Archive for the ‘шұбат’ Tag

Балалармен кездесу   9 comments

Кешенің алдында осы Нагасакидің бір қалашығына бардық он шақты шетелдік студент.

Ой мен жеткенше бір жыр болды. Автобус аялдамаға шамамен сағат 8.26-да келу керек. Сүйтсем Вьетнамка бір қыз бірге баратын еді одан, мен уже автобустамын деп мэйл келді. Бірден жауап бердім. Менің аялдамама жақындағаныңда звонда деп. Уақытын білсең несіне сонша дерсіздер?? Көбіне енді жапон автобустары жазылған уақытымен жүред, енді тіпті енді сәпсім өліп кешікті дегенде 10 мин. Ооой әйтеуір басқа автобусқа міне жаздап, әйтеуір дұрыс міндім.

Пыросто осы Нагасакидің автобустар жүйесін түсінбей ақ қойдым шыны керек. Мысалға № 1 автобустан әртүрлі маршрутпен жүретін бірнешеуі бар:)))))). Орталыққа баратын кезде трамваймен ғана жүретін маған осы автобустардың жүйесі енді хммм

Шығатын пункты мен баратын пункты бір болғасын номеры бірдей. Содан маршруттың ортасы не аяғында бұрылып аралайтын микроаудандары бар әрқайсының. Пәленбайыншы номерлі автобус, бәленбайыншы аудан арқылы өтеді деп жазылып тұрады. Бірақ мен сияқты адамға мүлдем түсініксіз. Иероглиф танымайтын адам болса вааще түсініксіз менше. Бөлек номер жасаса болмай ма дегенге , ол тағы болмайды. Номері бір болғасын шамамен қай жаққа баратынын қалай жүретінін білуге болады. Сосын кейбір аудандарға сағатына бір ғана автобус жүреді. Сол күніне жүретін 10 ретке ған бөлек номер жасау тиімсіз.

Нагаё деген қалада «International kids day» болды. 10 елден келген студенттер өз елдерімізді кішкене балаларға таныстырдық. 3-6 клас, барлығы 94 бала болды.

содан балаларды 6 топқа бөлді. Вьетнамка АнТу екеуміз бір топқа басшы болдық. Read the rest of this entry »

Advertisements