Archive for the ‘Қытай-Жапония қарым-қатынастары’ Tag

Қытайдағы анти-жапондық демонстрациялар   6 comments

Қазір Жапония мен Қытай арасындағы қарым-қатынас ушығып тұр. Ертайдың постынан нендей жағдайда екенін оқысаңыздар болады. Ал мен жапондар бұл туралы не деп жатыр соны жазбақпын.

Әңгәменің басты тақырыбы Қытайдығы анти-жапондық демонстрациялар.Жапонияға қарсы демонстрациялар артуда. Ал себебіне келгенде ең басты мәселе Қытайдағы оқу бағдарламасының әсері бар менше. Себебі 90-жылдан кейінгі енгізілген оқулықтарда екінші дуние жүзілік соғыс кезіндегі жапондардың басқыншылығы туралы тек қана жазып қана қоймай, видеомен де сипаттап берген жерлері де бар. Тіпті басқыншы жапон солдаттарының күнделіктерінен де үзінді келтірілген. Вообщем жапондардан жауыз ешкім жоқ дегенге келтірген. Осындай жауыздардан құтқарған партия, партия қазіргі Қытайды құрады, қалыптастырды, егер қазіргі Партия болмағанда Қытай құритын еді деген астыртын пропагандасы бар. Осылайша патриотизмді қалыптастырмақ ниетпен жасалған.

Бірақ бұл оқулықтар себептен гөрі түрткі болды, ал ана кеменің ұсталуы сылтау болды.  Былтырғы Қытайдағы Шыңжаңдағы ұлт аралық қақтығыстар, сосын Тибет ол бар, соңғы кезде Қытайда көтерілістер көп. Бұл оқиғалар Қытай қоғамындағы дағдарысын көрсетеді. Сол сияқты осы жолғы демонстрацияға шыққандар көбісі жастар. Универ бітірсе де дені дұрыс жұмысы жоқ көбісінің. Мындағы қытай құрбым айтады, «соған қатысып жүргендер өңкей еріккен біреулер, жұмысы жоқ далада жүрген біреулер ғой. Үйтіп қырып жоямыз деген демоға қатысқанша, жұмыс істемей ма одан да бос уақыты болса» -дейді.

Иә, шынымен соңғы жылдардағы Қытайдың экономикасы тоқтаусыз өрлеуде. Read the rest of this entry »