жақпады. Әлде алғашқы маусымдағыдай джынды-джынды ашылу титрын күттім бекен??

Очым екінші маусымындағы ашылу бір супер-мупер машинаның жарнамасына ұқсап қалғандай. Иә иә кешіріңдер мен сондаймын ғой, ұсақ түйекке мән беретін маньякпын:)))

Бірақ та басты кейіпкердің вампир имиджіне жақындай түскенін мойындауым керек.

Сосын тағы бір айтатыным, сюжеттерінде анау-мынау олқылықтар көзге көрінбейді. Вампирлер оқиғасындағы тергеулер мен ізденістері керемет ұштасқан, сосын бірінші мен екінші маусым арасындағы үйлесім де жақсы байланыстырылған. Сценарийін жақсы жазған екен, кім жазса да  менен респект!
vampire2
Сосын жалпы алғанда екінші маусымдағы өзгешелік, көмекші прокурор қыздың имиджі өзгерген, бұрынғы замужрыжка емес, шашын өсірген, әдеміленіп, бір қыз боп қалған:))) Сосын бұрынғыдай бетін тыржита бермейтін сияқты ма қалай өзі??  Бірақ  әрине сонда да мұндай мамандық иесі аяқ астынан бір сериясында модель бола қалғанда еріксіз күлесің 🙂

Ойбу!  Өңкей вампир стори туралы жазып жалпы дораманың  эпизодтарын жазбаппын ғой.  Бұл топ әртүрлі қылмысты оқиғаларды шешеді. Бірінен-бірі өткен шиеленісті, кейбір жерлері енді күлкілі қылмыс оқиға орындары,  қылмыскерлер мен куәгерлерді көреміз.

Кәріс дорамаларына тән қиялы сәттер де кірген:))) Мынау содан көрініс қой:))) аааа иә, екінші маусымның  6-эпизодында әәй ішім ашығаны ай:)))) қара бриллиант жақсы көретін мен үшін енді:))) Көрген адам түсінеді:))

vampire68

Кейбір эпизодтары енді вааще күлкілі, тіпті абсурд  дерсің, бірақ та кәріс дорамасына тән сәттер. Американдық  сериалдарда өлсең  ондайды кездестірмейсің:)) мында деген  енді керіііім маңызды нәрсені айтып жатады да, бір кезде вааще миға қонбайтын шешім шығарғанда күлесің:))

Сосын осы топта қосымша жұмыстағы осы бір кейіпкерді айтпасам болмайды:)

Тұрақты жұмыс ретінде кіру үшін не істемейді дейсің:))

Одан бұрын мен бұл актерді  ой осы бір маусымдай болды көріп, тауысып бітіре алмай келе жатқан джынды бір сериалда ханзада роліндегі актер екенін әзер таныдым демесем де, бірден тани қоймадым:))) Анда небір интригаларды былықтырып жүрген ханзада, ал мында мүлдем бөлек кейіпкер, жалпы бір актерге бір имидждің  жабысып қалмауы өте маңызды екен, Очым риза болдым осы  актерге сол жағынан:)

Саундтрэктері  жағынан бұл дорамада дым бас қатырмаған, бар жоғы екі-ақ мелодия ғой деймін:)) Бірақ  өте тартымды, осының саундтрэгін тоқтамастан бір апта точнотыңдадым:))) әлі де бар айфонымда:)

айтпақшы маған ұнайтын жапон актрисаларының бірі осы дорамаға қонақ боп келді. Хехе ролі де бір ерекше, көріпкелді ойнайды:)

Vampire_Prosecutor-00028

пысы:

Өзім үшінші маусымын күтушілердің қатарындамын, неге ана Декстерлер сияқты 7-8 маусым жасамасқа?!  Меніңше оқиғаны әлі де тартымды етіп жалғастыруға болады. Осы 2- маусым аяқталарда келесі маусымға бастау болардай интрига қалуын қалды, бірақ та келесі маусымы алдыңғылардай сәтті болатына күмәнді болғасын, продашн груп жалғасын түсірмейтін сияқты депті   😦 😦 😦

8 responses to “Вампир-прокурор

Subscribe to comments with RSS.

  1. фетези жанр онша ұнамайды хотя 49 көріп тастағам)))) балада, қызда бір сүйкімді, менің көрген 3 әке күлкілі дорамда ойнаған басты кейіркеп балаға бола көргем 49ды))) сен көріппа едің, сонан кейн бір түрлі бар уақытымды фентезиге жұмсағым келмей қалды)))) наны көк базардан алсам ба жоқпа деп көп ойланып тастап кеткен дискм ғо))) былай алдында Очаровательный прокурор көрдім деп едім ғо, ойййй бітпейтін заңдық термин, бітпейтін проццестер очм шаршап кеткем))) онда неге көрдің дейсің ғо сол баяғы Пак Ши Хуға бола,))) Пак Ши Хуға бола көзден көз қамай Иль Ме Же де көріп біткенімді айтам да))))))))))

    • сен айтқан дорамалардың бірін қарамаппын:))) ана 49ды көргім кеп жүр бірақ никак бастауға батпай жүрмін:)!))) өлім өмір туралы болғасын:)

    • Очаровательный прокурор ол бір модница прокурор қыз туралы ма?? соны көргім келген бірақ ақыры Lawyers of Korea-ны көшіоіп бастадым, бүйырса көретін шығармын бір күні:)) неге екені блондинка в законе фильмы сияқты ма деп ойладым да қойдым сол прокурорша доромасын, сол Риз уиверспун түсетін Блондинка в законе фильмы ұнайт негізі сол үшін қарайтын шығармын:)))

      • Очаровательный прокурор басында солай блондинка өмірі))))( күлкіге қарық боласың)))), бірақ аяқ жағында қым/қуыт оқиғалар желсі болып кетеді)) Пак Ши Хуымды айтсай сен,)))) кино бойы бір бар ғо бір, кідәй/кідәй деумен боласың ғо))))) еще прокурор мырзада сұмдық тартымды сол блондин қызға оныңда көңілі болып очм қызық)))) сүйкімді актрисса бар сол прокурор мырзаны сырттай ғашық боп сүйіп жүретін))) жеңіл желпі дорам ғо, Пак Ши Хуға бола көрсе болады))))) Пак Ши Ху кәрі* актерге жатады ғо((( енді оның көп дорамдары жоқ, әрі қарайда түсіп жүре берсе екен деген уайымымда жоқ емес))))) Пак Ши Ху, крышанды сносит етіп жібереді Ли Мин Хо, Ким Хен Же жанында)))) очм солай саним/саним ПАК ШИ ХУым))))

    • PArk she Hoo деген кім деп гуглдатып келдім:)))))) бір де бір дорамасын қарамаптым:))) ана принсес мэнді қарағым кеп қалды, сол дорамадан соң атағы шыққан екен ғой. Тарихи дорамалар деген қаатты ұнап жатыр соңғы кезде

      • Қара/қара жынд военный тема)))), жылап жүрегің ауырса мені кіналама бірақ)))) аяғына дейн бітпейтін бір қайғы, тек Пак Ши Хуге бола шыдап ұзынан ұзақ тек қайғы тарихи киноны көріп біткем әрең)))) айтпағшы принцесса боған қыз Хорошый пареньде байдың қызы боп ойнаған актрисса, онда тым арық жастау кезін болса керек, әлде тарихи образдағы киім солай нәзік етіп көрсетті ме екен))) аяғы очм мен күткендей болмады((( байлықққа таласу, таққа талас, қаншама қырғын, туған адамдар бірін бірін өлтіру((( сұмдық енд)))) бірақ көрші маған мықты актерлік түрі ұнады соның))) Пак Ши Ху өзін өте қарапайым ұстайды, семка біткен соң түсруші топты өз қаражатына қарық қылады екен, тағам демалыс орын т.б. кідай өмірде де сұмдық іші/сырты сұлу жан болып тұр ғо)))) сеулге барып тұрып қасынан бір көрсең арман жоқ шығар)))) осы присес менді көріп жүргенде ғо түсіме үнемі көретін едім ПШХ-ды))))

        ПС. оның екі аты бар екенін білем, мына атты өзі таңдап алған/ау шамасы, осы атпен белгілі, биологич.аты басқа, әзірге сол Park Si Hoo 🙂 http://vk.com/page-33815647_44210201

      • «патшайым ғашығы»/принсес мэн дорамда, саунтрек мықты енді))) өзіме көшіріп алғам))) недеген дауыс сұмдық сұлулық)))

      • чот көрдім ғой дим:бір екі сериясын:))) сәпсім сәд лав стори ғой дим:)))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: