Archive for the ‘экологиялық білім беру саясаты’ Tag

уууууууффффф   7 comments

Сәлем қалайсыңдар?

оой мен бүгін бір стресстен құтылып отырмын. Мастер корсқа қатысты жоспарды өткіздім профессорыма, ол кісі оны оқып, соған қарай рецензия, рекомендация жазып әрі қарай жіберу керек. Ана алдында айтқанымдай стипендиямның мерзімін создыру үшін жасалып жатқан процесс.

Бүгінгі өткізген жоспарым бойынша Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғауға қатысты білім беру жүйесін дамыту, жалпы экологиялық түсінікті қалыптастыру саясаты бойынша зерттеу жасағым келеді деп жібердім. Ой білмим шыны керек қай бағытта жылжитыным пока что что соны жазып жібердім.. Бірақ мүмкін кейін экологиялық экономика саласына ауысуым да мүмкін.

Қазір егер осы экологиялық түсінікті қалыптастыру, білім беру жүйесіне қатысты жазатын болсам басқа профессорға ауысу керек болады. Ол кісі енді БҰҰ-ның қоршаған ортаға қатысты қоғамдық түсінік қалыптастыру туралы бағдарламасын қазір Нагасакидің бір кішірек қаласында енгізуге қатысты зерттеулер жасап жатыр екен, ондай болатын болса енді көбірек практикалық мысалдар жағына да көңіл бөлу керек болады..