Archive for the ‘халықаралық экологиялық заңдар’ Tag

Экологиялық заң сабағы   1 comment

Бүгін менде бір баяндама болды, экологиялық заң бойынша, кеше сол күні бойы түк идея келмеген, қалай бастасам деп ойлап-ойлап, содан түнде отырып жаздым, оның өзі сағат түнгі 11-де бастаған шығармын:). Содан түнгі 3-ке қарай біттім де, ал енді принтерден шығара қойайын десем шықпайды ғой, мынаған не болд деп, принтерді өшіріп, жағып, туу деп жүрмін әрі-бері, содан бір кезде қайта догадалась, принтермен компты қосатын шнур жерде жатыр екен, елдер оны лаптопқа қосқан ғой алдында:))). Содан 4-ке қарай жеттім үйге.. Әйтеуір жазғаныма орай өте жақсы бір баяндама боп шықты, өзім риза болдым хаха. Бүгін мен 2-3 минут кешігіп кірсем, мұғалімім Жанна сен кредит жинамайды екенсің ғой, саған баға қоймайд екем ғой дейд, кешірші мен білмеппін, сәні әуре ғып, баяндама жаса деп жүрсем дееп..мұғалімім.. Ой осы кісіге риза болам, сондай кішіпейіл адам. Өзі 20 жылдай қоршаған ортаны қорғау министрлігінде қызмет еткен кісі, сабағы өте қызық, нағыз ортасында жұмыс істегені үшін менше, әсіресе әртүрлі қоршаған ортаға тиген әсерден ауырған адамдардың қозғаған соттарына қатысты айтары көп, бірнеше сотта мемлекет те кінәлі боп табылған кездері, зардап шеккендермен кездесіп, үкімет атынан кешірім сұрау деген сияқты, неше түрлі нәрселерді көріп, неше түрлі шараларға үкімет атынан, қоршаған ортаны қорғау министрлігі атынан барған кісі.. (біздікілер болса кешірім сұрамай қалсын:))). Бір сот 50 жыл бойы жалғасып келеді, кажись әлі бітпеді ғой дейм.  Read the rest of this entry »