Archive for the ‘қызық жарнама’ Tag

Maneki neko   Leave a comment

Мына бір жарнаманы жақсы көремін:).

Ана алдындағы постта жазып кеткен Миядзаки Аой түсетін жарнама. Сүйкімді жарнама, еріксіз күлімсірейтін жанр:).

Осы бір жарнаманың өзінен жапондық салт-дәстүрді, сенім-нанымды көруге болады:).

Сақтандыру компаниясының жарнамасындағы персонаждар Мияздаки Аой -дан басқа үйрек пен мысық:).

Aflac деген сақтандыру түрінің символы, brand mark- Maneki neko+duck, манеки мысықпен үйректің құрамасы:)

Мына суреттегісі брэндмарктың кристмас версиясы:)))

Сосын осы жарнамаға қатысты тағы бір қызық нәрсе осы жарнаманың мелодиясы Жапония бойынша рингтондарды даунлод жасау ранкингы бойынша 2009 жылы 9 орынды алып, тіпті Арашидің Believe-нен көп даунлод жасалған екен:)) Жарнаманың сөздері: мысықпенен үйрек бірігіп барлығына бақыт тілейді.. Read the rest of this entry »

Жапонша жаңа жылдық құттықтау   12 comments

Жапондарда жаңа жылмен құттықтау дәстүрі керемет дамыған.

Жаңа жылдық құттықтау қағазын жіберу дәстүрі бар, жұмыстастар, туыстар, достарға жіберіледі. Бір жапон досым  «Бұрын әкем жұмыс істеген кезде 150-200 дей құттықтау жіберетінбіз, алатынбыз, ал қазір зейнетке шыққасын, ондай көп емес» дейді.

Бұл дәстүр негізі JP пошта компаниясына керемет пайдалы енді:))). Бірақ соңғы жылдары бұл дәстүр азайып барады. Жастар арасында ондай құттықтау жіберетіндер аз. Поштамен жіберу байлаыстың аналог түрі ғой енді:))). Онымен қоса қолмен жазу керек, ол да бір машақат:)).

Содан мені осы жапон поштасының жарнамасы қызықтырды. Нууу жарнамадағы адам Огури Шюн болмағанда мүмкін мән бермес те едім деп қойайыншы:))) хаха. Мына жарнамада компаниядағы жаңадан кірген жасы кіші коллега адресін сұрайд? Шюн түсінбей, «оны нестейсің?» дегенде? «жаңа жылдық құттықтау жіберейін деп едім» дегенде сасып қалып, «ааа олай болса маған да бер адресіңді»- деп поштаға құттықтау қағазын сатып алуға барады.. Ну и құттықтау қағазын ең көп жіберген осы жыл- керемет болу керек деген лого сөзі ұнады. Все таки маған осылардың жарнамалары ұнайды сондай естественно, атақты актер емес кәдімгі бір офистегі қызметкер сияқты:). Read the rest of this entry »

алғашқы пауза:)   8 comments

хаха айдарды қалай атасам деп әрі бер ойландым, сон рекламная пауза деген Баянның идеясынан, пауза деп қойдым:))

Жапония бойынша мобайл байланыс қызметін ұсынатын 3-4 компания бар, соның ішіндегі AU компаниясының жарнамасының бірі. Бұрын осы компанияның қызметін пайдаланған едім, осы жолы басқа компанияны таңдадым.Бізде сияқты емес, мында бос телефон жоқ қой, әртүрлі мобайл жасайтын компаниялар байланыс қызметін ұсынатын компанияларға арнап телефон жасайды. вооот солааай..  AU компаниясы өзінің жаңа бір телефонын жарналамай бастады, суға төзімді телефон боп тұр ғой шамасы.. Read the rest of this entry »