Archive for the ‘Ұлы Отан соғысы’ Tag

Қызыл әскер миллионеры деректі фильм   2 comments

Жаңа осы бір деректі фильмды қарап біттім. Қатты ұнады.

Оқиға желісі Ұлы Отан соғысы кезеңінде басталады, сол кезде жұмыс істеген бір қылмыстық топ туралы. Бірақ жай бір қылмыстық топ емес 🙂 Еріксіз жымиясың да қарап отырып, былай қарасаң әрине қылмыскер,(ата- әжелерімізбен қатар кезеңде болған жағдай ғой, қаншалықты қиналғанын біздің басымызға бермесін) бірақ та, бірақ та, сонда да таң қалмасқа болмайтын деңгейдегі афера..

Орта деңгейдегі адамның алдын орап ойлайтын адамдардан құралған топтың іске асырған махинациялары, желінген қаншама қаржы , бірақ сонымен қатар былай қарасаң социалистік мемлекеттегі «бреши» дей ма қалай, жетіспейтін жақтарын толтырған әрекеттері. Атқарған істерінен  қоғамға пайда да келген тіпті қылмыстық істері болса да, әлеуметтік инфраструктураларды ретке келтіруге қосқан үлестері.. Read the rest of this entry »