Archive for the ‘экологиялық скидка’ Tag

Субарудың көңілді жарнамасы   18 comments

Соңғы кездегі жарнамалардан осы бір жарнама ұнайды. Жапонияның жазғы мейрамдарының атмосферасы көрсетілген. Жазда жер-жерде Жапония бойынша жаздық фестиваль ұйымдастырылады. Кешкісін салют болады. Палаточный қалашық құрылып, жапондық дәмдерді жеуге болады, өте көңілді қысқасы. Оған қоса мына жарнамадағыдай юката (жеңіл халат) киген қыздарды көп кездестіруге болады. 15 секундтық жарнамаға жазғы жапондық дәстүрді сыйғызғандары, мейкерлері мықты екен:)).

Биыл Нагасакиде мен 31 шілде бардым салют көруге. Бірақ өзіме естен кетпейтіні баяғыда Фукуокада бір жапон апайдыкіне хомстейге барып, юката киіп ханаби (салют) қарауға барғанымыз:). Айтпақшы мына жарнамадағы актриса Кичисэ Мичико да Фукуокадан екен:).

Жарнамада Субарудың жаңа модельдеріне экологиялық скидка жасалатыны айтылған. Экономикада қозғалыс болуы үшін, сосын Жапонияның СО2 ды 25%-ке азайту деген мақсатына қарай экологияға зияны аз заттар алыну үшін мемлекет жаңа модельды TV,кондиционер, тоңазытқыш алғанда да,  жаңа модельды машинаға берілген сияқты, тағы бірқатар заттардың құнының біраз сомасын мемлекет тарапынан жабады.

Advertisements