Archive for the ‘Цезий’ Tag

Фукушиманы қайтер екен енді?   5 comments

Қазір жаңалықтарда Фукушима апатынан зардап шеккендерге берілетін өтемақы көлемін анықтау мәселесін талқылау үстінде. Бүгін үкімет жиналысы болды осы Фукушимаға арналған, бірақ нақты шешімге келе алмады.

Өткен 1 ай бойы Фукушима АЭСның жан-жағындағы 20 км аралыққа адамдарды кіргізбейтін аймақ қылып тастаған болатын. Қазір әлі де сол жағдай жалғасуда, бірақ күніне бір сағатқа үйіне қайту мүмкіндігін берді, әр үйден бір адамға ғана. Үйді бәрін қойшы, ол жерде тірілей қалған жануарлар бар екен. Сиыры бар, доңызы бар, тауығы тб. Ол бейшаралардың не жазығы бар десиш 😦 Кейбір адамдар сиырларымен қоса көшкен. Ал кейбірлері менде 200 сиыр бар, одан тек елуін ғана алуға болады, ал қалғанын тірілей қалдырып кетемін ба деп қиналған жұрттар теледидарда. Жаңа туған бұзаулар, күтім көрмей қырылып жатыр, аянышты енді. Жануарларлар ол бір жағынан, сосын біреулердің қаншама жылғы қажырлы еңбегі ғой.

Бір айта кететіні Фукушимадағы радиация көлемі жақында тұратын үлкен адамдарға зияны жоқ дейді мамандар . Тіпті радиацияның ықпалы болған тағамдарды жегеннен де денсаулыққа әсері аса жоқ деп түсіндірді менің мындағы Жаннам. Оның енді мамандағы сол, радиацияның рактың пайда болуына әсері, әсіресе поджелудочная железадағы ісіктермен айналысады. Бұл жолғы радиация көлемі адамда рак пайда болатындай көлемде емес, тек әрине әр адамда әртүрлі әсері болуы мүмкін, сосын осы жолғы радиацияның әсері жасы 5-тен асқан балалардың өзіне әсері болу ықтималы төмен. Бірақ одан жасы төмен балалар мен аяғы ауыр әйелдер риск тобына жатады. Read the rest of this entry »