Archive for the ‘шоколад’ Tag

ням-ням:))   4 comments

осы бір печеньені жақсы көремін:)))

шоколад қосылған, екі түрі бар бірі милки, кәдімгі сүтті шоколадпен, бірі рич милки одан сайын құрамында сүті көп. Маған рич милкисі ұнайды хотя екеусі де жақсы..

Егер байқаған болсаңыздар осы жапондарда мания бар нәрсені жүз қапқа орайды:))) барлық зат сол.. ана алдындағы КитКатта сол қорап, одан соң тағы оралған:))) Ну КитКат простительно ол арнайы сувеннир ретінде жасалған түрі..

Read the rest of this entry »

шоколад демекші   4 comments

алдыңғы бір постта Жапонияда ғашықтар күніндегі шоколад сылау туралы айтып едім ғой, содан есіме түсіп кетті:))) Бізде де сатылатын КитКат шоколады бәріңізге белгілі, ол шоколад Жапонияда да бар. Біздегі кәдімгі қызыл орауға салынған сүтті, ішінде вафлимен шоколад қой. Бұрын мән бермеген екен, жоқ әлде бұрын Жапонияда да болмады ма екен??. Воощым мында КитКаттың дамыған түрлері бар. Әлде КитКаттың франшизасын кейіндері сатып алған ба екен??? Read the rest of this entry »

түнгі универ және қоқыс туралы пост??:))   18 comments

Бүгін менде сабақ жоқ, содан түске дейін ұйқтадым, одан бөлмемді жинадым.Осы апта ерте кетем, кеш келем, бөлмеге мүлдем қарамағам. Жалғыз тұрған бір жақсы жері сол, қанша шашсаң да өзің білесің:)))) хаха.. Мусор деген ол жиналып алған, соны апарып төккенге таңертең әрбір минут санаулы, ал түнде ерінесің, сонымен пакет толған болатын. Рисайкл болатын (қайта өңдейтін) пластик бөтелкелерді ас үйдегі ортақ қоқысқа сала салдым себебі, рисайклдың арнайы жасыл белгілі пакетін алмаған едім, тек жанатын мусор менен жанбайтын мусорды ғана жинап жүрмін бөлмеде. Жанбайтын мусорға сол полиэтилен пакеттер сосын әртүрлі пластиктер жатады, осы жапондарда не көп қап көп, мысалға бір шоколад 3 қапқа оралады, бірі қағаз, бірі полиэтилен сосын пластик қап болады көбіне, содан мусор жиналмағанда қайтед.. Йоргурт, бетіндегі қақпағында пла- яғни пластик деген жазу тұрад яғни жанбайтын мусор, ал қабы қағаз деп тұрады, демек қабын жанатын мусорға тастау керек.

Жанатын мусор қызыл түсті жазуы бар пакетке, көк түсті жазуы бар пакетке жанбайтын қоқыстарды салу керек. Read the rest of this entry »