хаха серия-серия ғып жазайын деген ойым бар содан №1 деп қойдым:)). Макенің комменттінен туындаған ой негізі.
Алғаш келген кезім, ол кезде әлі велик алмағам, кешкісін бір жақтан қайтарда трамвайға отырдым, адам көп екен. Содан ашық жатқан сумкамның (ішінде зат көп етін) аузын жаба бастадым. Содан бір кезде ой сап ете қалды, ии сен қазір Жапониядасың ғой деген, еее деп расслабилась, сумкамның аузын жәй жабылғанша ғана жаптым, жартылай ашық қалды бәрібір. Адам одан сайын көбейді, мен өзіме ыңғайлырақ тұрдым, сумкам артымда қалды, бірақ ол неважно себебі бұл Жапония! Қазақстанда ғой автобусқа мінерде алды-артыңа қарап, сумкаңды алдыңа ұстап тұрмасаң, не мобайл не ақшаңнан, не екеуінен де айрыласың ғой. Мында бір жақсысы ол жағынан қауіпсіз. Тек бірде Токио метросында адамдардың қалтасына түсіп жүрген ұрылар ұсталған еді, оның өзі кәрістер боп шыққан..
Мысалға мен соңғы кездері бір алаңғасар боп жүрм, не велигімді кілтін жаппай кетемін, не далаға великтің жүк салғышында жемпірімді ұмытып кетемін. Не болмаса кітапханада заттарымды ұмытамын да жүремін, әсіресе соңғы кездері көп боп кетті. Баяндамаларға дайындалып содан ұшып сабаққа кетемін, бір кезде затымды іздеймін, жоқ боп шығады, әәй деп кітапханаға барам осындай зат қалмады ма сіздерде деп. Өткендері айфонның құлаққабы қап қойған ба, жоқ қалтамнан түсіп қалған ба кітапхана ішінде, әйтеуір кітапхана ресепшыннан барып алдым. Кеше ол бір үлкен сақина киіп шыққам, оны оқу залының жанындағы әжетханада қол жуғанда шешіп, сол күйі тастап кеткен екем, ол түнде бірақ есіме түсті. Содан ертесінде барсам, біреулер ресепшнға қалдырып кеткен екен. Бір затыңды қалдырсаң сол жерден табатыныңа сенімді боласың. Кей кездері бір пакетте заттарым боп оны көтеруге ерінсем, сол күйінде великте қалдырып жүре беремін. Ондай ұсақ-түйек ұрлық-қарлық бұл жақта жоқ. ну бар енді ұрлық, бірақ дамыған түрлері бірақ ол уже бөлек әңгіме:))..
Сосын көшеде де қауіпсіз. Ну енді полиция әйел адам жалғыз жүрмеңдер түнде деп айтад енді. Соңғы кезде мен көбіне түнгі 10-2 лерде қайтып жүрмін ғой, түннің қай уағы болса да ыспокойно жүре бересің. Сондай кездері ой Жапонияда болғаным қандай жақсы деп ойлайтын кездерім болады..
Тек бірде Токио метросында адамдардың қалтасына түсіп жүрген ұрылар ұсталған еді, оның өзі кәрістер боп шыққан.. 😆
Horosho tam, gde nas net… degen soz bar ed, po hodu sol bop tur goi…
Қазақстанға қайтқаным жаман болды демесең болды күндердің күнінде 🙂
haha aitpa))) adam jaqsy narsege tez uirened goi:)))
біздің осындай қасиеттеріміз ғой дамыта алмай жоғалтқанымыз
десем де, алаңсыз үйінің есігін сыртынан сыпырғышпен тіреп жүре беретін соңғы могикандар әлі де бар
Жарониядағы дамыған ұрлық туралы мақалаңды күтеміз.