Archive for the ‘Қазақстан’ Tag

Қазақстан туралы..   12 comments

Бүгін бір баяндама жасадым сабақта. Баяндама болғанда Қазақстан туралы жалпы түсіндірме деген сияқты нәрсе. Мұғаліміміз ҚЗ туралы білеріміз аз сондықтан мүмкін бізге жалпылай мәліметтер сияқты ғып жасарсың дегесін.

Басында ғой, басымды қатырып бір күн отырдым, содан уже кешкі 9 болғанда идея келді. Ана өткендегі жапонша сайттан алдым да мәліметтерді, тек жылдарын жаңалап, керек емес жерлерін ап тастап, қызық деген жерлерін енгізіп басқа жерлерден. Сосын мынау деген былай бірақ негізі былай деп. түсіндіріп өттім. Жапондарға қызық болғаны биліктің премьер министр емес президенттің қолында болуы.. сол сосын қазақтар туралы айтып. мен айтам еее біздің қазақтарда сағат 5 деп айтса  6 да келеді, не тіпті 7-де десем , ееееее?? деп таң қалып:))) Read the rest of this entry »

Қазақстан туралы жапонша   16 comments

Сабаққа бір материал керек болып, жапонша Қазақстан туралы материал іздеп отырып бір блогқа кезіктім, блогсыз адам дегеннің блогы екен, Астананың суретін іліпті, қар жауып тұр, кешедегі адамдар бәрі маған бұрылып қарайды, шетелдік болғаным үшін емес, көшедегі бір мен ғана бас киімсіз болғаным үшін деп жазыпты күліп:)

Қазақстан туралы көп нәрселер жазған екен,  салт-дәстүр, тағамдар тб, ішінен бауырсақтың суретін көріп бауырсақ жегім кеп кетті:))))

Read the rest of this entry »

уууууууффффф   7 comments

Сәлем қалайсыңдар?

оой мен бүгін бір стресстен құтылып отырмын. Мастер корсқа қатысты жоспарды өткіздім профессорыма, ол кісі оны оқып, соған қарай рецензия, рекомендация жазып әрі қарай жіберу керек. Ана алдында айтқанымдай стипендиямның мерзімін создыру үшін жасалып жатқан процесс.

Бүгінгі өткізген жоспарым бойынша Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғауға қатысты білім беру жүйесін дамыту, жалпы экологиялық түсінікті қалыптастыру саясаты бойынша зерттеу жасағым келеді деп жібердім. Ой білмим шыны керек қай бағытта жылжитыным пока что что соны жазып жібердім.. Бірақ мүмкін кейін экологиялық экономика саласына ауысуым да мүмкін.

Қазір егер осы экологиялық түсінікті қалыптастыру, білім беру жүйесіне қатысты жазатын болсам басқа профессорға ауысу керек болады. Ол кісі енді БҰҰ-ның қоршаған ортаға қатысты қоғамдық түсінік қалыптастыру туралы бағдарламасын қазір Нагасакидің бір кішірек қаласында енгізуге қатысты зерттеулер жасап жатыр екен, ондай болатын болса енді көбірек практикалық мысалдар жағына да көңіл бөлу керек болады..