Archive for the ‘қытай’ Tag

Қытай туралы Жапонияда   5 comments

Әрине Қытайдың экономикалық дамуы туралы айтпасақ та бәріне белгілі. Әлемдегі екінші экономикаға айналған қытай енді бір 7-8 жылда біріншіге шығуды мақсат етуде.. Соңғы кезде жапон теледидарында осы экономика дамуынан қытайлық қоғамдағық өзгерістерге көп көңіл бөлуде. Ең басты себебі менше жапондық қоғамның, әсіресе бизнесмендердің назарын аударуға тырысуда..

Мысалға жылдан жылға Жапонияға саяхат етушіқ қытайлардың саны артуда, және тек қана артып қоймай, сапасы деген сөз дұрыс болмас, бірақ келетін қытайлықтар анау-мынау адамдар емес. Жалпы біздің қоғамда да солай ғой, Қытайдың имиджі арзан ел, арзан арзан және тағы да арзан:))), содан да болар Жапонияға келіп ақшаны шашқан қытайлықтарды көру жапондар үшін жаңалық болып жатыр.

Мысалға қазір Қытайдан Жапонияға келер турлар ішінде міндетті түрде шоппинг бар, оның ішінде жапондық техника сатып алады екен, ерекше сұранысқа ие күріш пысырғыш, бағасы да орташа 100$ емес, мысалға 300-400$ тұратын қымбат күріш пысырғышты алады екен қытайлар, өткенде бір журналисттің жүргізген интервьюсында бір автобус боп қытайлар келді, сондағылардың барлығы дерлік күріш пысырғыш ап жатты, кейбір әйелдер тіпті 3-4ден ап жатты, «оның бәрін қайтесіз?» деп журналист сұраса, «Бірі өзіме, бірі мамама, бірі сіңліме» деген сияқты,(ну былай қарасаң қытайлық стильде ғой бізде сияқты тек өзі емес туыстарды ойлап жүретін) сондағы ана әйел жаңағы дүкенде 1 жарым мың доллардай жұмсады. Бұл орташа есеппен.. Басқалары да солай шамамен, арасында кейбірлері енді вааще, Ролекс сағаттан 3 алған әйел болды, бизнес партнерлеріме сыйлық дейді. Немесе студент қызына Омеганың 10 мың доллардық сағатын алып беріп жатқан бір семья.. «Нуу қызым ұнатып тұрса неге алып бермеске» деген әкесі, немесе «ұнатқан затым болса аламын, ал ақшасы басты емес, сумма не иммет значения» деген жас әйелдер..

Бұл жерден қандай тенденция көруге болады? Read the rest of this entry »

конференция Кантон-Нагасаки мәдениеті   2 comments

Оой шаршаап отырмын, бүгін таң атқаннан жүгіріс болды, ана өткендегі постта жәй қозғап өткен конференция болды бүгін. Негізі жазар болса көөп нәрсе бірақ қысқаша айтқанда конференция Кантон және Нагасаки мәдениеті, қарым-қатынастар 17-19 ғғ. жайлы болды. Шанхай қаласының ролі, Қытайдағы апиын соғыстары, жапон туы туралы, сосын әрине жапон-голланд қатынастары туралы әңгіме қозғалды. Бұл конференция бастауын Токио университетінде бастап, біздің Нагасаки университетінде өз жұмысын аяқтады. Қытай, Жапония, Голландия, Тайланд, Англия елдерінің ғалымдары жиналды. Read the rest of this entry »