Жапониядағы апат   22 comments

Жер сілкінісі Жапонияның солтүстік шығысында болды. Бүкіл зардап сол солтүстік шығыстағы қалаларға келді. Басқа жерлерінде де жер сілкінісі сезілді. Бірақ негізі бізде көрсетіп жатқан жаңалықтарда шындықтан өтірігі көп. Ойбай радиация деп әсіресе Ресей жаңалықтары өтірік шыны аралас қып таратты. АЭСте жарылыс болуы болды, бірақ бір жылдық норманы лақтырды дегені жалған.
Иә әрине адам шығыны бар, дәл қазір 1750дей адам қайтыс болғаны белгілі болып тұр. Жоғалған адам саны 1800дей. Бірақ ондай апатта 3 мыңдай адам шығыны деген минималды сан менше. 10 милллиннан артық адам тұратын территориядағы құрбандар саны. Алматыда ондай жер сілкінісі болсыншы, бір |Құдай өзі сақтасын бірақ 300 мың адам қырылар. Біздегі үйлерге сенім аз.

Негізі осы жолғы басты фактор әрине цунами болды. Себебі тек жер сілкінсе онда мындай материалдық та, адамдық зардап та келмес еді. Себебі үйлерінің технологиялар мықты ғой.
Ал бірақ бұл жағдай әрине онсыз да қазір әлсіреп тұрған жапон экономикасына тағы бір соққы болды. Бірақ қайта бұдан кейін солтүстік шығыста құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бұл кішігірім компанияларға жақсы болады.
осы көбіне цунамиде кететін адамдар өздері басына тапқан адамдар. Любопытный жасөспірім не болмаса кемесін сақтайм деген балықшылар. Не үйден шыға алмайтын шал кемпірлер.
Әйтпесе Жапонияда жер сілкінсе сол минутта-ақ теледидарда жоғары жағында хабарландыру береді. Мысалға Сендай қаласы аймағында жер сілкінді. Осынша балл болды, цунами қаупі жоқ не қаупі бар деп. Тіпті мысалға Нагасакиге 13.32 минутта келеді деп минутына шейін хабарлайды. Материалдық шығындардан әрине сақтану мүмкін емес. Бірақ адамдық шығындардан осылайша сақтануға болады. Осындай кезде теңізді көргісі кеп, не суретке түсірем деп суға кетеді.

Мысалы бізде далаға шығыңдар дейді ғой жер сілкінгенде, ал жапондарға ғимараттан шықпаңдар деп айтады. Себебі үйден шыққанша баспалдақтан шығып үлгеру қиын ғой. Одан да ғимараттан шықпаған дұрыс сосын далаға шыққанмен де бәрібір бос жер жоқ қой. Босқа құлаған ағаш, не әйнектен жарақат алуға болады. Тағы бір нәрсе 3-4 қабатты үйлерге қарағанда биік ғимараттар қауіпсіз.  Жер сілкінісіне қатысты  технологиялар осы елден шыққан ғой.

Қазір әлі де жер сілкінісі 3-4 баллдан жалғасып жатыр. Жапондар ғасырлар бойы мұндай жерде тұрып үйренгесін психологиялық жағынан мықты . Кішкене кезінен оларда жер сілкінісіне дайындық білім беру жағы жақсы.

Кеше Токиодағы достарым айтады. «Сілкінгене бастағанада бастығым  СТОЛ АСТЫНА ТЫҒЫЛЫҢДАР  деп айқайлады. Содан бір толқын өткесін стол астынан шығып бәрі бір күліп алды»- дейді. Тағы бірі айтады «супермаркетте жүргенмін, мен шок болып паника бола бастап едім, жан-жағымдағы адамдар сілкіне бастаған кезде адамдар тыныш қана бір-бірін құшақтап ақырын ғана сыртқа шыға бастады, ал бүгін дүкенге шығып келдім, көшеде адам жоқ, сонысы қорқынышты екен»деді. Мен айтам қайта жақсы емес па, бізде ондай болса, одан да бүлінген жерге ұрылар түсіп, ұрлық-қарлық, мародерлер қаптап кетер еді дейм. Ол жағынан енді Жапонияда қауіпсіз.

Қазір енді Токио жаққа да самолеттер ұшпайды екен. Мен айтам ой  5 см қар жауса да, қауіпсіз емес деп самолет ұшырмайтын жапондар мұндай жағдайда тем более ұшырмайды. Мүмкін ана самолет ұшатын полосаларға зақым келген де шығар.

Сосын электростанциялар бүкіл күш қуатпен жұимыс істемгесін электр қуаты да жеткіліксіз болады. Сондықтан бүкіл ел бойынша бірнеше аймаққа бөліп, жүйелі түрде электр жарығын 2-3 сағатқа өшіріп тқратын болды. Бұл жағдай осы айдың аяғына дейңн жалғаспақ. Әркім қай аймаққа жататынын анықтан соған қарай қимылдауларыңызды өтініеміз деп жатты. Содан кешелі бері достарым онарик батарейкасы мен майшамдар алып қойған. Себебі жер сілкінгесін бірден газды өшіреді одан кейін электр жеткізу ұшін жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Ал жетпеген жерлерге жоғарыдағыдай үнемдеу жұмыстарын жасайды.

Әрине жанұядағы кім қайтыс болса да орны толмас екені белгілі бірақ макро деңгейде қарастырар болсақ. Андағыдай апатта құрбан саны 3 жарымдай болуы менше өте жақсы сан.

Бүгін инеттен теледидарды көрдім, сол тазарту жүмыстары тірі қалғандарды және денелерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Көмекке ақша жинауда. Бір шетінен бір кереметі халық өздері волонтер болып, тұрып жатқан уақытша жерді таза ұстап, бір-біріне сүйеу болған адамдарды көргенде сүйсінгеннен басқа сезім жоқ.

Өз басым осы апаттан кейін бұл халыққа деген ілтипатым одан сайын артты. Қалай болған жағдайда да мұндай апатта минималды адам шығынымен шыққандары жылдар бойғы еңбектерінің нәтижесі ғой.

22 responses to “Жапониядағы апат

Subscribe to comments with RSS.

  1. машАллаһ! Супермаркетте паника жасап жүрген біздің студенттер ме?

    Жер сілкінсе бір-бірін құшақтап тұру деген де дұрыс екен негізі.

    Оқушыларды жер сілкінісі жағдайына сонда қалай үйретеді екен? Бізде де сондай әдістемелер болса жақсы болар еді.

    • Иә біздің студенттер ғой шок боп жүрген.
      ал үйрету әдңстемесін білмид екем, бірақ дайындық болса шото келесіде болса бару керек екен, мен барған емеспін. Бұларда боп тұрады арасында жер сілкінісі кезінде не істеу керек, өрт кезінде не істеу керек деген практикалық дайындықтар болады. Сосын арнайы орталықтар бар, барып жер сілкінісі кезінде қалай болады, арнайы жер сілкінісіндегідей ситуация жасайды кішірек ғимарат ішінде.

  2. Адамдардың әлсіз бір жаратылыс екенінің дәлелі ғой мынау! БАйқұстар-ай! Құдай сақтасын!

    • иә әлсіз екені рас.
      ал бірақ бізде ондай жағдай болса байқұстар тұрмақ нағыз бейшара боламыз, одан жаманы қылмыс көбейіп, өз арамзда бір-бірін тонап,өлтіру болады. Сондықтан Құдай басқа бермесін шынымен.

  3. Апаттардан сақтасыншы әйтеуір…
    Шынымды айтсам, сондай жағдай боп жатыр деп ТД- дан көргенде сенің Алматыда екеніңе қуандым.

  4. хабардан кейін сені ойлап едім қай қалада едін деп қарап; шүкір амансаусын, айтқанындай бұндай жер сілкініс үшін кәзіргі адам шығыны таңғалдырады.

  5. Кеше көріп едім, ашық суда үйі суға ағып кеткен бір кісі сол үйінен қалған-құтқанға жармасып, суда екі күн теңселіп жүрген. Сосын құтқарушылар көмектесіпті. Сосын, шеткеріректегі мекендердің бірінде мұғалима бірталай оқушыны қайыққа салып құтқарып алған екен…

  6. Бұл әрине, өте ауыр табиғат апаты болды. Қаншама адамнын өмірі киылды. Табиғатқа қарсы тұру мүмкін емес… дегенмен , жаның ауырады. Арасында алтыградус блогының редакторын ойлап, алаңдап қалғанымыз рас…

  7. Қайтарма үнқосу: Pray for Japan | Корей толқыны

  8. Осындай шиеленісіп тұрған шақта жазба жариялап отырғаныңызға қайран қалып отырмын?!

  9. >> Өз басым осы апаттан кейін бұл халыққа деген ілтипатым одан сайын артты.
    қосылам. ұрлау-тонау, азық-түлікке бағаның өсуі деген сиқты нәрселер мүлдем болмаған
    жапондықтар берік халық. уақытымен барлығын қалпына келтіреді, кейін бұл оқиғалардан сабақ алып, одан сайын берік болатыннына сенімдімін

  10. кеше жаңалықтардын адам шығыны 5 000 ға жетті деді 😦 мен іштей кейін ақша болған кезде баратын елдердің тізімінде еді осы жапония. терь всю красоту испортили((((
    Ну ниче, бәрі қалпына келер.
    мына жазбаң керемет трогательный жазба екен 😉 жапондықтардың тағы бір қырынан көріп жатырқ.
    ТВдан көргенім: үйлер проста қалықтап жүр бүтін күйінде, жеке үйлер. сонда олардың беріктігі ме, бұзылмай. бізде не дай бох, барс етіп төбеңе түсетін еді, сапасыз құрлыс(((,
    сыртқа шықпа деп үйрететіндері қызық екен, кішкене кезде бізде, қайта сыртқа шық дегені есімде, ауылды жерде…

    ПС: қазір ұшақ жоқ шығар, КЗда болсаң, сабақтан қалып қалмайсың ба? 😦

  11. О,тәуба,сен Алматыда ма едің? Бауырластай болып кеткен блогшыларға алаңдайды екенсің, бір емес,екі блогшы сол елде екені есіме түсіп, ойлағаным рас.
    Өкінішке орай,айтып келмейтін апат қаншама тіршілік иелерін жалмады десеңші.

  12. салем достар. Жапония жайлы теледидардан корып алып менын де мазамды алды жакындар.. негызы жапондыктар сезымдерын «ошырып» тастайды ма.. немесе шыныменде оте терен ойлайды десе де болады ар ысте. бызде урей ма былмедым айтеуыр В РЕЖИМЕ OFF болып кетемыз мындай кезде. корыкканмен ыске комектесе алмасымызды былемыз, бырак барыбыр со урей ыштен женып шыгып Паника бастаймыз. Жаналыктарга рахмет, кайда журсек те аман болайк!

  13. Жапондарды бұрынғыдан бетер жақсы көріп кеттім. Гуманитарлық көмекті де таласпай-тармаспай алып жатыр. Мәдениетіне қайран аласың. Құдай жеңілдігін берсін. Бір алақандай ауылымызды су алып кетіп еді, соның жырын әлі жырлап жүрміз. Бізде мұндайдың бетін аулақ қылсын. Дәрменсіздігімізге, әлсіздігімізге қарай Алла тағала ондай сын бермесе екен деп тілейді екенсің.
    Ал бәрінен бұрын, Жанн, сенің ҚЗ-да болғаныңа қуандым.

    Жұлдыз Әбділда
  14. Аз болса, да көп болса да адамдардың өлгені жаман ғой. Сосын біздің елді Жапониямен салыстыру керек емес сияқты. Ал бізде, ал бізде… деп өзімізді түсіре бергенді қояйықшы. Техника жағынан, және де көптеген салаларда Жапония Қазақстанның ғана емес, басқа да озық елдердің алдында.
    Бәрі жақсы болып, табиғат апатынан барлығымызды сақтасын Құдай!

  15. жазбаңның жаңарғанын көргесін жүрегімнің орнына түскені

  16. Иә, журналистер кейде асыра сілтеп жібереді. Бізге ұстаздарымыз үнемі: «Салқынқанды болыңдар, асыра сілтемеңдер, шу көтеріп жібересіңдер, халықты игере алмай қаласыңдар» дейді. Өкінішке орай кей журналистер бұл қағиданы құлақтарына аспайды. Ал менің ойымша, асыра сілтеудің нәтижесінде ең көп зардап шегетін қарапайым халыққ қой, неге соны түсінбейді екен…

  17. Қайтарма үнқосу: Neweurasia – Kazakhstan » Қазақ блогшылары АЭС мәселесінде Мәсімовті де туиттерлеп өтті

  18. Бұл сынақта жапондықтардың бір біріне деген жанашыр, ақылды халық екені байқалды. АЛЛА ЖАР БОЛСЫН ЖАПОН ЕЛІНЕ! Мұндай жан түршігерлік апатта минимальді шығынмен шығу шынымен де, «жылдар бойғы еңбектерінің нәтижесі ғой.»

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: