Archive for the ‘шампунь жарнамасы’ Tag

Flowers/Tsubaki жарнамасы   4 comments

Соңғы кездегі жарнамалардан осы жарнаманы қатты жақсы көремін. Цубаки-камелия шампунының жарнамасы. Жақында кинотеатрларда көрсете бастаған Flowers филмімен біріккен. Осы фильмдегі актрисалар почти барлығы өте атақты актрисалар. Мацуджюн түсетін Гокусэн дормасындағы Накама Юкие де түседі. Менің ең жақсы көретін актрисам да түседі, мына жарнаманың аяғында қызыл пальтомен есіктен аттағаны:)). Барлығы алты актриса болса, осы жарнаманың да 6 түрі бар.

Ал  фильм қызық болу керек. Flowers-гүлдер деп, әр замандағы жапон әйелдерінің тағдырын көрсететін фильм болу керек. Қарамағасын айта алмайм. Бірақ та ішіндегі біреуі қалыңдықтың кимоносын киіп жүгіріп жүрені, адамды люботный боп қалдырад екен:)).  20 ғасыр басындағы runaway bride сияқты:).

И сосын тағы бір нәрсе жарнамадағы әнді айтатын топ Dreams Come True тобы да жақсы көремін.