Archive for the ‘өнім’ Tag

түнгі универ және қоқыс туралы пост??:))   18 comments

Бүгін менде сабақ жоқ, содан түске дейін ұйқтадым, одан бөлмемді жинадым.Осы апта ерте кетем, кеш келем, бөлмеге мүлдем қарамағам. Жалғыз тұрған бір жақсы жері сол, қанша шашсаң да өзің білесің:)))) хаха.. Мусор деген ол жиналып алған, соны апарып төккенге таңертең әрбір минут санаулы, ал түнде ерінесің, сонымен пакет толған болатын. Рисайкл болатын (қайта өңдейтін) пластик бөтелкелерді ас үйдегі ортақ қоқысқа сала салдым себебі, рисайклдың арнайы жасыл белгілі пакетін алмаған едім, тек жанатын мусор менен жанбайтын мусорды ғана жинап жүрмін бөлмеде. Жанбайтын мусорға сол полиэтилен пакеттер сосын әртүрлі пластиктер жатады, осы жапондарда не көп қап көп, мысалға бір шоколад 3 қапқа оралады, бірі қағаз, бірі полиэтилен сосын пластик қап болады көбіне, содан мусор жиналмағанда қайтед.. Йоргурт, бетіндегі қақпағында пла- яғни пластик деген жазу тұрад яғни жанбайтын мусор, ал қабы қағаз деп тұрады, демек қабын жанатын мусорға тастау керек.

Жанатын мусор қызыл түсті жазуы бар пакетке, көк түсті жазуы бар пакетке жанбайтын қоқыстарды салу керек. Read the rest of this entry »