тағы бір жарнама, негізі жаңарақ версиясын ілгім келген еді, ютюбтен таба алмадым, мынау ескісі екен, бопты барымен қанағат вообщем..
Көк шайдың жарнамасы, жарнамадағы адам-кабуки актеры Эбизо Ишикава.
осы Эбизо-сан түсетін жарнама бірнеше түрі бар, ұнайд, енді жапондық стиль араласқан жарнамалар как никак Ишикава жапондық дәстүрлі өнердің жалғастырушысы ғой..
Бүгін ТV- да күні бойы осы Эбизо-сан туралы айтуда,тек ол туралы емес әрине, Кобаяши Мао деген тележүргізуші екеуі үйленейін деп жатыр екен, сүйтіп бүгінгі теледидарды шулатты. Кобаяши Мао NEWS ZERO деген жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі. Ал Эбизо 11 ұрпақтағы кабуки актеры, Жапонияда өте атақты деп айтса болады. Сол жаңа ютюбты қарасам тіпті екеуіне арнаған видео да жасап үлгеріпті:).
хаха не үшін дерсіңіздер? менің бір подругама арнаған постым, ол осы Эбизо Ишикаваның фанаты деп айтсам болад:). солай Джюру-чян Эбизо үйленетін болды:))).
Кабуки- жапондық театр өнерінің бір түрі. Тек еркектер ғана ойнайтын театр, әйелдер ойнағанда фанаттары тым қатты болған шамасы, сол үшін орта ғасырлық Жапонияда әйелдер ойнауына тиым салынған, содан бері әйел рольдерінде еркектер ойнайды. Ал Эбизо туралы айтатын болсам, кабукимен айналысып келген өте дәстүрлі отбасында туған, өзін қосқанда 11-ма 12-ма ұрпақтағы кабуки актеры, 1660 жылдан бері жалғасып келе жатқан отбасы дәстүрінің жалғастырушысы. Ал Кобаяши Мао мен жақсы көретін NEWS ZEROның бір жүргізушісі, шіркін осындай түрде жаңалықтар берілетін болса ғой КЗ-да деп қарайтын бағдарламам. 4-5 жүргізуші қатар отырып қандай да бір жәйтті талқылай отырып жүргізеді. Сосын мысалға салық туралы жаңалық болса, бүрынғы жүйе, енгізіліп жатқан жүйе туралы жәй қарапайым адам да түсінетін деңдейде баяндайды. Сонысы ұнайды маған, және өте ашық талқыланады. мысалға оой мына жаңа Хатояма билігі енді қалай жылжиды екен. Туу бір мәлімеге келема десек, мыналар қайта бастады ғой дауларын дегендей, парламенттегі таласты кірістіреді. Жалпы адамдарды қызықтыра біледі. Ал кеше Кобаяши Мао тікелей эфирде жаңалықтардың аяғында Эбизо Ишикавамен үйленетінін айтты. Басқалары құттықтап.. Екеуінің танысқаны да Эюбизо-сан NEWS ZEROның студияына қонақ боп келгенінен басталған екен. Соны бүгін теледидарда талқылаушылар: андағыдай жаңалықтардан тікелей эфирде үйлену туралы айтылғаны ерекше бір жаңалық болды деп, бұрын соңды болмаған деп. Шынымен былай ойлап қарасаң қызық екен:))) Бірақ бұл да Ньюс Зероның бір ерекшелігі меніңше..
Кабуки актерына тұрмысқа шығу оңай емес, дәстүрлі өнер болғандықтан актердың әйелінің де өзіндік дәстүрі бар екен (хаха осы жаңалықтар болмаса мен де білмид екем ол жағын). Кабуки актерының әйелі атқаратын міндеттері баршылық, біріншісі дәстүрді жалғастыратындай ұл баланы дүниеге әкелу әрине. Ал күнделікті міндеттерге кассаны қадағалаудан бастап, кабукиге келген көрермендермен байланыс орнату деген сияқты міндеттері, онымен қоса гастрольдері ол бар дегендей.. Сосын әрине өнер адамы болғасын андай-мындай странностьтарына көз жұму. Бір кабуки актерының әйелі айтад тіпті бағдаршамды күтіп тұрған кезде бір кезде рольға кіріп билей кеткен кездер де болған деп:))). Жалпы қиын ғой ондай адаммен хаха. Және бұл Эбизо Ишикаваның актерлік талантын 100 жылда бір туатын талант деп айтады. Көзбен ойнауы ерекше дейді білгіштер. Сондықтан да ерекше атақты актер.
Қызық осы жапондар бүгінгі бір бағдарламаданеліктен неге именно Кобаяши Мао таңдалды деген сұраққа жауап іздеп:))). Себебі бүрындары да небір-небір әдемі актриса қыздары болған Эбизо-сан именно осы Кобаяши Маоға үйленуі, себебі бойы ұзын, әдемі қыз, ол жарайт ең бір ерекшелігі көзі үлкен, кейінгі балалары көзі үлкен болады деген мүмкіндігі жоғары деп:)), Неге именно көзі үлкен болу керек?-десеңіздер, Пыросто әдемілік үшін емес, ана жоғарыда айтқандай Кабукидегі маңызды жері, көзбен ойнау-нирами жасай алу үшін көзі үлкен актер болуы өте маңызды екен. Сосын Мао жоғарыда айтылған стресстерге шыдай алатындай мінезі бар деп..
Қызық жалпы жапондық TV, бәрін жан-жақты талқылап кейде ойлайсың осы болмайтын жәйттерді де айтад екен ау деп..
Вощым осы жаңалықтардан кабукиге қатысты талай нәрсе үйреніп қалдым:). Бір ақ рет барғам негізі, сосын осы Кабукише ұқсас тағы бір киоген деген театрға ғана барған едім, ендігіде тағы бір мүмкіндік болса, барып көру керек екен деп ойладым.
МЫҚТЫ ЕКЕН!!!!
БІР ЖАҒЫНАН БІР ТҮРЛІ ИЯ, ТУРА СОЛ КӨЗДЕРІ ҮШІН ҮЙЛЕНІП ЖАТҚАН СЕКІЛДІ :)))))))))))))
СОНДА ДА ҚЫЗЫҚ… БІЗДЕ ҚАЙТА ЖАСЫРАДЫ ҒОЙ ҮЙЛЕНЕТІН БОЛСА, БҰЛАР ЖАСЫРМАҚ ТҮГІЛ, ТЕЛЕАРНАДАН АЙТЫП!!! ТАҢ ҚАЛДЫМ ШЫН АЙТСАМ :)))
П.С. ӘДЕТТЕГІДЕЙ КЕРЕМЕТ ЭНТРИ!!!
хаха
рахмет Айжик сен болмасаң:))
хаха тікелей эфирдегі жаңалықтардан айтқаны енді шынымен қызық болды:))
бірақ атақты адам болғасын айту керек себебі бәрібір біліп қояды:)).
Ана кәріс сериалы бар ғой Ыстық ұя (FULL HOUSE) ол жерде де, жігіт атақты актер болғасын журналистерді жинап айтады ғой. Мында да сол жүйе негізі.
Себебі қанша жасырсаң да бәрібір біліп қояд, одан да өзің айтқаның:)).
Өте сирек енді үйленгесін бірақ айтатындар..
бірақ ана кәріс сериалынан бөлек жері, үйленетін партнер атақты адам болмаса онда конференцияға қатыспайды көбіне. Тек осылай осылай күйеугк шығатын болдым, немесе үйленетін болдым деп айтып жатады. Ол адам жасы мынадайда, мынадай жұмыс істейтін адам, осылайша танысқан едік деп..
Ал атақты адамдар кездесіп жүргенін біреу көріп қойса ооой папараци деген сұмдық Жапонияда:))). Қазір енді мобайлдың да фотиктері жақсы ғой сапасы, арнайы фотограф емес, жәй адамдар да көріп қалса, суретке түсіріп журналдарға жіберед:). Содан да өздері алдын-ала айтып қойғаны жақсы:)).