Archive for the ‘ыстық бұлақ’ Tag

Мен баратын ыстық бұлақ-монша   12 comments

Былтыр онсен ыстық бұлақ туралы пост жазған едім, сол тақырыпты жалғастырайын. Негізі мен осы жолы квартира таңдағанда да ыстық бұлаққа жақын жерден алған едім пәтерді, түнгі 12-ден кейін асықпай барамын деп ойлағанмын. Сүйтсем ол қуанышым ұзаққа бармады. Сұмырай келсе су құриды дегендей, мен көшіп келгесін көп ұзамай ол онсен жабылып қалды, кейін орны бұзылып, ал қазір тіпті жаңа үй салына бастады:(.

Содан қазір басқа жерге баратын болдық:) Тау басында Фукуною деп аталады. Алдыңғыға қарағанда үлкен және ішіндегі навороттары да жақсырақ, бірақ анау дәл үйдің түбінде керемет еді. Фукуноюға орталық вокзалдан жарты сағат сайын ақысыз шатл бас яғни автобус қатынайды  түнгі онға дейін, ал менің үйімнің қасынан 2 сағатта бір жүреді. Былайша қолайлы.

Сонымен қазір барып жүрген жеріміздің суреттерін ілейін, өздерінің сайттарынан алдым суреттерді. Біздегідей еркектер және әйелдер залына бөлінеді. Сосын отбасыларына арналған залдары бар,олар біздегі мини сауналар сияқты. Ал мынау ең үлкен залы. Жуынатын душтар мен әртүрлі сулар орналасқан. Мына ең бер жағындағы бассейн суы керемет. Суы тұзды және газдалған су. Суға кіргенде теріңнің бетіне көпіршіктер жабысады:). Неше түрлі ауруларға себі бар деп жазылған. Стресске жақсы әйтеуір:).Германияның бір атақты курортындағы судай дейді қабырғадағы жазуда:). Бассейн дегеніме терең деп ойлап қалмаңдар, ешқайсы терең емес, себебі жүзуге арналған сулар емес қой, отырғанда мойынға дейін ғана. Залдың арғы жақ бетінде душевой кабиналар. Read the rest of this entry »

Advertisements

Нагасаки-Ундзен   Leave a comment

Нагасакиден бір сағаттық жерде орналасқан Ундзен деген қалашық. Кюшю аралы бойынша онсен (ыстық бұлақ) орталығы болып есептеледі. Бұрындары туристтер өте көп келетін қала болған. Бірақ 1995 жылы вулкан атқылауынан кейін, жер көшкіні де болып, адамдар үйлерін тастап көшуге мәжбүр болды. Сосын жер сілкінісі кезінде 50-ге жуық адам қайтыс болғаны ол бар, туристтік салаға жаман әсері ғана болды. Қазір енді жаңа сервистері пайда болып, туризмы бұрынғы қалпына келуге тырысуда. Бірақ бір жоғалтқан қонақтар қайта келе қоюы қиын. Қазір енді онсеннен басқа Geopark сияқты туристтер баратындай жерлері бар.

экомузей деп қарастыратын аймақ қазіргі Нагасаки префектурасында

Қазір менің факультетімнің мүғалімдері бірнеше жобалары бар осы Ундзенде. Соның бірі жер энергиясын, яғни ыстық бұлақты энергия алуға пайлану туралы проект басталды. Себебі Жапония бүкіл әлемде ыстық бұлағы жағынан әлемде 3 орында болса да, жер энергиясын пайдалану өте аз. Сондықтан қазіргі жаңа үкіметтің CO2- ын 25% ке азайту керек саясаты бойынша  альтернативті энергия көздерін пайдалануды арттыру жағынан біздің универдің проектісі басталды.

мына сурет сол Ундзен орталығында «Тозақ аралау» деген жері.

Жерден трубалар арқылы булар шығып жатады:). Read the rest of this entry »