Archive for the ‘Ямагучи Момое’ Tag

Ямагучи Момое-Космея 1977 жылғы ән   9 comments

Әннен бұрын осы Ямагучи Момоэ (1959ж) туралы айтып кеткен жөн болар. Бұл кісіні жапон эстрадасының тірі аңызы деп айтса артық болмас.

13 жасында қазіргі кездегі типа фабрика сияқты бір конкурстан тек екінші орында қалса да жақсы ұсыныстар түсіп, соларды қабылдап әншілік карьерасын бастайды. Неше түрлі скандальный деп айтса болатындай сөздері бар әндерімен көрерменге танылатын болды, кейін тек ән сахнасынан ғана емес кинодан да көрінді. Фильмдері де қатты әйгілі болды, әсіресе «Izu no Odoriko» (Идзу бишісі),  Кавабата Ясунаридің нобель сыйлығына ие болған әңгімесінің мотиві бойынша түсірілген фильмін айтуға болады, осы фильмде болашақ жұбайы Томокадзу Миурамен танысады. Ямагучи Момоэнің жалпы түскен 17 фильмының, екеуінің бірге түскен фильмдерінің саны 14 екен. Кейіндері әндерін өз таңдауына алып, бірталай хит әндерді сахнаға шығарды. Солардың бірі осы Космея қазіргі кезде дейін бірталай әншілердің cover жасайтын әндерінің ішінде, Ямагучи Момоенің әндерінен мен өзім жақсы көретін екі әнінің бірі осы Космея. Ямагучи Момоэнің бір қызығы атағы керемет жаңғырып тұрған шағында сахнадан кетті, 1980 жылы соңғы концертін беріп фанаттарымен, сахнамен қош айтысты. Әрине кино, сахна жұлдызының күйеуге шығамын деп бүкіл атағын тастап тыныш өмірге бел буғаны сенсация болды. Қазірде екі ұлдың анасы. ( Ата-анасының жолын қуған бір ұлы  да теледидардан көріне бастады)7

Небәрі 21 жасында сахнадан кеткен Ямагучи Момое сахнада бар жоғы 7 ақ жыл ән айтқан екен, бірақ сонда да әлі де талай адамдардың кумирі болып келеді, тіпті сахнаға оралуын қалайтын артисттердің ішінде біріші орынды алған екен биыл..

Read the rest of this entry »