Archive for the ‘қытай тағамдары’ Tag

Сашими-шикі балық   10 comments

Осы жапондар тағамға көбіне дәмдеуіштер қоспайды, табиғи дәмін татуға тырысады. Мысалға оңтүстік Азия, Қытайда неше түрлі дәмдеуіштерді қосып ақырында не жеп не қойғаныңды  білмей қалуың әбден мүмкін, ол жағынан алғанда жапондық тағамдар бөлек. Соның бірі Сашими- шикі балық, тек соя соусымен ғана дәм кіргізеді.

Тағамдарды екі түрге бөлуге болады, ке-яғни күнделікті, сосын харе-яғни мейрам не ерекше күндері желінетін тағам түрлері. Харе тағамдарына суши мен сашимиді жатқызады. Ну түр түрі көп, мен аса айырмаймын шыны керек, аттарын да жаттай алмай қойдым, былай түріне қарап мен ұнататын балық деп білемін:))).

Мынаның ішіндегі салмоннан бастап бәрін жақсы көремін десе болады , әсіресе ана оң жақ жоғарыдағы нәрсе, түсі ақ, ракушка ішінен шыққан нәрсе хотатэ, қатты жақсы көремін. Денсауллыққа да жақсы, әртүрлі минералдары көп нәрсе.. Ал креветкалардан мына түрі аса ұнатайм.. Сосын ана оң жағындағы жасыл нәрсе-wasabi, жапондық хрен, вааще ұнатпайм десе болады. Сушиға тапсырыс бергенде васабисіз деп беремін ылғида..

Мынау ана алдындағы мұғалімімізбен барған рестораннан, сондағы кей тағамдардың суреті.. Read the rest of this entry »