Archive for the ‘қолөнер’ Tag

Бисерден ромб жүзік   4 comments

Madlen-ге арнаған жүзік деп жыр қылдым ғой өзі, айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады дегендей Сонымен ол жүзіктің жасалу жолын көрсетейін. Мен жүзіктің идеясын, схемасын мына бір кітаптан алғанмын. Керемет күЧт кітап. Схемалар түсінікті, және жүзіктері де әдемі, сосын түрлі-түсті боп адам қызығарлық форматта.Инеттен былайға табуға болад екен, керек десеңдар іздеп көріңдер.
қажетті заттар:
1)30 шақты қырланған(граненый) бисерлер-4 мм (мен өзім 22 данасын ғана пайдаландым)
2)28 дана -4 мм «волчок» бисерлер
3)ұсақ бисерлер
4)сосын 1,2-1,4 м нейлон жіп
жүзіктің астыңғы қабатына түссіз қырланған бисерді қолдану керек, бірақ сіздерге түсініктірек болу үшін түссізден көрінбит дұрыс формасы ұқсас бірақ түсі бар бисерді алдым, суретке түсірдім этаптарын Суреттердің сапасы бары сол, ренжімеңдер қыздар
кітаптағы схема мынау Read the rest of this entry »

Әттең Золушка емеспін немесе бисерден жүзік жасау   8 comments

Бисерден әшекейлер жасауға бұрыннан қызығам. Осы бір хобби туралы жазып кетейін дедім. Негізі екі жыл бұрын басталған қызығушылық. Сол кезде бірнеше кітап, сосын біраз бисерлер алған едім, бірақ одан бір моншақ қана жасалды да содан тұрған бооосқа үйде. Осы жазда Алматыға барғанда сол кітаптарды көтеріп келдім, турасын айтқанда Анар көтеріп келді (Асиана қол жүгің тым көп деп басты ауыртқасын)
Әрбір қолөнерге қажетті құралдары сияқты, бисерде де арнайы құралдары бар. Өткенде қаптатып бисерге тапсырыс бергем инеттен, бірақ сонда да әлі аз, жетпей тұр кей түрлері. Бисерді салатын ыдыс маңызды. Алып-салғанға ыңғайлы болуы керек. Қазір мындай ыдыстарға сап қойдым, керемет қолайлы, әр бисердің бөлек қақпағы бар. Арзанға табыла кетті бір жергілікті дүкеннен, әйтпесе өткенде инеттен қарағанда ужыс болған бағалары. Read the rest of this entry »

кейде пысықтығым ұстағанда..   12 comments

Ана Балдырғанға уже бір ай болды әні міні деп жүргеніме, қолдан сырға жасағам, соның суретін ілемін деп:)).

Фотигім жоқ дедім, айфонның фотигі онша емес деген себептер де айттым:))). тағып түсіретіндей адам керек дедім.Одан кейін соны түсіруге ерініп жүрмін дедім:)).

воощым мынау менің туындым деп қояйыншы өзімше (мен үшін кәдімгідей жетістік!!, сыншыларға алдын-ала:)) Read the rest of this entry »