Сол баяғы универдің қызықтары..   15 comments

Тақырыпқа қаншалықты сай жазба екенін білмедім енді. Жәй соңғы кездегі тірліктерімді жазайын деп…

Осы апта бір жаман стресс апта болған еді, баяндамадан баяндама болып, бүгін сол профессорыма бір баяндама сияқты нәрсе көрсетіп, әйтеуір ұрыс естіген жоқпын. Өткенде менімен қатар оқитын қытай жігітке қатты сөздер айтылған еді. Мынау деген баяндама емес. Ваааще мастерге тұрмақ, жәй студентке төмен деңгей. Вааще не по теме нәрсе деп сөз естіген еді. Ну по идее не по теме болды енді, но сонда да қатап отырған маған жаман әсер етті. Жаман шошып қалғам. Пыросто біздің проф өте мейрімді кісі, өмірі ұрыспайтын, қатты сөз айтпайтын адамнан андағыдай сөз естіген жаман екен. Әлде маған ерекше мейрімді ме вообщем білмедім. Но әйтеуір бүгін вроде жазғаныма қанағаттырарлық дегендей сөздер айтты.

Өткен аптадан бері кеш қайтып жүр едім универден. Кеше 12 де, оның алдында түнгі бірде.. Қасымыздағы бір кабинетте мемлекеттік қызметкердің емтиханына дайындалып жатқан студенттер бар, солар болғаны жақсы болды. Әйтпесе қанша қорықпайм дегенменде, түнші универде как то не по себе.. Әсіресе туалетке барған кезде:)))).  Біздің семинар рум әлі жөндеу жүргізілмеген жақта, сондықтан корридорға щыққанда автоматты түрде жарық жанатындай, қозғалыс сенсорлары жоқ. Қараңғы корридормен барғасын, өзінен өзі жапондық хорор фильмдер еске түседі екен:)))).

Кеше ғой күндіз семинар румды жөндедік. По идее тегі бір жинасайын деген ой болмаған, сүйтсем лидер Маккун кепті, сағат төртте бір өзі жинай бастағасын как то неудобно компта отыра берген. Сосын оқып-оқып, одан кейін ойлай бергесін уже бас істемей кетті шыны керек. Лана біраз миды демалтайын деп кітаптарды орналастыруға көмектестім. Одан кейін КенКен келді, үшеуміз жинадық. КенКен кейбір қораптарды кітап сөресінің төбесіне орналастырып, мен айтам байқа беліңді деп:))) Кітаптармен қораптар ауыр ғой. Бір кезде кітап шаңынан менің бетім қыши бастады:))). Онымен қоса қоймадан шыққан ба ескііііі кітаптар Маркс, Энгельс деген:))). Мен айтам, мынау осы ешкімге керек емес дүние деп, Одан Маккун екеуміз кейбір қораптардың ішін жинаған болдық. Не істерімізді білмейміз. Маккун » тууу лақтырып тастағым кеп тұрғаны-ай мына барахлоны» деп:)))). Келісем дейм:)))). Ақыры білмейміз не заттар екенін, әрі қозғап бері қозғап қорап ішіндегі заттарды, керек зат екенін, жоқ қоқыс екенін айыра алмағасын, «уже жыным ұстай бастады» деп Маккун. Екеуміз сүйтіп күйбеңдеп жүрміз. КенКен қораптарды жоғары полкаларға шығарумен әлектеніп. Мен айтам витамин саплайдың жарнамасын көргендеймін деп:))))).

Одан бір кезде бізден бітірген бір қыз келді. Профессордан бір материалдар сұрап келген екен. Бар нәрсе негізі, бірақ таба алмадық, қай жерде қалғанын:). Менің апайымның сөзімен айтар болсақ біздің семинар румда ит өліп жатыр:)))). Кітап еще лана, но қағазды табу өте қиын, енді соларды реттеу керек.

Осы біздің семинар румда бір қыздың жемпірі, точнее почносы жатады, мен келгелі бері жатыр:))). Өмірі диван үстінде жатады. Сүйтсе ол сол кеше келген қыздыкі екен. Ее менің пончом әлі жатыр екен ғой деп, иіскеп көріп:). Кен Кен «оны ешкім киген емес, тек арасында Аберина киеді, сосын Сатору иіскейді» дейді:))))))))))))). Мен өлдім, не қылған фетиш ол деп:))). Маккун «Біздің Саторудың сондай опасный әдеттері бар ма еді» деп уахахахаа.

Сосын бір кезде профессор да кеп бізге көмектесті, шкафтарды жылжытып, көтергенде де өзі қосыла жүріп істеп. Содан бір шкафты көтеріп болғасын орналастырып, бұрыштарын фикстап жатыр да, қолдарын жоғары көтеріп тұрған, сүйтсе КенКен барып профессорды қытықтап, үй қой деп жұмысына қайта кіріссе КенКен де қоймайт қытықтап мұғалімді:)))))). Қызық , таң қалдым:)))). Негізі Жапонияда байқағаным, мұғалім мен студенттер арасы жақынырақ, но прям үлкен кісіні қытықтайды деп кім ойлаған, вааще таң қалдым:).

Шыны керек соңғы кезде настр жоқ еді, бар бәле ҚЗға билет ойлағаннан қымбат боп шыққаннан басталды. Одан кейін ана қатар қытай жігітке профессор қатал сөздер айтты. Ужыыс менің ол қытайдан асқаным шамалы деп өзіңе деген сенімің жоғалады екен. Ол аздай менің тюторым ол, өткенде жүргізген анкетасының нәтижелері аса болмады, аса болмағанда, там кей сұрақтарды дүрыс қоймағансың деп, екінші кеңесші профессордан сөз естіді, айтпақшы ол кісі менің де кеңесшім, вообщем мен де қоса барғам ол кезде, анау дұрыс емес, мынаусы дұрыс емес дегесін, «ужыыс а мен жасағанда қалай шығады» деп әлден паника болдым. Онымен қоса басты жетекшіміз де біраз ескертулер айтқан екен, содан тюторым кәдімгідей көңлі түсіп, мен оны жұбатып..

Сосын қазір бізде жүріп жатқан міндетті семинардағы бір проф, Мастердің ең басты мақсаты сапалы диссертация жазып шығу. Ал диссертация жазу тамақ дайындаумен бірдей нәрсе. Бірінші қандай тамақ жасайтыныңды ойлайсың, соған қарй ингредиеттер таңдайсың. Диссертацияға да қандай нәрсе шығармағыңа қарай материал жинайсың деді. Итак өзі переживанием аз еді:))))))))) Қазақстанда қайбір материал табылар бір Құдай білед, қазірден готовлюсь на худшее:)))))).

Профессорге ендігі баяндаманы келесі айда жасайтын болдым. Ендігісін более-менее қылып жасау керек, осы жолғысы әйтеуір сөз естімегеніме шүкір дедім. Осы апта соңы ҚЗға билетке бару керек. Шыны керек дым уақыт жоқ. Интернет пен жарықтың ақшалары ол төленбеді:)))). Банктегі шоттың номерін жазған өтініш қағаздарды жіберу керек еді, бір апта болды сумкамда жүр. универде пошта жәшігіне сала салам деп не до этого боп кеті өз:))).

Сол бүгін Шиндзидің арқасында хотару көруге барып, ертең біздің филд уорк жерге барам. Қазір алқапта өсіп тұрған рапстан тазалап, күнбағысты егеміз. По идее менің баруым шарт емес, бірақ өзім барайын дедім. Жұмысқа сай киім киіп кел деді профессор:)).

Айтпақшы сенбі күні менде парт тайм жоб бар:))). Сыр мен қаймақ сатуға көмектесем. Өткенде бір әйелмен танысқам, сыр мен қаймақтың мини зауыттары бар екен. Сол қазір промоушн жүргізіп жүр әртүрлі сауда орталықтарында, сенбі жексенбі жарты күннен көмектесемін. Дәл қазір маған 100$ болса да қайда жатыр, су, электр, газдың ақшасын айырар деп ойладым.

15 responses to “Сол баяғы универдің қызықтары..

Subscribe to comments with RSS.

  1. Ндааа. Сенімнен шыға алмасаң қиын. Ең бастысы өзіңе деген сенімді жоғалтып алма. Сол жаман екен. Малайзияда жүргенде әр мұғалім әртүрлі үйретіп, солардың берген біліміне бейімделемін деп жүргенде өзімнің білетіндерімнен жаңылысып, біраз стрессте қалғаным бар. Талапты өзіңе қатты қойсаң да, шамасын білген жақсы.

    Парт тайм жұмысың жақсы болған екен. Кішкене болса да сергіп қаласың. Қасыңдағы достарыңа үлкен сәлем!!! Профессорыңа да! Айтпақшы проф сөйлесіп көрсеңші. Соңғы кезде көп ұрса берсе, бөлісе алмай жүрген проблемалары бар шығар. Ана қытықтайтын жігітке айт. Сөйлесіп көрсін.

  2. Ох, Жанна, сенің осындай пысықтығыңа таң қалам. Адамдардан шаршайтың кезің болмай ма?

    • жо, негізі күнде керемет актив боп жүргем жоқ. Кейде сабаққа барып одан бірден үйге қайтатын күн де бар, но олай жасамауға тырысамын.

  3. уахахахахаха)))) қытықтап*, айтасын сен ваще. мына жазба шегімді қатырды әбден))))))

  4. Японияда мектептің оқушы қыздары арасында жезөкшелік кеңінен тарағаны, және оны қоғам соншалықты жаман іс деп санамайтыны рас па?

    • бұл қайдан келген дерек? Негізі мектеп оқушысы болып киінетін, ерекше типтегі жезөкше боп жүргендерге қарап, хентай фильмдерден туындаған түсінік менше.

      Ал бірақ әрине жүз пайыз жоқ деу мүмкін емес, бар ондай оқиғалар. модель, актриса боласың деп алдап, порносуреттер түсіретн студиядан бірақ шығатын. Көбіне алданып, бірақ кейбірі ақша керек деп айналысуы мүмкін.
      Ал кеңінен таралған деген енді өтірік ақпарат.

      • Еее, қайдан білейін. Nguyet Thu Nguyen деген бір адамның «Япониядағы жезөкшелік» деген мақаласын оқып, сондай ойға келген едім.

  5. Әңгімеңіз қызық-ақ, бірақ арасындағы жиі кездесетін қыстырма «орысша сымақ» сөздерден шаршап еттім. Артық кетсем кешіріңіз.

    • сәлем Нұргүл комментеріңе рахмет.
      Менің стилім сол енді, қалай сөйлейм, солай жазамын. Әдемілеп, әрлегім келмейді, әйтпесе эмоция жағы жоғалып кетеді.

  6. Ой, Жанка, жазасын-ау сен де. Күліп өлдім))) Элядан асып кететін бопсын гой))))
    Бәрінен де мугалімді кытыктаган кызык екен. Бізде баягыда бір жігіт: «Агай, басының бос па?» деп айтам деп бәлеге калган. Агай теріс карап турып, «оны кайтейін деп едін?» деді. Анау да карап турмай, «отырып калган апам бар еді» демей ма? Арты ажептәуір даумен біткені есімде капты

  7. бәріне сәлем, мұғаліміңізге 100 қытық ))) жазсаңыз сіз ше қатырып жазас ше ))) (қазақстанға қанша кен сонымен? мен жапонияға барайын деп жүрген соң осы ақпарат кк маған))))

  8. маусымына қарай, 170-190 мығ теңге арасында болу керек

  9. Қайтарма үнқосу: бүгінгі күн анегы:)))) ұран болатын болды:)))))) « 6 градус әлемді өзгертеді

  10. Қайтарма үнқосу: Менің мұғалімдерім ~№1 « 6 градус әлемді өзгертеді

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: