Қоршаған ортаға қамқор медальдар   Leave a comment

Кеше Ванкувердегі қыстық олимпиада да басталып кетті. Тіпті алты комплект медальды сайысқа салып та үлгерді. Бұл қыстық ойындар экологияға ең қамқор олимпиададан болмақ. Ванкувер әкімшілігі мен т ұрғындары CO2  көлемін азайтуға әртүрлі шараларды қолданып келді. экологияға зиянсыз гибридты қозғалтқышты машиналар қолдану тб.

Тағы бір ерекшелігі осы олимпиададағы сайысқа тартылатын медальдар қайта өңдеуден өткен металдардан жасалған. Бұрынғы компьютер мен TV дың платаларындағы асыл металдар қолданылды.

Медальдардың дизайны да ерекше, теңіз толқын түрінде және үстіндегі өрнектері Канаданың жергілікті тайпаларының дәстүрлі оюлары  салынды, онымен қоса әр медальдағы өрнектер қайталанбайды, яғнижеңіп алған әр спортшы тек өзінде ғана бар медаль деп қабылдаса болады.

Бір шетінен табиғи рудаларға қарағанда электроқұралдардың платаларынан шығатын асылметалдар құрамы тоннаға шаққан кезде жоғарырақ болады.

Ашылу салтанатын үзіп үзіп қарағаннан Қазақстандық спортшылардың орталыққа шыққан кезін өткізіп алдым, бір қоссам уже Канадалықтар шығып жатыр екен. Ашылу салтанатының көркемдігі қыстық олипиадалардың ішіндегі әдемісі болған сияқты. Әсіресе терістік шұғыласын бейнелеген жері қаттты қатты ұнады, солтүстікке барғым кеп кетті, ақ аюларды көріп керемет аврораны тамашаласа ғой деп:))). Олимпиада жалауын жағуда бір кристалл ойлағандай шықпай қалып тек 3-еу ғана шыққан жерінде, комментаторлар айтпағанда ассиметриясы тіпті байқалмады да. Ал келесі иегерлері орыстарда  фантазия жетеді әрине бірақ экология жағынан алғанда керемет болмас.  Өзіме жаздық олипиадалардан атақты режиссер Zhang Yimouдың басқаруымен құрастырылған Қытайдың Бейжің олимпиадасының ашылу салтанатынан асып түсетіндей етіп жасау Лондонда бола  қояды деп ойламаймын. Одан басқа маған Сидней олимпиадсының  ашылу салтанаты өте әсерлі болған еді. Сіздерге қалай??

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: