Archive for the ‘шаңғы’ Tag

Олимпиададан   3 comments

Мұздан мәнерлеп сырғанауды бүгін қараймын деп ұмытып кетіппін.Содан жаңалықтардан қарадым Плющенко әрине супер мупер сырғанап шыққан екен. Өзіндік атмосферасы бар спортшы ғой.

Жапондар өліп жанкүйер боп жатқан Такахаши Дайсуке 3 орында, по идее алғашқы үшеудің арасындағы айырмашылық аз ғана, сондықтан жапондардан бірі қандай да болсын бір медаль алса супер болар еді, себебі ерлерден бұрын соңды ешкім медаль алып көрмеген екен. Мен өзім алғашқы күнде 4 орында тұрған Ода Нобунаридың жанкүйерімін, толық программадағы биі күЧт. Чарли Чаплин сияқты комикалық биі қатты ұнайды. Ертең осы Ода Нобунаридің жанкүйер боламын:)

сосын Қазақстандық балалар да бар екен, әлі жастары кішкене Денис Тен және Абзал Рақымғалиевке бұл олимпиада тәжірбие болатын болды.

қысқа бағдарламадан кейін ертесінде емес арасына бір күн салып болуы фигуристтердің нервысын сынайтындай болды.  Арасы тым ұзақ созылып кетуі адам не болса соны ойлап, ой жеп тастауы мүмкін менше.. Тым волноватся еткенненбілетін, жасай алатын нәрсесін жасай алмай қалуы мүмкін , не болса да жақсы перфоманс көрсетсе екен Ода Нобунари. Айтпақы бұл фигурист орта ғасырлық Жапонияның тарихында өшпес із қалдырған адам-Ода Нобунаганың ұрпағы екен. Бүгін ғана білдім өзім:))

Осы жапондарда маған ұнайтыны спортшылардың өмірін көрсетеді. Мысалға қандай мектепте оқыды, алғаш мұз айдынына шыққан кездегі видеосы дегендей. Мысалға осы Ода Нобунари мен Такахаши Дайсукенің мектеп кездерін көрсетті. Кіп кішкене бала кезіндегі сырғанаулары. Бір жарнамадағыдай «бір кезде менің арманым деп ойлағаным көп адамның арманына айналды» дегендей. Кішкене балалардың спортқа тартылу үшін, спортшылардың өмірінен эпизодтар көрсетілуі маңызды деп ойлаймын. Read the rest of this entry »

Жаңа жылдық өрнектер   7 comments

Жапонияда Кристмастан бір ай бұрын басталады кристмас көңіл күй, жер жерде әртүрлі лампалар жағылып, айтпақшы биылғы лампалар өте-мөте эколампалар, тоқты аз жейді. Мына суреттер Фукуокадан бәрі.( Нагасиде мүлдем сурет түсірмеппін??!) Фукуоканың Мариноа сити мен Канал ситиде түсірген суреттер. Мариноа ситидегі аяз ата менен ертегідегідей типа тәттілерден жасалған үйшік және арбаның образы қатты ұнады. Сосын Канал Ситидегі кішкене қалашық пен санта клаустың арбасы. Күн жылы болды сол күні, ана сантаның арбасы жылжып тұрады, соған қарап отырып біраз дем алдық, одан кейін магазин аралап кеткенбіз, қолымда алдында бір затпен пакет болған үлкен, соны қалдырып кетіппін, сосын біраз уақыттан соң Мақпал и? қолымда пакет бар еді ғой ол қайда?- деп, жүрген жолымызбен кері қайтып, ее сол Санта Клаустың жанында қалған шығар деп барсақ, сол отырған орындықтың қасында қалған екен:). Гиф анимация жасадым, әйтпесе суреттер тым көп екен.

Read the rest of this entry »