Archive for the ‘қола медаль’ Tag

Олимпиада медалын қалай алады?   3 comments

Мұздан мәнерлеп сырғанаудан ерлерден Жапонияға алғаш медаль әкелген Такахаши Дайсуке хиро болды. Бүкіл газет беттері мен жаңалықтарда жүр.
Ерен еңбегінің жемісі-қола медалы құтты болсын дейм Такахаши Дайсукеге, жарап кетті.

Осы жолы олимпиадаға 1 жыл 4 ай қалған уақытта тренинг кезінде оң тізесін жаралап, операцияға бел буды, одан кейінгі 5 айлық реабилитация курсы да қиын болған екен. Өткенде бір документальды фильмын көріп ужыс дедім, аяғына массаж жасатқанда ауырғаннан орамалды тістеп шыдаған кездері сұмдық енді, мускулдан айрылған оң аяғына салмақ түсіретін жаттығулар күніне 9 сағат!!. Қатты ауырғаны до того спорттан кетсем ба деп, қиналған сәттерді талай болыпты. Тіпті таныстарға, ешкімге ештеме айтпастан бірнеше күнге із-түзсіз жоғалып, ақыры айдынға қайта оралған кезі де болған екен.
Спортқа оралуының өзі күмәнді болған Такахашидың осы Ванкуверге дейінгі жолы қиын болды. Read the rest of this entry »