Бисерден ромб жүзік   4 comments

Madlen-ге арнаған жүзік деп жыр қылдым ғой өзі, айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады дегендей Сонымен ол жүзіктің жасалу жолын көрсетейін. Мен жүзіктің идеясын, схемасын мына бір кітаптан алғанмын. Керемет күЧт кітап. Схемалар түсінікті, және жүзіктері де әдемі, сосын түрлі-түсті боп адам қызығарлық форматта.Инеттен былайға табуға болад екен, керек десеңдар іздеп көріңдер.
қажетті заттар:
1)30 шақты қырланған(граненый) бисерлер-4 мм (мен өзім 22 данасын ғана пайдаландым)
2)28 дана -4 мм «волчок» бисерлер
3)ұсақ бисерлер
4)сосын 1,2-1,4 м нейлон жіп
жүзіктің астыңғы қабатына түссіз қырланған бисерді қолдану керек, бірақ сіздерге түсініктірек болу үшін түссізден көрінбит дұрыс формасы ұқсас бірақ түсі бар бисерді алдым, суретке түсірдім этаптарын Суреттердің сапасы бары сол, ренжімеңдер қыздар
кітаптағы схема мынау Read the rest of this entry »

Тағы да мектепке бардық   2 comments

Негізі бүгін емес, өткен апта соңы болатын, ештен-кеш жақсы ғой
Біздің универдің шетелдік студенттер орталығынан анда-санда өтініштер болады, мектептерге барып балалармен ойнап қайтсаңдар деген
Ну ойнап қайту деген енді былай сөз ғой, балаларға шетелдіктермен қарым-қатынас орнатуды үйрету, бейбіт қатынас, бебітшіліктің мағынасын түсіндіру мақсатында жасалынатын әрекеттер. Соны балаларға жеңіл форматта жеткізу ғой
Бейбітшілік туралы ерекше ойланатын жер болғандықтан, бұл Нагасаки қаласының өзіндік мәдениеті сияқты.Себебі бұрынғы универімде ондай болған емес, мектепке барып, балаларға өз елің туралы айтып берЧ деп өтініш білдіргенін естімеппін.
БҰрындары блогымда тағы бір мектептерге барғаным туралы жазған едім ғой, екеуі де қала шетінде болған. Екінші ретте вааще күЧт болған, тіпті аналарына дейін тамашалап, ҚЗға қатысты үйренген мәліметтерін тізіп жазып, плакат жасап керемет болған. Сосын тағы бір қызығы көбіне оған парт тайм жұмыс сияқты ақша да төленеді көбіне Ну осы жолғысы енді толықтай волонтерлік негізде Read the rest of this entry »

Әттең Золушка емеспін немесе бисерден жүзік жасау   6 comments

Бисерден әшекейлер жасауға бұрыннан қызығам. Осы бір хобби туралы жазып кетейін дедім. Негізі екі жыл бұрын басталған қызығушылық. Сол кезде бірнеше кітап, сосын біраз бисерлер алған едім, бірақ одан бір моншақ қана жасалды да содан тұрған бооосқа үйде. Осы жазда Алматыға барғанда сол кітаптарды көтеріп келдім, турасын айтқанда Анар көтеріп келді (Асиана қол жүгің тым көп деп басты ауыртқасын)
Әрбір қолөнерге қажетті құралдары сияқты, бисерде де арнайы құралдары бар. Өткенде қаптатып бисерге тапсырыс бергем инеттен, бірақ сонда да әлі аз, жетпей тұр кей түрлері. Бисерді салатын ыдыс маңызды. Алып-салғанға ыңғайлы болуы керек. Қазір мындай ыдыстарға сап қойдым, керемет қолайлы, әр бисердің бөлек қақпағы бар. Арзанға табыла кетті бір жергілікті дүкеннен, әйтпесе өткенде инеттен қарағанда ужыс болған бағалары. Read the rest of this entry »

Жүрегімді таптама   4 comments

Осы жапондар қызық. Кейде ойламаған жерде, Read the rest of this entry »

Анармен саяхат   14 comments

Үйге келгесін, заттарымды біраз реттестірдім де, бірден универ жаққа барып, ол жақтағы шаруаларымды бітірдім, дүкенге бардым. Сонымен күн де өтті. Ертесінде тұра алмайм, қозғала алмайм, кәдімгідей жол соғып тастапты.. Түстен кейін Анар соқты соткама, “мен жеттім, қазір Фукуока аэропортындамын, сағат мыншадағы автобусқа отырамын”- деді. Мен болсам әлі шашыыылып жатырмын. Содан,қой, бұл болмас деп үй ішін жинастыра бастадым. Бір кезде осындағы тағы бір Жанна :) телефон соқты, содааан екі ай бойғы жиналған әңгіме, өсек :) Онымен сөйлесіп жүрмін, артық-ауыс нәрселерді жинастырып жүрмін, сүйтіп жүріп 2 сағат өтіп кеткенін байқамай қалыппын :) Ойбаай Анар келетін автобус уақыты деп үйден шықтым жүгіріп, содан аялдамасына жетсем, тәтем деген бір жапон әйелді ұстап алып, бірдеме сұрап, есін шығарып жатыр екен :) Бірақ ол кісінің автобусы келе қалды, артынша мен де жеттім :) Read the rest of this entry »

Фукушиманы қайтер екен енді?   5 comments

Қазір жаңалықтарда Фукушима апатынан зардап шеккендерге берілетін өтемақы көлемін анықтау мәселесін талқылау үстінде. Бүгін үкімет жиналысы болды осы Фукушимаға арналған, бірақ нақты шешімге келе алмады.

Өткен 1 ай бойы Фукушима АЭСның жан-жағындағы 20 км аралыққа адамдарды кіргізбейтін аймақ қылып тастаған болатын. Қазір әлі де сол жағдай жалғасуда, бірақ күніне бір сағатқа үйіне қайту мүмкіндігін берді, әр үйден бір адамға ғана. Үйді бәрін қойшы, ол жерде тірілей қалған жануарлар бар екен. Сиыры бар, доңызы бар, тауығы тб. Ол бейшаралардың не жазығы бар десиш :( Кейбір адамдар сиырларымен қоса көшкен. Ал кейбірлері менде 200 сиыр бар, одан тек елуін ғана алуға болады, ал қалғанын тірілей қалдырып кетемін ба деп қиналған жұрттар теледидарда. Жаңа туған бұзаулар, күтім көрмей қырылып жатыр, аянышты енді. Жануарларлар ол бір жағынан, сосын біреулердің қаншама жылғы қажырлы еңбегі ғой.

Бір айта кететіні Фукушимадағы радиация көлемі жақында тұратын үлкен адамдарға зияны жоқ дейді мамандар . Тіпті радиацияның ықпалы болған тағамдарды жегеннен де денсаулыққа әсері аса жоқ деп түсіндірді менің мындағы Жаннам. Оның енді мамандағы сол, радиацияның рактың пайда болуына әсері, әсіресе поджелудочная железадағы ісіктермен айналысады. Бұл жолғы радиация көлемі адамда рак пайда болатындай көлемде емес, тек әрине әр адамда әртүрлі әсері болуы мүмкін, сосын осы жолғы радиацияның әсері жасы 5-тен асқан балалардың өзіне әсері болу ықтималы төмен. Бірақ одан жасы төмен балалар мен аяғы ауыр әйелдер риск тобына жатады. Read the rest of this entry »

Қош келдім Жапонияға:)   16 comments

Бір ай уақыт өтсе де ештен кеш деп жазып жатырмын енді, ренжімессіздер.

Фукуокаға қонғасын, кеденнен тез-ақ өттім. Алдында толтырған декларациям маған түкке қажеті жоқ екен сүйтсем, неее ойлап ол декларацияны толтырып жүргенім :lol: Себебі қазір Жапонияда тіркеуде бар адам болғандықтан, шығар кезде тілдей қағазды жабыстырып берген паспортыма, соны қайта алып қалды, бітті сонымен.

Сумкамды да тексермеді. Паспортыма, визама қарап, студентсіз бе деді кеденші. Мен- Иә дедім, жүктеріме тіпті қараған да жоқ. Қарамағанына қатты қуандым да. Себебі сумкамда Нагасакиде мені күтіп жатқан Жаннаға апара жатқан қазы-қарта бар еді. Әй бір үш кило точно болды :) Ет өнімдерін, сүт өнімдерін Жапонияға әкелуге болмайды. Ал мен де ет те бар, сосын қалғаны құрт көп еді сумкамда :D Өзіме бола ет тасымас едім, Жаннаға бола болмаса, оның мамасы беріп жіберді. Read the rest of this entry »

Жалғасының жалғасы :)))   8 comments

Сеулге аман-есен қондық. Транзит кеденде осы жолы проблемсіз өттім. Әйтпесе менде ылғи бірдеме болады сол транзит кеденде қол жүкті тексергенде,  біресі сұйық зат бар деп ұстап, біресе күмәнді зат бар деп,  ал бірде сканерден 40 рет өткізгені бар еді. Содан ақыр аяғында сол күмәнді зат не екенін ешкім ұқпады, мен де :D Білмим әлгі сканерде не боп көрінетіні, содан  металіздегішпен тексерсе оған да реакция берді. Бір бомба жатқандай шиқылдап. Ақыр аяғында сувенирлік, боялған тастар бар еді, солардан болар деп шештік, бүкіл сумканы қопарып, дым таппағасын :) Сол жағдай жүрегімде жаман қалып қойыпты :x Read the rest of this entry »

Мики Андо чемпион!!!   4 comments

Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатында мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасынан бірінші орынды Андо Мики алып, әлем чемпионы атағын екінші рет жеңіп алды (алғашқысы 2007ж).

2010-2011  жылдық маусымның шымылдыған жабатын әлем чемпионаты бір ай бұрын өтуі керек еді. Жапониядағы апаттан соң әлем чемпионаты Мәскеуге ауысқаны естеріңізде болар.

Менің ең сүйікті фигуристім Андо Мики биыл жақсы өнер көрсетіп, біраз алтын жинап шықты.  Read the rest of this entry »

жалғасы…   18 comments

Аэропортқа бара жатырмыз. Бауырым бір кезде айтады “Бопты, қаз сен осыдан Сеулге ұшасың ғой, ал одан әрі қарай самолетте бір өзің ұшатын шығарсың :D   деп біраз жынды қылды.

Рейсқа регистрация жасап едім, багажым кетті, ал қол жүгім ұнамай оларға, ну енді ноутбук бар, тағы басқа заттар бар ^_^ , белгіленген нормадан көбі көп енді оны мойындайм, қол жүкке норма 5-8 кг болса, менің рюкзагым 15 кг болды осы жолы :D   бірақ сол рюкзагымды бұдан да ауыр ғып тиеп алып, ыспокойно жүз өтіп жүрген адам едім, осы жолы не болғанын тегі сонша тексеріп.. :x

Содан ақыры алдым да басымды қатырмаңдар деп, біраз заттарды Анарға қалдырып кеттім.  Анардың Фукуокадан Нагасакиге дейін келетін автобусқа билеті бар, сосын Фукуокаға жеткенде ақша ауыстырам деп аэропортта уақыт кетіріп, әуре боп жүрмесін деп, маған соғу үшін,  телефон автоматына арналған ұсақ ақшалар бар, сосын менің адресім мен телефоным жапонша, ағылшынша жазылған қағаз бар, сосын жаңағы заттар бар, племянницама “қазір Анардың рейсін күтіп алып бересіңдер” деп, әлгі заттарды тапсырдым, дәл осы жерде блогкэмп деген минирюкзактың пайдасы болды \(^ ^)/ И вааще регистрациядан өтіп алып, сыртта уақыт өткізген жақсы екен,  баурым бар, ағам бар біраз әңгімелесіп отырдық. Содан мен түнгі 10  жарымда кеденнен өтіп, ішке қарай кеттім. Анардың самолеті Атыраудан сол уақытта Алматы эропортына қонып жатты :) Read the rest of this entry »

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.