Негізі бүгін емес, өткен апта соңы болатын, ештен-кеш жақсы ғой
Біздің универдің шетелдік студенттер орталығынан анда-санда өтініштер болады, мектептерге барып балалармен ойнап қайтсаңдар деген
Ну ойнап қайту деген енді былай сөз ғой, балаларға шетелдіктермен қарым-қатынас орнатуды үйрету, бейбіт қатынас, бебітшіліктің мағынасын түсіндіру мақсатында жасалынатын әрекеттер. Соны балаларға жеңіл форматта жеткізу ғой
Бейбітшілік туралы ерекше ойланатын жер болғандықтан, бұл Нагасаки қаласының өзіндік мәдениеті сияқты.Себебі бұрынғы универімде ондай болған емес, мектепке барып, балаларға өз елің туралы айтып берЧ деп өтініш білдіргенін естімеппін.
БҰрындары блогымда тағы бір мектептерге барғаным туралы жазған едім ғой, екеуі де қала шетінде болған. Екінші ретте вааще күЧт болған, тіпті аналарына дейін тамашалап, ҚЗға қатысты үйренген мәліметтерін тізіп жазып, плакат жасап керемет болған. Сосын тағы бір қызығы көбіне оған парт тайм жұмыс сияқты ақша да төленеді көбіне Ну осы жолғысы енді толықтай волонтерлік негізде
Біздің шетелдік студенттер орталығынан бір рет мэйл келді, мектепке баратындарың бар ма, өтініш күтеміз деген, мен басында аааа дедім де қойдым аса мән бермедім. Екі аптадан кейін тағы келді сол мэйл келді, адам аз бекен?? менің үйіме жақын екен деп ойладым да қойдым, келесіде орталыққа жұмыстарыммен барғанда «адамдарыңыз жетпесе мен бара салайын» дедім.Олар қуанып рахмет, баратын болсаң деп мектепке жолымен картаны ұсынды. Таңертең 8.45- сол жерде уже болу керек деді. Жақсы дедім. Бір күн бұрын звондап баратынымды қайта сұрап, кроссы алып бару керектігін айтты.
Содан таңертең ояндым да, айфонға салдым мектепті, үйімнен 600 м деп тұр екен, еее мына түрған жер екен ғой деп ойладым.Үйге жақын жерде 1-2 мектеп бар еді, соның бірі шығар деп ойладым да уақыты жақын қалғанда бір ақ шықтым. Айфонға қарап келем, сүйтсем мен ойлаған мектептер емес басқа жаққа шақырады. Жарайд деп бұрылсам, жол деген жоғарыға өрлейд Ал керек болса саған 600 м деп асығып дөңге кеткен жолмен өрмеледім. Күн де бір шақшиып шығып алған, ой ана жерге жүгіріп жетем дегенше өлдім. Мектепке жеткенде тілім салақтап кеткен
түрден-түр жоқ
Асығып жеткенімді қайтейін жиналғаны 2-3 ақ студент, елдер кешігіп келді, шамасы адасқан ғой дим
Басы солай сүйкімсіз басталған нәрсе арты қызық болд, еш өкінбедім барғаныма
Бірінші әрқайсымызға арнап жасаған бейдждерді таратты.
Йордандық бір досым Ахмет «Неге сенікі елден ерекше каваии(сүйкімді)» деп,
олардыкі енді жай аты сосын елі ғана жазылған екен. ЕндіЧі маған ғой ол деп екеуміз бір күліп алдық.
Сосын бәрімізді спортзалға жинады да, басталып кетті. Алдымен бізге өз өнерлерін көрсетті.
мектептегі джюдо тобының екі ұлы шықты
ааал кеп бір-бірін лақтырғанда… Гүрс-гүрс
Ма-ма Өзім алғаш рет көріппін көз алдымда джюдодан көріністі, басқасын білмим
(мүмкін Таэквондоға үйренген кәрістерге аса таңсық емес шығар) өзім Ма-ма дедім
одан кейін Кендо тобынан көрсетілім болды
бұл енді аса болмад, себебі біріншіден бастарында бас киімдері болмад, онсыз маған қызығы аздау болды, бірақ қапырықта балаларға қиын болад деп шешкен шығар. Сосын дауыстары да аса шықпады. Бұрын универдегі семинар румымыз спортзалға тақау болатын, содан кешке шыққанда карате тобының жаттығуын, тағы басқа спорттық жаттығуларға куә болатынбыз. Сосын кейде ерекше шыңғырып, қышқырған дыбыстар шығатын, бұл не деп басында ұқпайтынмын, сүйтсе Кендо тобы екен ОЧым таяқпен ұрған мезетте сондай бір дауыс шығарылу заңдылығы бар ма бірдеме…
білімім жоқ енді Кендо жағынан
Одан кейін топтарға бөлініп әңгіме айттық. Сүйкімді бэйдж жасаған қыздармен таныстық Нагасакиге келгенде алғашқы ойыңыз қандай болды дейді. Фукуокада тұрған мен үшін алғашында ауыл боп көрінді, бірақ онысынан бұрын келе сала дөңнің басында тұруға мәжбүр болған маған, ең басында жек көрдім, бірақ кейін үйреніп кеттім дим. Жапондарда бір мақал бар«Тұрған жерің астана болады» деген, сол сияқты үйрендім ғой дим
Сүйтіп қалжың-шыны аралас әңгімемен қыздарды біраз күлдірдім. Несіне таң қалдыңыз, не таңсық боп көрінді дейді. Иесі жоқ мысықтар дим
Баяғыдан жазатын едім ғой, Нагасакиде иесіз мысық көөөп, біздің универ де мысықтардың жұмағы, түсте студенттермен бірге тамақтанады, еще күнде жатад қыздырынып, жалпы түрлеріне қарасаң қиналып жүрген мысықтарға дым ұқсамайт деймСосын бейбітшілік туралы, Наурыз айындағы жер сілкінісі туралы әңгіме айттық.
Бұл алғашқы бөлігі, келесісінде ойындар ойнадық. Біздің топ енді өңкей қыздар, басқа екі ұлдар тобымен жарыстық типа баскетболдан.
Басқалары басқа ойындар ойнады.
Мыналар «Кім артық?» ойнап жатыр, орындыққа таласып.
мыналар баскетбол мен бадминтонның миксын ойнап жатыр
кейбірлері тыныш қана отырып, оригами жасады
мыналардыкі ұзын жіптер қолданғандарына қарағанда, оригамиден сәл бөлек зат сияқты не екенін сұрамаптым
біз болсақ типі баскетбол ойнап біттік те,қол күреске кірістік
Ұлдар қыздарға қарсы екі саусақпен ғана күресті
ой соншама азарт, давай давай қалма деп, екі ақ саусақ қой сен де қалма деп
хихи мен бір қытай жігітпен тепе-тең болдық, суреті жоқ бірақ. мынау бір кәріс досым
Тағы біреулері қарсылас топтың үрленген шарларын жарды, ой тарс-тарс етіп спортзал іші, біз болсақ давай нуу қалма сәл ақ қалды, жеңілме де айқайлап, елден ерек боп, екі жақтан шыққан шу бүкіл спортзалды алды.
ең аяғында, келгендеріңізге РАХМЕТ деген жері
мынау қайтарда түсіргем жолда, ана қызыл стрелка менің үйім орналасқан жерді көрсетеді, сол жерден жүгіріп көтеріліп келгем
уйййй джаны сол, керемет репортаж 🙂 бейдж енд жынд шығыпт))) бейдждегі 3 ироглф не білдіред?
барлығын бір спорт залда оригами т.б. бәрі бір жерде болд па? біраз оқушылар болыпты ғой. мұндай жерлерден қалма ;), қызық ғой, Нагасакиде жалғыз қазақ қызы біз жайлы пиар етіп атр)))
мына дәстүр жақсы екен. менің жиендерім, қоғамдық көлікте шетелдіктерді көріп, сөйлегісі келетіндерін айтып еді))) типы ниет етіпте көріпті.)) мүмкін болса КЗ мектептерге де осындай нәрсе енгізссе, қызықтаған сұрақтарын қойып, общение/печенье)))
4 топ 5 бөлім деп тұр
okkkkkkkkkkkkkkkkkkk! жаксы коныл котерген екенсын во шм кучччччччччччччччччччччччччччттти болган екен