Осы сұрақты маған жиі қояды..
жауабын білетіндер де бар, айтсаң да келесі жолы айналып кеп қайта сұрайтындар да бар:)))
ондай жағдайда осы жазбаға бірден линк берем келесіде!!!
Жапонияға оқуға келдім. Қазір аты әлемге әйгілі Нагасаки қаласындамын. Осы қаладағы, мемлекет қарамағындағы Нагасаки университетінде оқып бастадым. Қазіргі статусым-зерттеуші, негізі біздің жүйеде оқитын, әлде оқыған адамдар үшін түсініксіздеу болар, бірақ ана біздегі дайындық курсы деп қабылдасаңыздар да болады. Осында экология саласында оқу үшін келдім, ағылшынша айтқанда Environmental management, қоршаған ортаны қорғау саласындағы үйлестірулер десем ба, жалпылай осылай түсіндіре алам оқып жатқан мамандығымды. Иншаллах келесі жылдың сәуір айында Master in Environmental Studies- магистратура бастамақпын, сондықтан қазір дайындық жасап жүрмін.
Дайындық болғандай қандай дайындық?- дерсіздер
Менікі жапон мемлекетінің гранты бойынша келгендіктен, міндетті түрде дайындық курсын өтуім керек, барлық шетелдік студенттер көбіне мастер не доктор оқу үшін 6 ай-1 жыл дайындық курсын оқиды, дайындық курсында интенсивті түрде жапон тілін оқып шығулары керек, бірақ мен ондай курстарға барып жүргем жоқ, себебі көбіне ол курстарға жапон тілін 0-ден бастаған студенттер барады, ал маған ол керек емес. Негізі адвансед жапоншаға барғым келген еді, бірақ неге екені, менің шақыру қағазымда жапон тілі дайындығы керек емес деп баттитып жазып қойылған екен:) хи-хи шамасы интервью кезінде жапоншасы дамып кеткен біреу сияқты көрінгем ғой (^_^) жоо, шынымен маған ондай курстар қызық емес, босқа уақыт өткізу болар ед, бірақ иероглиф курсына барғым ақ кеп еді, не істим енді жазбаған екен, ой жоқ маған керек деп мен де айтпадым, ол жетпеген жерді өзім толтырып алуым керек…
Ал мендегі дайындық ол басқа, мен бұл салаға жаңадан келіп жатқандықтан білгенімнен білмегенім көп екені белгілі. Мамандық өте қызық, бірақ дәл қай бағытта жылжитыным әлі белгісіз. Экология менеджменті ішінде айта берсең саласы көп, мысалға әртүрлі рисктерді бағалау, бақылау, басқару жағы бар, ресурстарды үнемдеу саласы, болмаса қалдықтарды қайта өңдеу-waste management, қоршаған ортаға тиетін әсердің көлемін бағалау-environmental impact assessment, глобалды экология- климаттың өзгеруі, мұздықтардың еруі тб, одан басқа аймақтық экология, сосын экологиялық экономика ол бар, еех айта берсе жетеді. Дәл осы 3-4 ай ішінде өзіме бағыт таңдауым керек.
Мысалға қазір сабаққа бірге барып жүрген бір қытайлық қыз Қытайдағы тұтынушылар мәселесін зерттесе, мастер 1 курстан жапондық біреу, аймақтарда қарт адамдарға өмір сүруіне қолайлы ортаны қалыптастыру туралы тақырып алған, оның зерттеуі социалогия тарапынан қарастыруда көбіне.. Аймақтарда болғанда конкретно Нагаскаидің бір аймағын алған.
сол сияқты мен де өзіме бір бағыт-бағдар таңдауым керек..
Сосын Иншаллах келесі жылдық 2 айында емтихан тапсырамын, ағылшынша тапсырамын деп отырмын, 5 тіл бар, содан өзіңе жеңіл деген бір тілді таңдаса болады. Бұл мамандық бойынша емтихан. Одан кейін жапон тілін тапсырамын. бұл шетелдіктерге қатысты. Бұрынғыдай емес, қазір емтихан күрделенді дейді білгіштер, ол жағын білмедім, әлі тапсырып көрмегендіктен, бірақ мысалы бір қытай қыз оқиды мастер 1 курста, жапоншасы қатты керемет емес, ол қызға қарайм да өзімді жұбатып қоям, не бопты оның қасында емтиханнан өтесің ғой деп:))))
соол көреміз енді не болса да..
Жалпы менің стипендиям 1 жарым жылға арналаған сол аралықта мастерге не докторға түсіп үлгеруім керек, алда-жалда (Құдай сақтасын) сәуір болмаса келесі қазанға болады дегендей мүмкіндіктер бар.. Бірақ осы екі апта аралығында өзімнің жоспарымды жапон оқу білім министрлігіне тапсыруым керек, себебі егер мастер не доктор оқитын жағдайда ол 1 жарым жылдық стипендияны созу керек қой, сондықтан олар қаржы жағын алдын ала жоспарлаулары үшін келесі айдың 4-не дейін кеңесші профессорыммен келісе отырып менің зерттеу жоспарым, мастер доктор курсқа түспек ойым бар екені туралы мәліметтер өткізуім керек екен..
Әзірше осы кейін тағы, әсіресе оқып жатқан жапон мемлекетінің грантына қатысты арнайы пост жазамын
жақсы кеттім сабаққа..
Осыған қарағанда жапондар щедрый ел сияқты )))
мәселе жомарттық емес, сыртқа саясаттың атқарылу векторында,
сосын мемлекет үшін ПиАр
Коничива деуші ме еді?
Енді біраз жақынырақ танып қалдым.
Оқуда сәттілік тілеймін.
рахмет Аңсар
иә күндізгі уақытта конничива дейді
Сәлем, тамаша жазыпсың!
Алла жар болсын, тезірек жоспарыңды тапсыр!
міне енді түсінікті болдеееее, маладес Қоршаған ортаны қорғайтын болсаң…
мен анадан бері ол жақта не істеп жүр, студент кездегі «мхт» тарын моймирден тауып алды ма? деп ойланып жүрсем 🙂
оо Бәке блогыма қош келдің
ара-тұра қонақ боп тұрарсың деп үміттенем, кішкентай қалай? өсіп жатыр ма?
…сізге бейәпитццсәлный әңгіме бар ед. Тойыс, ұсыныс! Қалай қарар екенсіз?! Тойыс, қабылдар екенсіз…
қандай ұсыныс?
оо Жанна сені кайда кетіп калды деп таба алмай журсем?!